Өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 33,9%, орталықтан жылытуға – 30,9%, суық суға – 30,8%, қоқыс шығаруға – 30,7%, ыстық суға – 29,4%, электр энергиясына 19,9% өсті.
Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 21,5%, санаторийлер қызметтеріне – 16%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 13,9%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 13,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,1%, ұялы байланыс қызметтеріне 12,4% жоғарылады. Таксимен жол жүру – 11,7%, қалалық автобуспен – 9,3%, жолаушылар теміржол көлігімен – 8,7%, қалааралық автобуспен 8,2% қымбаттады. Жолаушылар әуе көлігімен жол жүру 4% арзандады.
Баға деңгейі фармацевтикалық өнімдерге – 11,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, киім және аяқ киімге – 11%-дан, жеке қолданылатын тауарларға – 10,9%, ыдысқа – 9,2%, құрылыс материалдарына 6,9% өсті. Дизель отыны – 14,5%, бензин – 13,6%, сұйытылған газ баллондағы 12,9% қымбаттады.
Бағаның өсуі күрішке – 26%, жұмыртқаға – 18,3%, жаңа жиналған жемістерге – 17,2%, минералды және ауыз суға – 16,9%, салқындатылған сусындарға – 16,6%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдерге – 14,4%, жеміс және көкөніс шырындарға – 12,5%, сары майға – 12,2%, пастерленген сүтке – 11,3%, консервіленген сүтке – 11,2%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдерге – 11%, майлылығы 2,5% айранға – 10,9%, макарон өнімдері және қамырдан жасалған өнімдерге – 10,4%, балық және теңіз өнімдерге 10,1% тіркелді. Бағаның төмендеуі басты пиязға – 42,5%, қарақұмық жармасына – 24,3%, күнбағыс майына – 21,2%, құмшекерге – 14,8%, картопқа 12% байқалды.
Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы ақпанда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (11,5%), Шығыс Қазақстан (10,2%) және Маңғыстау (10%) облыстарында.
2024 | 2023 | 2022 | |
Қазақстан Республикасы | 9,3 | 21,3 | 8,7 |
Абай | 9,4 | 20,7 | ... |
Ақмола | 9,4 | 22,4 | 9,3 |
Ақтөбе | 8,6 | 21,5 | 9,0 |
Алматы | 7,1 | 19,3 | 8,4 |
Атырау | 9,9 | 20,3 | 8,5 |
Батыс Қазақстан | 8,8 | 20,9 | 8,7 |
Жамбыл | 8,9 | 20,8 | 8,1 |
Жетісу | 9,7 | 21,1 | ... |
Қарағанды | 11,5 | 21,3 | 9,2 |
Қостанай | 8,4 | 21,7 | 8,5 |
Қызылорда | 8,4 | 20,8 | 8,3 |
Маңғыстау | 10,0 | 25,1 | 8,7 |
Павлодар | 8,4 | 21,7 | 8,5 |
Солтүстік Қазақстан | 9,5 | 22,1 | 8,5 |
Түркістан | 8,8 | 21,5 | 9,2 |
Ұлытау | 9,0 | 21,6 | ... |
Шығыс Қазақстан | 10,2 | 20,9 | 9,2 |
Астана қаласы | 9,5 | 23,5 | 8,9 |
Алматы қаласы | 9,9 | 20,7 | 8,5 |
Шымкент қаласы | 8,9 | 20,8 | 8,5 |
Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,8 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,9 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.
Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 9,4%, ет және ет өнімдеріне 6,5% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,6 және 0,8 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға жұмыртқалар – 18,3%, алкоголсіз сусындар 10,7% қымбаттауы және 0,2 пайыздық тармақтан, сүт өнімдері (10%), жемістер мен көкөністер (6,2%) – 0,4 пайыздық тармақтан үлес қосты.
ТКШ қызметтері бір жылда 14,4% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,9 пайыздық тармақты құрады. 2024 жылғы ақпанда орталықтан жылыту өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда 30,9% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақ, электрэнергия (19,9%) – 0,4 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (7,9%), тұрғын үйді жалға алу (7,5%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.
Тауарлар мен қызметтер | Өсу қарқыны | Баға өсіміне салым |
Азық-түлік тауарлар | 7,4 | 3,030 |
Нан өнімдері мен жармалар | 9,4 | 0,644 |
Ет және ет өнімдері | 6,5 | 0,778 |
Сүт өнімдері | 10,0 | 0,388 |
Жұмыртқа | 18,3 | 0,230 |
Май және тоң май | -4,3 | -0,089 |
Жемістер мен көкөністер | 6,2 | 0,380 |
Қант | -14,2 | -0,161 |
Алкогольсіз сусындар | 10,7 | 0,221 |
Азық-түлік емес тауарлар | 8,5 | 2,631 |
Киім | 10,3 | 0,660 |
Аяқ киім | 12,5 | 0,383 |
Жуғыш заттар | 1,2 | 0,021 |
Бензин | 13,6 | 0,320 |
Жеке қолдану тауарлар | 10,9 | 0,328 |
Ақылы қызметтер | 12,8 | 3,609 |
Тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері | 14,4 | 1,861 |
тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем | 7,9 | 0,057 |
тұрғын үйді жалға алу | 7,5 | 0,216 |
тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету | 7,9 | 0,201 |
суық су | 30,8 | 0,156 |
ыстық су | 29,4 | 0,113 |
қоқыс шығару | 30,7 | 0,088 |
суды бұру | 33,9 | 0,076 |
электрэнергия | 19,9 | 0,406 |
газ | 9,8 | 0,106 |
тарату желілері арқылы тасымалданатын газ |
9,1 | 0,083 |
сұйытылған | 12,9 | 0,023 |
орталықтан жылыту | 30,9 | 0,300 |
қатты отын | 9,5 | 0,134 |
домофон | 5,6 | 0,008 |
Ақпан | ||||
тауарлар мен қызметтер | азық-түлік тауарлар | азық-түлік емес тауарлар | ақылы қызметтер | |
2019 | 0,3 | 1,5 | 0,3 | -1,3 |
2020 | 0,6 | 0,9 | 0,5 | 0,5 |
2021 | 0,7 | 1,1 | 0,4 | 0,3 |
2022 | 0,8 | 1,2 | 0,5 | 0,6 |
2023 | 1,3 | 1,5 | 0,8 | 1,3 |
2024 | 1,1 | 0,8 | 0,7 | 1,7 |
Инфляция – бұл халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтердің белгіленген тізіміне бағаның орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің инфляцияның жалпы мәніне әсер ету.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді.
Тұтыну бағаларының индексін есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:
Бағалардың өзгеруі туралы ақпарат жинау қалалар мен аудан орталықтарының іріктемелі тобы бойынша, барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Зерттеуге әртүрлі сауда жағдайлары бар және жаппай сұранысқа ие тауарларды (қызметтерді) үнемі өткізетін кәсіпорындар ұсынылуы үшін сауданың және ақылы қызметтердің барлық түрлерінің объектілері іріктеледі.
Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді.
Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.