ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    103,5%
    "Сауда" саласы бойынша НКИ 2024 жылғы қаңтарда өткен жылдың тиісті кезеңіне 103,5% құрады (2023 жылғы қаңтарда – 119,4%).
    103,4%
    2024 жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемінің НКИ 103,4% құрады (2023 жылғы қаңтарда – 118,8%). Бөлшек сауда көлемінің НКИ 103,7% құрады (2023 жылғы қаңтарда – 120,8%).
    69%
    Саланың жалпы көлеміндегі елеулі үлес көтерме саудаға тиесілі, оның үлес салмағы 69% құрайды, бөлшек сауданың үлес салмағы 30,7% құрайды.
    Сауда саласы бойынша нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне % - бен
    2024ж. қаңтар
    Бөлшек және көтерме сауданың нақты көлемінің индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне % - бен
    2024ж. қаңтар

    Көтерме сауда көлемі 2024 жылғы қаңтарда 2644,1 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейіне 103,4% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (80%).

    Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы 2024 жылғы қаңтарда Алматы қаласына (38,6%), Астана қаласына (16,8%), Атырау облысына (19,7%), Қарағанды облысына (5%) тиесілі.

    Жалпы көтерме сауда көлеміндегі облыстардың үлесі, %
    2024ж. қаңтар

    2024 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі 1174,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы тиісті кезең деңгейінен 3,7% - ға артық. Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізуі 7,6%-ға ұлғайды, дара кәсіпкерлердің, оның ішінде базарларда сауда жасаушылардың, 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 9,1% - ға азайды.

    Жыл басынан бері жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізуінен 1040,8 млрд.теңге (бөлшек сауданың жалпы көлемінің 88,6%), шетелдік меншік нысанынан 133,5 млрд. теңге (11,4%) сомасында айналым алынды.

    2024 жылғы 1 ақпанға жағдайы бойынша бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарының (есеп берген кәсіпорындар бойынша) тауар қорларының көлемі 1594,3 млрд.теңгені, сауда күндерінде – 78 күнді құрады.

    Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық – түлік тауарларының үлесі – 26,8%, азық-түлік емес тауарлардың үлесі – 73,2% құрайды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 0,9% - ға азайды, азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемі 5,8% - ға ұлғайды.

    2024 жылғы қаңтардағы республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы Алматы қаласына (31,5%), Астана қаласына (12,4%), Қарағанды (8,3%) және Шығыс Қазақстан (6,1%) облыстарына тиесілі.

    Жалпы бөлшек сауда көлеміндегі облыстардың үлесі, %
    2024ж. қаңтар
    Глоссарий

    Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

    Көтерме сауда – жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзге де пайдаланумен байланысты емес, кейiннен сатуға немесе өзге мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

    Нақты көлем индексі – базистік көрсеткішпен салыстырғанда ағымдағы кезеңде тауар массасын сату көлемінің (тауар айналымының сандық факторы) өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

    Тауарлық-материалдық қорлар – белгілі бір күнге сауда кәсіпорындарында, қоймаларда, жолда болатын ақшалай немесе заттай түрдегі тауарлардың саны.

    Әдіснамалық түсінідірмелер

    Тауарлар мен қызметтерді сату көлемі сатылған тауарлар, өнімдер және көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін алынған ақшалай түсім сомасын сипаттайды.

    Айналымның нақты көлемінің индексі бағаның өзгеруінің әсерін қоспағанда, оның тек физикалық көлемінің өзгеруі нәтижесінде айналымның қалай өзгеретінін көрсетеді.

    Тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) өткізудің нақты көлемінің индексін есептеу үшін есепті және базистік кезеңдердің айналымдары, базистік кезең ретінде қабылданған бір кезеңнің бағасымен (тұрақты бағамен) салыстырылады.

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172 749060
    Орындаушы:
    А.Нысанбай
    Тел. +7 7172 749336
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші