Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    14,3%
    Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі (ішкі нарық) 2025 жылы (маркетплейстерді ескере отырып) 14,3% құрады.

    *2022-2025 жж. деректер маркетплейстерді ескере отырып қалыптастырылды

    2025 жылы маркетплейстерді ескере отырып, бөлшек электрондық коммерция (ішкі нарық) нарығының көлемі 3768,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде электрондық коммерция платформасы (маркетплейс) арқылы бөлшек сауда айналымы 3237,5 млрд. теңгені (86%), тауарларды меншікті Интернет-ресурсы арқылы өткізуді жүзеге асыратын бөлшек сауда кәсіпорындары – 531,3 млрд. теңгені (14%) құрады.

    Электрондық коммерцияның негізгі көрсеткіштері (ішкі нарық)
    2021 2022 2023* 2024* 2025*
    Электрондық коммерция көлемі (бөлшек сауда), млн. теңге 481 978,7 1 963 493,2 2 439 821,5 3 156 372,2 3 768 821,8
    Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі, пайызбен 3,6 12,5 12,7 14,1 14,3
    Электрондық коммерция көлемі (қызмет көрсету), млн. теңге 349 933,7 1 186 536,7 1 602 576,3 2 443 353,1 2 477 292,3

    *2022-2025 жж. деректер маркетплейстерді ескере отырып қалыптастырылды

    2025 жылы электрондық коммерция платформасын (маркетплейс) пайдаланатын кәсіпорындардың үлесі 83,1%, тауарлар мен қызметтерді меншікті Интернет-ресурс арқылы өткізетіндер – 27,2%, олардың ішінде 10,3% бөлшек электрондық коммерцияны (маркетплейс және меншікті Интернет-ресурс арқылы) жүзеге асырады.

    2025 жылы электрондық коммерция қызметтерінің көлемі маркетплейстерді ескере отырып 2477,3 млрд. теңгені құрады. Электрондық коммерция (маркетплейс) платформасы арқылы көрсетілген қызметтер көлемі 2025,5 млрд. теңгені (81,8%) құрады. Меншікті Интернет-ресурс арқылы көрсетілген қызметтер көлемі 451,8 млрд.теңгені (18,2%) құрады.

    Маркетплейс арқылы электрондық коммерция

    2025 жылы маркетплейстер арқылы тауарларды бөлшек саудада өткізудің жалпы көлемінің ең үлкен үлесі телефондар мен гаджеттер – 17,1%, киім, аяқ киім, спорттық тауарлар – 12,4%, үйге және саяжайға арналған тауарлар – 12,1%, тұрмыстық техника – 10,3%, азық-түліктер – 7,4% құрады.

    2025 жылы электрондық коммерция нарығында Экономикалық қызмет түрлері бойынша платформа маркетплейс ұстаушылардың ең көп үлесі деректерді өңдеу саласындағы қызмет – 49,8%, ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтің басқа да түрлері – 20,1%, поштамен тапсырыс беру немесе Интернет желісі арқылы бөлшек саудада сату – 12% тиесілі болды.

    Бөлшек электрондық сауданың жалпы көлемінің ең үлкен үлесі (99,8%) ірі кәсіпорындарға тиесілі, орта – 0,2% және шағын – 0,1% маркетплейстер арқылы жүзеге асырылды.

    2025 жылы маркетплейс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтеріне – 42,6% және көлік орындарын брондау қызметтеріне – 30,8%.

    Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің ең үлкен үлесі (41,7%) маркетплейстер орта кәсіпорындарға, шағын кәсіпорындарға – 35,1% және ірі кәсіпорындарға - 23,3% тиеді.

    2025 жылы маркетплейстерде бөлшек тауарлар үшін орташа чек – 11123 теңгені, көрсетілген қызметтер үшін – 4840 теңгені құрады.

    Меншікті Интернет-ресурсы арқылы электрондық коммерция

    Бөлшек саудада меншікті Интернет-ресурс арқылы өткізу бойынша ең көп үлесті тұрмыстық техника (17,1%), телефондар мен гаджеттер (14,1%) және азық-түлік өнімдері (14%) тиесілі.

    2025 жылы менішкті Интернет-ресурс арқылы бөлшек сауда көлеміндегі ең үлкен үлес ірі кәсіпорындарға – 64,8%, шағын кәсіпорындарға – 20,1%, орта – 15,1% тиесілі болды.

