*2022 жылғы деректер маркетплейстерді ескере отырып қалыптастырылды
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі 2022 жылы (маркетплейстерді ескере отырып) – 12,5% құрады.
2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022* | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Электрондық коммерция көлемі (бөлшек сауда), млн. теңге | 50919 ,9 | 78500,5 | 106918,1 | 144606,0 | 206253,9 | 476651,5 | 481978,7 | 1963493,2 |
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі, пайызбен | 0,8 | 1,0 | 1,2 | 1,4 | 1,8 | 4,1 | 3,6 | 12,5 |
Электрондық коммерция көлемі (қызмет көрсету), млн. теңге | 39156,4 | 80198,4 | 70356,2 | 136123,0 | 121153,7 | 209164,7 | 349933,7 | 1186536,7 |
* 2022 жылғы деректер маркетплейстерді ескере отырып қалыптастырылды |
* 2022 жылғы деректер маркетплейстерді ескере отырып қалыптастырылды
2022 жылы электрондық коммерция қызметтерінің көлемі маркетплейстерді ескере отырып 1186,5 млрд. теңгені құрады. Меншікті Интернет-ресурс арқылы көрсетілген қызметтер көлемі 254,7 млн.теңгені (21,5%) құрады. Электрондық коммерция (маркетплейс) платформасы арқылы көрсетілген қызметтер көлемі 931,8 млн. теңгені (78,5%) құрады.
2022 жылы маркетплейс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтеріне – 50,3%, көлік орындарын брондау қызметтеріне – 9,6%, тапсырыс бойынша азық – түлік жеткізу қызметтеріне – 5,1% тиесілі.
Тауарлар мен қызметтерді сатудың жалпы көлемінің ең үлкен үлесі (93%) жұмысшылар саны 100 адамға дейінгі маркетплейс (шағын маркетплейстер) және тек 7% орта кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылады.
2022 жылғы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізудің жалпы көлемінің ең үлкен үлесі (58%) «пошта арқылы немесе Интернет желісі арқылы тауарларға тапсырыс беру арқылы бөлшек сауда», 21,2% – «бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу», 16,2% – «ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы қызмет» экономикалық қызметінің негізгі түрімен маркетплейстер арқылы жүзеге асырылды.
Бөлшек саудада меншікті Интернет-ресурс арқылы өткізу бойынша ең көп үлесті үйде қолдануға арналған тауарлар (34,7%), киім, аяқ киім, спорттық тауарлар (17,3%), азық-түлік өнімдері (13,2%), косметика (6,5%), дәрілік препараттар (4,8%) құрады.
2022 жылғы меншікті Интернет-ресурс арқылы бөлшек сауда көлеміндегі ең үлкен үлес мамандандырылған дүкендерде басқа тауарларды бөлшек саудада сату – 29,9%, мамандандырылған дүкендерде басқа тұрмыстық тауарларды бөлшек саудада сату – 25,2%, коммуникациялық жабдықтарды және компьютерлерді көтерме саудада сату – 17,5%, тұрмыстық тауарларды көтерме саудада сату – 10,2% тиесілі.
2022 жылы меншікті Интернет-ресурс арқылы бөлшек сауда көлеміндегі ең үлкен үлес ірі кәсіпорындарға – 48,8%, шағын кәсіпорындарға – 45%, орта кәсіпорындарға 6,2% тиесілі.
2022 жылы тауарлар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеу тәсілдерінің ішінде дебеттік картамен төлеу немесе электрондық банктік аударым – (31,5%), Интернет арқылы несие картасымен төлеу (23,5%), қолма-қол төлеу (22,6%), онлайн төлемдер (13,9%), ұялы телефон (5,3%), сыйлық картасымен төлеу немесе бонустар немесе купондар бағдарламасының «ұпайлары» онлайн ваучері (3,1%), цифрлық әмиян (0,1%)
Жеткізу әдісі бойынша қарапайым пошта қызметтерін немесе жеткізудің басқа әдістерін қолдана отырып, сатып алушыға тікелей жеткізу түрі ең қолайлы болып табылады, оның үлесі – 46,9%, сату пунктінен немесе қызмет көрсету пунктінен алып кету – 35,3% және онлайн жеткізу – 17,8% құрайды.
Электрондық коммерция - электрондық саудадағы кәсіпкерлік қызмет, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді сату.
Электрондық сауда – тауарларды өткізу жөніндегі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет.
Электрондық коммерцияның онлайн платформасы (маркетплейс) - бұл делдал ретінде әрекет ететін және интернет арқылы қатысушылардың көп жақты нарығында сұраныс пен ұсынысты (тауарларды, қызметтерді және/немесе ақпаратты) салыстыруға мүмкіндік беретін сандық алаң).
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Электрондық төлем – қолма-қолсыз жолмен жүзеге асырылған (электрондық ақша, ұялы телефондар, банк карточкалары, шоттар, төлем терминалдары арқылы) төлемдер.
Бұл құжатта Интернет арқылы бөлшек сауда, Интернет арқылы көтерме сауда, Интернет арқылы көрсетілген қызметтер бойынша деректер қамтылған. Бұдан басқа тауарлар және қызмет түрлері бөлінісінде деректер көрсетіледі.