*2022-2023 жж. жылғы деректер маркетплейстерді ескере отырып қалыптастырылды
2023 жылы маркетплейстерді ескере отырып, бөлшек электрондық коммерция (ішкі нарық) нарығының көлемі 2439,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде электрондық коммерция платформасы (маркетплейс) арқылы бөлшек сауда айналымы 1767,6 млрд. теңгені (72,4%), тауарларды меншікті Интернет-ресурсы арқылы өткізуді жүзеге асыратын бөлшек сауда кәсіпорындары – 672,2 млрд. теңгені (27,6%) құрады.
2019 | 2020 | 2021 | 2022* | 2023* | |
Электрондық коммерция көлемі (бөлшек сауда), млн. теңге | 206 253,9 | 476 651,5 | 481 978,7 | 1 963 493,2 | 2 439 821,5 |
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі, пайызбен | 1,8 | 4,1 | 3,6 | 12,5 | 12,7 |
Электрондық коммерция көлемі (қызмет көрсету), млн. теңге | 121 153,7 | 209 164,7 | 349 933,7 | 1 186 536,7 | 1 602 576,3 |
*2022-2023 жж. деректер маркетплейстерді ескере отырып қалыптастырылды.
2023 жылы электрондық коммерция платформасын (маркетплейс) пайдаланатын кәсіпорындардың үлесі 79,7%, тауарлар мен қызметтерді меншікті Интернет-ресурс арқылы өткізетіндер – 30,3% олардың ішінде 10% бөлшек электрондық коммерцияны (маркетплейс және меншікті Интернет-ресурс арқылы) жүзеге асырады.
2023 жылы электрондық коммерция қызметтерінің көлемі маркетплейстерді ескере отырып 1602,6 млрд. теңгені құрады. Электрондық коммерция (маркетплейс) платформасы арқылы көрсетілген қызметтер көлемі 1304 млрд. теңгені (81,4%) құрады. Меншікті Интернет-ресурс арқылы көрсетілген қызметтер көлемі 298,6 млрд.теңгені (18,6%) құрады.
2023 жылы маркетплейстер арқылы тауарларды бөлшек саудада өткізудің жалпы көлемінің ең үлкен үлесі телефондар мен гаджеттер – 27,5%, тұрмыстық техника – 11,6%, компьютерлік тауарлар, бағдарламалық жасақтама – 10,1%, автотауарлар – 7,9% құрады.
2023 жылы электрондық коммерция нарығында Экономикалық қызмет түрлері бойынша платформа маркетплейс ұстаушылардың ең көп үлесі компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет – 19,6%, ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтің басқа да түрлері – 14,6%, деректерді өңдеу, қосымшаларды орналастыру және осымен байланысты қызметтер – 12,2%, поштамен тапсырыс беру немесе Интернет желісі арқылы бөлшек саудада сату – 12,2% тиесілі болды.
Бөлшек электрондық сауданың жалпы көлемінің ең үлкен үлесі (92,8%) жұмысшылар саны 100 адамға дейінгі (шағын), орта – 4,8% және ірі – 2,4% маркетплейстер арқылы жүзеге асырылды.
2023 жылы маркетплейс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес көлік орындарын брондау қызметтеріне – 38%, жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтеріне – 37,4%, басқа топтамаларға кірмейтін өзге де қызметтер – 14,5% тиесілі.
Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің ең үлкен үлесі (56,1%) жұмысшылар саны 100 адамға дейінгі маркетплейстер (шағын маркетплейстер) және орта кәсіпорындар – 43,9% арқылы жүзеге асырылды.
2023 жылы маркетплейстерде бөлшек тауарлар үшін орташа чек – 14823 теңгені, көрсетілген қызметтер үшін – 2553 теңгені құрады.
Бөлшек саудада меншікті Интернет-ресурс арқылы өткізу бойынша ең көп үлесті киім, аяқ киім, спорттық тауарлар (31,6%), телефондар мен гаджеттер (23,1%), косметика парфюмерия (9,8%), тұрмыстық техника (7,5%) және азық-түлік өнімдері (6,2%) құрады.
