Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    8,4%
    Қазақстан Республикасындағы инфляция 2024 жылғы маусымда баяулады, бір жылда 8,4% құрады (2024 жылғы мамырда – 8,5%). Бір айда инфляция 0,4% құрады (өткен аймен бірдей).
    13,8%
    Баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,8% (2024 жылғы мамырда – 13,9%), азық-түлік емес тауарларға – 7,4% (2024 жылғы мамырда – 7,6%), азық-түлік тауарларға – 5,4% өсті (2024 жылғы мамырда – 5,5%).
    Инфляция динамикасы

    Өткен жылғы маусыммен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 43,5%, суық суға – 36,7%, орталықтан жылытуға – 33%, электр энергиясына – 31,7%, қоқыс шығаруға – 30,7%, ыстық суға 30,4% өсті.

    Тұрғын үйді жалға алу құны 11,1% өсті. Баға шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,6%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 13,3%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 12,7%, ұялы байланыс қызметтеріне – 12,4%, салт-жора қызметтеріне – 12%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 11,5%, үй жөндеу қызметтеріне – 9,7%, санаторийлер, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 9,4%-дан жоғарылады. Таксимен жол жүру – 12%, қалалық автобуспен – 10,1%, жолаушылар теміржол көлігімен – 8,3%, қалааралық автобуспен 2,9% қымбаттады.

    Баға деңгейі отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 21,7%, фармацевтикалық өнімдерге – 11,2%, киім және аяқ киімге – 11,1%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 10,1%, жеке қолданылатын тауарларға – 8,4%, құрылыс материалдарына 6,2% өсті. Тас көмір - 10%, сұйытылған газ баллондағы 9,7% қымбаттады.

    Бағаның өсуі минералды және ауыз суға – 16,3%, жаңа жиналған жемістерге – 15,7%, күрішке – 12,5%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерге – 12,3%, жұмыртқаға – 12,1%, салқындатылған сусындарға – 11,9%, жеміс және көкөніс шырындарға, жаңа ауланған балыққа – 11%-дан, кондитерлік өнімдерге – 10,7%, сары майға – 10,4%, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай нанға 9,1% тіркелді. Бағаның төмендеуі пиязға – 40,4%, қарақұмық жармасына – 23,1%, күнбағыс майына – 22,3%, ақ қауданды қырыққабатқа – 22,1%, құмшекерге 5,6% байқалды.

    Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы маусымда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын тоғыз өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (10,8%), Маңғыстау (10,3%) облыстарында, Астана қаласында (10,1%).

    Өңірлердегі маусым айындағы жылдық инфляция
    пайызбен, өсім
      2024 2023 2022
    Қазақстан Республикасы 8,4 14,6 14,5
    Абай 7,9 14,7 14,3
    Ақмола 9,2 15,8 15,3
    Ақтөбе 8,2 14,4 14,5
    Алматы 5,5 13,0 14,3
    Атырау 8,6 13,7 14,1
    Батыс Қазақстан 8,2 14,6 14,4
    Жамбыл 7,2 14,5 13,7
    Жетісу 8,6 14,7 15,0
    Қарағанды 10,8 14,0 15,5
    Қостанай 8,1 14,7 14,2
    Қызылорда 7,0 14,5 14,1
    Маңғыстау 10,3 15,6 17,0
    Павлодар 9,1 15,0 13,8
    Солтүстік Қазақстан 8,9 15,9 14,2
    Түркістан 6,7 14,4 15,7
    Ұлытау 6,9 15,9 15,3
    Шығыс Қазақстан 8,9 15,3 14,3
    Астана қаласы 10,1 15,8 14,6
    Алматы қаласы 8,4 14,4 14,2
    Шымкент қаласы 7,8 14,1 13,9
    Инфляцияның жылдық деңгейіне салым

    Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті тұрғын үй қызметтері (2,3 пайыздық тармақ), азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,1 пайыздық тармақ) қосты.

    Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 6,5%, ет және ет өнімдеріне 4,3% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,4 және 0,5 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға жұмыртқалар – 12,1%, алкоголсіз сусындар – 7,7%, сүт өнімдері 6,1% қымбаттауы және 0,2 пайыздық тармақтан, жемістер мен көкөністер (4,7%) – 0,3 пайыздық тармақ үлес қосты.

    ТКШ қызметтері бір жылда 17,6% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 2,3 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы маусымда өткен жылғы маусыммен салыстырғанда орталықтан жылыту – 33%, тұрғын үйді жалға алу 11,1% жоғары болды және тиісінше, жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақтан үлес қосты. Электрэнергия 31,7% қымбаттады, 0,7 пайыздық тармақты, суық су (36,8%), тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (7,4%) – 0,2 пайыздық тармақтан, тиісінше үлес құрады.

    2024 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасында жылдық инфляцияға жекелеген құрамдас бөліктерінің үлесі
    пайызбен, өсім
    Тауарлар мен қызметтер Өсу қарқыны Баға өсіміне салым
    Азық-түлік тауарлар 5,4 2,230
    Нан өнімдері мен жармалар 6,5 0,431
    Ет және ет өнімдері 4,3 0,527
    Сүт өнімдері 6,1 0,237
    Жұмыртқа 12,1 0,154
    Май және тоң май -4,4 -0,123
    Жемістер мен көкөністер 4,7 0,349
    Қант -5,3 -0,062
    Алкогольсіз сусындар 7,7 0,158
    Азық-түлік емес тауарлар 7,4 2,285
    Киім 10,5 0,682
    Аяқ киім 12,2 0,381
    Жуғыш заттар -2,0 -0,031
    Бензин 2,0 0,059
    Жеке қолдану тауарлар 8,4 0,253
    Ақылы қызметтер 13,8 3,844
    Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері 17,6 2,307
    тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 8,9 0,065
    тұрғын үйді жалға алу 11,1 0,324
    тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету 7,4 0,187
    суық су 36,8 0,188
    ыстық су 30,4 0,118
    қоқыс шығару 30,7 0,089
    суды бұру 43,5 0,099
    электрэнергия 31,7 0,656
    газ 9,2 0,101
    тарату желілері арқылы
    тасымалданатын газ
    9,1 0,083
    сұйытылған 9,7 0,018
    орталықтан жылыту 33,0 0,324
    қатты отын 10,0 0,143
    домофон 8,6 0,013
    Бір айда азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер бағасының деңгейі – 0,6%-дан өсті, азық-түлік тауарлар – өзгерген жоқ.
    Бір айдағы инфляция
    пайызбен, өсім
      Маусым
    тауарлар мен қызметтер азық-түлік тауарлар азық-түлік емес тауарлар ақылы қызметтер
    2020 0,4 0,5 0,5 0,2
    2021 1,1 1,7 0,8 0,7
    2022 1,6 1,9 1,9 0,8
    2023 0,5 0,2 0,7 0,6
    2024 0,4 0,0 0,6 0,6
    Глоссарий

    Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.

    Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

    • осы мақсаттар үшін арнайы іріктелген сауда нүктелерінде және қызмет көрсету орындарында оларды тікелей тіркеу арқылы жиналған бағалардың өзгеруі туралы деректер;
    • халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымы бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

    Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.

    Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.

    Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Баға статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Қ. Жақыпбекұлы
    Тел. +7 7172 749057
    Орындаушы:
    А.Макижанова
    Тел. +7 7172 749265
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші