Көтерме сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-наурызда 8181,2 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы тиісті кезең деңгейіне 111,1% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (82,2%).
Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы 2023 жылғы қаңтар-наурызда Алматы қаласына (41,7%), Атырау облысына (16,7%), Астана қаласына (14,6%), Қарағанды облысына (5,4%) тиесілі.
2023 жылғы қаңтар-наурыздағы бөлшек сауда көлемі 3614,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезең деңгейінен 12,1% - ға артық. Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізуі 16,4%-ға ұлғайды, дара кәсіпкерлердің, оның ішінде базарларда сауда жасаушылардың, 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,5% - ға ұлғайды.
Жыл басынан бері жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізуінен 3202,3 млрд.теңге (бөлшек сауданың жалпы көлемінің 88,6%), шетелдік меншік нысанынан 412,2 млрд. теңге (11,4%) сомасында айналым алынды.
2023 жылғы 1 сәуірге жағдай бойынша бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарының (есеп берген кәсіпорындар бойынша) тауар қорларының көлемі 1521,7 млрд.теңгені, сауда күндерінде – 71 күнді құрады.
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық – түлік тауарларының үлесі-28,3%, азық-түлік емес тауарлардың үлесі – 71,7% құрайды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 5,9% - ға азайды, азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемі 21,6% - ға ұлғайды.
2023 жылғы қаңтар-наурызда республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы Алматы қаласына (30,7%), Астана қаласына (11,9%), Қарағанды (8,6%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына тиесілі.