2023 жылы менішкті Интернет-ресурс арқылы бөлшек сауда көлеміндегі ең үлкен үлес ірі кәсіпорындарға – 72,3%, шағын кәсіпорындарға – 16,6%, орта – 11,1% тиесілі болды.
2023 жылы меншікті Интернет-ресурс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес - билеттер және көлік орындарын брондау – 35,3%, жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер – 27,8%, басқа топтамаларға кірмейтін өзге де қызметтер – 21,1% тиесілі.
2023 жылы менішкті Интернет-ресурс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес шағын кәсіпорындарға – 38,4%, орта – 33,6%, ірі кәсіпорындарға – 28% тиесілі болды.
2023 жылы меншікті Интернет-ресурс арқылы бөлшек тауарлар үшін орташа чек 51470 теңгені, көрсетілген қызметтер үшін – 13017 теңгені құрады.
2023 жылы тауарлар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеу тәсілдерінің ішінде ең қолайлы дебеттік картамен төлеу немесе электрондық банктік аударым (32,1%), қолма-қол төлеу (24,1%), Интернет арқылы несие картасымен төлеу (22,2%), онлайн төлемдер (13,5%), ұялы телефон (4,9%), сыйлық картасымен төлеу немесе бонустар немесе купондар бағдарламасының «ұпайлары» онлайн ваучері (3,2%) болды.
Жеткізу тәсілі бойынша қарапайым пошта қызметтерін немесе жеткізудің басқа тәсілдерін қолдана отырып, сатып алушыға тікелей жеткізу түрі ең қолайлы болып табылады, оның үлесі – 49,9%, сату пунктінен немесе қызмет көрсету пунктінен өздігінен алып кету – 31,5% және веб-сайттан немесе бағдарламалық жасақтамадан жүктеу арқылы онлайн жеткізу – 18,6% құрайды.
Электрондық коммерция - электрондық саудадағы кәсіпкерлік қызмет, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді сату.
Электрондық сауда – тауарларды өткізу жөніндегі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет.
Электрондық коммерцияның онлайн платформасы (маркетплейс) - бұл делдал ретінде әрекет ететін және интернет арқылы қатысушылардың көп жақты нарығында сұраныс пен ұсынысты (тауарларды, қызметтерді және/немесе ақпаратты) салыстыруға мүмкіндік беретін сандық алаң).
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Электрондық төлем – қолма-қолсыз жолмен жүзеге асырылған (электрондық ақша, ұялы телефондар, банк карточкалары, шоттар, төлем терминалдары арқылы) төлемдер.
Бұл құжатта Интернет арқылы бөлшек сауда, Интернет арқылы көтерме сауда, Интернет арқылы көрсетілген қызметтер бойынша деректер қамтылған. Бұдан басқа тауарлар және қызмет түрлері бөлінісінде деректер көрсетіледі.
Ұсыныс тарапынан электрондық коммерция бойынша дереккөз «Электрондық коммерция туралы есеп» (индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Бұл байқаудың мақсаты электрондық сауданы мониторингтеу және талдау үшін ұсыныс тарапынан электрондық сауданың көлемі мен сипаттамаларын өлшеу болып табылады.
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау субъектілері Интернет желісі арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер.
Тұтынушының белгілі бір түрдегі және сападағы өнімді, тауарларды дайындауға, оған жеткізуге, сатуға немесе жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге ұсынысы тапсырыс деп есептеледі. Бір тапсырыс бір немесе бірнеше өнімді сатып алуды қамтиды.
Кәсіпорындарды статистикалық байқаулар (ұсыныс тарапынан) онлайн сатылатын немесе сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің типі, тапсырыстар саны, өзінің Интернет-ресурсын және электрондық коммерция платформасын пайдаланатын кәсіпорындардың саны, тауарлар мен қызметтерді сату көлемі, жеткізу әдістері, электрондық коммерцияны жүргізу үшін пайдаланылатын электрондық платформалар немесе Интернетте сатып алу үшін төлем әдістері, электрондық платформалар сияқты электрондық коммерция қызметінің сипаттамалары туралы сұрақтарды қамтиды.