    2025 жылы меншікті Интернет-ресурс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес - билеттер және көлік орындарын брондау – 23,9%, жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер – 20,6%, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтер – 6,6% тиесілі.

    2025 жылы менішкті Интернет-ресурс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес шағын кәсіпорындарға – 42,9%, орта – 32,3%, ірі кәсіпорындарға – 24,8% тиесілі болды.

    2025 жылы меншікті Интернет-ресурс арқылы бөлшек тауарлар үшін орташа чек 23363 теңгені, көрсетілген қызметтер үшін – 13876 теңгені құрады.

    Қолданылатын төлем және жеткізу тәсілдері туралы

    2025 жылы тауарлар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеу тәсілдерінің ішінде ең қолайлы дебеттік картамен төлеу немесе электрондық банктік аударым (33,7%), қолма-қол төлеу (22,6%), Интернет арқылы несие картасымен төлеу (21,3%), онлайн төлемдер (13,2%), сыйлық картасымен төлеу немесе бонустар немесе купондар бағдарламасының «ұпайлары» онлайн ваучері (5,5%), ұялы телефон (3,7%) болды.

    Жеткізу тәсілі бойынша қарапайым пошта қызметтерін немесе жеткізудің басқа тәсілдерін қолдана отырып, сатып алушыға тікелей жеткізу түрі ең қолайлы болып табылады, оның үлесі – 46,1%, сату пунктінен немесе қызмет көрсету пунктінен өздігінен алып кету – 34,7% және веб-сайттан немесе бағдарламалық жасақтамадан жүктеу арқылы онлайн жеткізу – 19,2% құрайды.

    Глоссарий

    Электрондық коммерция - электрондық саудадағы кәсіпкерлік қызмет, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді сату.

    Электрондық сауда – тауарларды өткізу жөніндегі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет.

    Электрондық коммерцияның онлайн платформасы (маркетплейс) - бұл  делдал ретінде әрекет ететін және интернет арқылы қатысушылардың көп жақты нарығында сұраныс пен ұсынысты (тауарларды, қызметтерді және/немесе ақпаратты) салыстыруға мүмкіндік беретін сандық алаң).

    Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

    Көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

    Электрондық төлем – қолма-қолсыз жолмен жүзеге асырылған (электрондық ақша, ұялы телефондар, банк карточкалары, шоттар, төлем терминалдары арқылы) төлемдер.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Бұл құжатта Интернет арқылы бөлшек сауда, Интернет арқылы көтерме сауда, Интернет арқылы көрсетілген қызметтер бойынша деректер қамтылған. Бұдан басқа тауарлар және қызмет түрлері бөлінісінде деректер көрсетіледі.

    Ұсыныс тарапынан электрондық коммерция бойынша дереккөз «Электрондық коммерция туралы есеп» (индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Бұл байқаудың мақсаты электрондық сауданы мониторингтеу және талдау үшін ұсыныс тарапынан электрондық сауданың көлемі мен сипаттамаларын өлшеу болып табылады.

    Жалпымемлекеттік статистикалық байқау субъектілері Интернет желісі арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер.

    Тұтынушының белгілі бір түрдегі және сападағы өнімді, тауарларды дайындауға, оған жеткізуге, сатуға немесе жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге ұсынысы тапсырыс деп есептеледі. Бір тапсырыс бір немесе бірнеше өнімді сатып алуды қамтиды.

    Кәсіпорындарды статистикалық байқаулар (ұсыныс тарапынан) онлайн сатылатын немесе сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің типі, тапсырыстар саны, өзінің Интернет-ресурсын және электрондық коммерция платформасын пайдаланатын кәсіпорындардың саны, тауарлар мен қызметтерді сату көлемі, жеткізу әдістері, электрондық коммерцияны жүргізу үшін пайдаланылатын электрондық платформалар немесе Интернетте сатып алу үшін төлем әдістері, электрондық платформалар сияқты электрондық коммерция қызметінің сипаттамалары туралы сұрақтарды қамтиды.

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Айгозина
    Тел. +7 7172 749060
    Орындаушы:
    Г.Джаманова
    Тел. +7 7172 749336
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.,
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс