Өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 43,6%, суық суға – 36,9%, орталықтан жылытуға – 33,5%, ыстық суға – 31%, қоқыс шығаруға – 30,7%, электр энергиясына 29% өсті.
Баға демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 14,3%, санаторийлер қызметтеріне – 13,6%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 13,2%, ұялы байланыс қызметтеріне – 12,4%, салт-жора қызметтеріне – 11,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 11,7%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 9,3% жоғарылады. Таксимен жол жүру – 12,1%, қалалық автобуспен – 9,3%, жолаушылар теміржол көлігімен – 7,9%, қалааралық автобуспен – 6,6% қымбаттады.
Баға деңгейі фармацевтикалық өнімдерге – 11,5%, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 11,4%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, киім және аяқ киімге – 11,2%-дан, жеке қолданылатын тауарларға – 9,6%, ыдысқа – 6,6%, құрылыс материалдарына 6,3% өсті. Сұйытылған газ баллондағы 12,3% қымбаттады.
Бағаның өсуі күрішке – 19,8%, минералды және ауыз суға – 17,3%, жаңа жиналған жемістерге – 16,8%, жұмыртқаға – 14,4%, салқындатылған сусындарға – 13,7%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерге – 13,4%, жеміс және көкөніс шырындарға – 12%, сары майға – 11,9%, жаңа ауланған балыққа – 11,8%, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай нанға - 10%, пастерленген сүтке 9,9% тіркелді. Бағаның төмендеуі пиязға – 51,1%, күнбағыс майына – 24,9%, қарақұмық жармасына – 24,4%, картопқа – 10,1%, құмшекерге 5,3% байқалды.
Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы сәуірде инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он бір өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (10,6%) және Маңғыстау (10,5%) облыстарында.
2024 | 2023 | 2022 | |
---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы | 8,7 | 16,8 | 13,2 |
Абай | 8,1 | 16,4 | ... |
Ақмола | 9,0 | 17,6 | 13,8 |
Ақтөбе | 8,6 | 17,0 | 13,5 |
Алматы | 6,2 | 16,0 | 12,4 |
Атырау | 8,9 | 16,9 | 12,0 |
Батыс Қазақстан | 8,1 | 17,6 | 12,2 |
Жамбыл | 8,1 | 15,7 | 13,2 |
Жетісу | 9,3 | 17,7 | ... |
Қарағанды | 10,6 | 16,9 | 13,5 |
Қостанай | 8,4 | 16,9 | 12,6 |
Қызылорда | 7,9 | 16,8 | 12,4 |
Маңғыстау | 10,5 | 19,1 | 13,9 |
Павлодар | 9,0 | 17,8 | 12,5 |
Солтүстік Қазақстан | 9,5 | 17,9 | 12,7 |
Түркістан | 7,1 | 15,7 | 15,5 |
Ұлытау | 8,2 | 17,5 | ... |
Шығыс Қазақстан | 9,6 | 16,7 | 13,7 |
Астана қаласы | 9,5 | 17,6 | 14,0 |
Алматы қаласы | 9,1 | 16,4 | 13,2 |
Шымкент қаласы | 8,8 | 16,0 | 12,5 |
Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,4 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (2,2 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,1 пайыздық тармақ) қосты.
Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 8%, ет және ет өнімдеріне 5,6% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,5 және 0,7 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға жұмыртқалар – 14,4%, алкоголсіз сусындар 9,1% қымбаттауы және 0,2 пайыздық тармақтан, сүт өнімдері (8%), жемістер мен көкөністер (3,9%) – 0,3 пайыздық тармақтан үлес қосты.
ТКШ қызметтері бір жылда 16,7% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 2,2 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы сәуірде орталықтан жылыту өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда 33,5% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақ, электрэнергия (29%) – 0,6 пайыздық тармақ, суық су (36,9%), тұрғын үйді жалға алу (8,5%), тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (7,5%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.
Тауарлар мен қызметтер | Өсу қарқыны | Баға өсіміне салым |
---|---|---|
Азық-түлік тауарлар | 6,3 | 2,579 |
Нан өнімдері мен жармалар | 8,0 | 0,540 |
Ет және ет өнімдері | 5,6 | 0,680 |
Сүт өнімдері | 8,0 | 0,313 |
Жұмыртқа | 14,4 | 0,181 |
Май және тоң май | -5,5 | -0,133 |
Жемістер мен көкөністер | 3,9 | 0,259 |
Қант | -5,1 | -0,059 |
Алкогольсіз сусындар | 9,1 | 0,189 |
Азық-түлік емес тауарлар | 7,6 | 2,351 |
Киім | 10,5 | 0,684 |
Аяқ киім | 12,6 | 0,389 |
Жуғыш заттар | -1,2 | -0,016 |
Бензин | 3,5 | 0,095 |
Жеке қолдану тауарлар | 9,6 | 0,290 |
Ақылы қызметтер | 13,5 | 3,790 |
Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері | 16,7 | 2,175 |
тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем | 10,2 | 0,074 |
тұрғын үйді жалға алу | 8,5 | 0,249 |
тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету | 7,5 | 0,189 |
суық су | 36,9 | 0,188 |
ыстық су | 31,0 | 0,120 |
қоқыс шығару | 30,7 | 0,088 |
суды бұру | 43,6 | 0,099 |
электрэнергия | 29,0 | 0,598 |
газ | 9,7 | 0,106 |
тарату желілері арқылы тасымалданатын газ |
9,1 | 0,083 |
сұйытылған | 12,3 | 0,023 |
орталықтан жылыту | 33,5 | 0,327 |
қатты отын | 9,1 | 0,129 |
домофон | 5,5 | 0,008 |
Сәуір | ||||
---|---|---|---|---|
тауарлар мен қызметтер | азық-түлік тауарлар | азық-түлік емес тауарлар | ақылы қызметтер | |
2020 |
0,9 | 1,9 | 0,3 | 0,1 |
2021 |
0,9 | 1,0 | 1,0 | 0,5 |
2022 |
2,0 | 3,1 | 1,2 | 1,0 |
2023 |
0,9 | 0,9 | 1,3 | 0,4 |
2024 |
0,6 | 0,3 | 0,7 | 0,7 |
Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.
Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:
Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.
Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.
Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.