2024 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 3868,9 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 11,2% азайды.
2024 жылғы қаңтар-ақпанда тауарлар экспорты 1434,3 млн. АҚШ доллары (18,8% аз), импорт – 2434,6 млн. АҚШ доллары (6% аз) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,7%, бұдан әрі Қырғыз Республикасына – 5,2%, Беларусь Республикасына – 3%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.
Қазақстан Республикасының экспорты бойынша тауарлардың негізгі үлес салмағы 2024 жылғы қаңтар-ақпанда мынадай тауарларға тиесілі: шикі мұнай және битуминозды жыныстардан алынған шикі мұнай өнімдері (59,8%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,8%), кендер және мыс концентраттары (4%), химиялық радиоактивті элементтер және изотоптар радиоактивті кендер және мыс концентраттары (2,7%), ферроқорытпалар (2,1%).
Қазақстан Республикасының импорты бойынша ең көп үлес салмағы мынадай тауарларға тиесілі: жеңіл автокөлік (4,1%), дәрілік заттар (3,3%), телефон аппараттары (3%), мотолы көлік құралдарына арналған шанақ (2,5%), моторлы көлік құралдарының бөліктері және керек-жарақтары (1,9%).
Қазақстан Республикасының экспорттағы негізгі әріптес елдері: Италия (21,3%), Қытай (18,5%), Ресей (10,3%), Франция (6,9%), Түркия (4,8%), Нидерланды (4,6%), болып табылады.
Қазақстан Республикасының импорттағы негізгі әріптес елдері: Ресей (28%), Қытай (25,7%), Германия (5,3%), АҚШ (4,3%), Корея Республикасы (3,4%), Түркия (3,3%) болып табылады.
Тауарлардың сыртқы саудасы - мүше мемлекет пен үшінші елдер арасындағы тауарлардың импорты мен экспорты.
Тауарлардың өзара саудасы - мүше мемлекеттер арасындағы тауарлардың импорты мен экспорты.
Тауарлардың экспорты – бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына мүше мемлекеттің материалдық ресурстарының қорларын азайтатын тауарларды әкету.
Тауарлардың импорты – мүше мемлекеттің материалдық ресурстарының қорларына қосылатын тауарларға мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағына әкелу.
Өзара сауда статистикасы БҰҰ-ның «Тауардың халықаралық сауда статистикасы» статистикалық бөлімінің Ресми жарияланымында қамтылған ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» 1-ТС статистикалық есептілігінің деректері негізінде қалыптастырылады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №210 шешімімен бекітілген «Тауарлармен халықаралық сауда статистикасы: құрастырушыларға арналған нұсқаулық» және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара сауда статистикасын және сыртқы сауда кедендік статистикасын жүргізудің бірыңғай әдіснамасы.
Тауарлардың жіктеуіші ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы қолданылады.
Тауарлардың өзара сауда статистикасындағы тауарларды есепке алу негізінен мүше мемлекеттердің материалдық ресурстарының қорларына қосылатын, олардың әкелінуі нәтижесінде бір мүше мемлекеттің аумағы басқа мүше мемлекеттің аумағынан қосылатын не оларды әкету нәтижесінде мүше мемлекеттердің материалдық ресурстарының қорларын азайтатын мүше мемлекеттердің арасында өткізілетін барлық тауарларды есепке алуды көздейтін жалпы сауда жүйесі негізінде жүзеге асырылады бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына.