ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    134 437,6 млн.
    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 134437,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда номиналды мәнде 32,1% көбейді, оның ішінде экспорт – 84394 млн. АҚШ долларын (номиналды мәнде 39,9% көп), импорт – 50043,6 млн. АҚШ долларын құрады (номиналды мәнде 20,8% көп).
    ҚР 2020-2022 жылғы сыртқы сауда айналымының динамикасы
    өткен жылдың сәйкес кезеңіне пайызбен
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    ҚР-дың ЕАЭО елдерімен өзара саудасы

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 28311,2 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 6,5% көбейді. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы тауарлар экспорты 9709,8 млн. АҚШ доллары (24,3% көп), импорт – 18601,4 млн. АҚШ доллары (0,9% аз) деңгейінде қалыптасты.

    Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,3%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

    Сыртқы сауда айналымының динамикасы
    Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымындағы үлес салмағы
    пайызбен
    2022ж. қаңтар-желтоқсан

    Қазақстан Республикасының экспорты бойынша тауарлардың негізгі үлес салмағы 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда мынадай тауарларға тиесілі: битуминозды минералдардан алынған шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері (55,6%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (4,4%), ферроқорытпалар (3,8%), химиялық радиоактивті элементтер және изотоптар радиоактивті кендер және мыс концентраттары (3,1%), кендер және мыс концентраттары (2,8%), мұнай газдары және өзге де газ тәріздес көмірсутектер (2,6%), бидай және меслин (2,3%).

    Қазақстан Республикасының импорты бойынша ең көп үлес салмағы мынадай тауарларға тиесілі: жеңіл автокөлік (3,6), телефон аппараттары (3,0%), дәрілік заттар (2,7%), есептеу машиналары және олардың блоктары (2,4), кузовтар мен кабиналар (2,1%), ұшқыш аппараттар (1,7%), мұнай және мұнай өнімдері (1,6%).

    Қазақстаннан экспорт 84 394 млн АҚШ доллары
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Қазақстанға импорт 50 043,6 млн АҚШ доллары
    2022ж. қаңтар-желтоқсан

    Қазақстан Республикасының экспорттағы негізгі әріптес елдері: Италия (16,4%), Қытай (15,6%), Ресей (10,4%), Нидерланды (6,5%), Түркия (5,6), Корея Республикасы (5,4%) болып табылады.

    Қазақстан Республикасының импорттағы негізгі әріптес елдері: Ресей (34,7%), Қытай (21,9%), Германия (4,5%), АҚШ (3,8%), Түркия (3,2%), Корея Республикасы (3,1%) болып табылады.

    Серіктес елдер
    Қорытындыға пайызбен
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Глоссарий

    Тауарлардың сыртқы саудасы - мүше мемлекет пен үшінші елдер арасындағы тауарлардың импорты мен экспорты

    Тауарлардың өзара саудасы - мүше мемлекеттер арасындағы тауарлардың импорты мен экспорты

    Тауарлардың экспорты - бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына мүше мемлекеттің материалдық ресурстарының қорларын азайтатын тауарларды әкету

    Тауарлардың импорты - мүше мемлекеттің материалдық ресурстарының қорларына қосылатын тауарларға мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағына әкелу

    Әдістемелік түсініктемелер

    Өзара сауда статистикасы БҰҰ-ның «Тауардың халықаралық сауда статистикасы» статистикалық бөлімінің Ресми жарияланымында қамтылған ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» 1-ТС статистикалық есептілігінің деректері негізінде қалыптастырылады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №210 шешімімен бекітілген «Тауарлармен халықаралық сауда статистикасы: құрастырушыларға арналған нұсқаулық» және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен өзара сауда статистикасын және сыртқы сауда кедендік статистикасын жүргізудің бірыңғай әдіснамасы.

    Тауарлардың жіктеуіші ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы қолданылады.

    Тауарлардың өзара сауда статистикасындағы тауарларды есепке алу негізінен мүше мемлекеттердің материалдық ресурстарының қорларына қосылатын, олардың әкелінуі нәтижесінде бір мүше мемлекеттің аумағы басқа мүше мемлекеттің аумағынан қосылатын не оларды әкету нәтижесінде мүше мемлекеттердің материалдық ресурстарының қорларын азайтатын мүше мемлекеттердің арасында өткізілетін барлық тауарларды есепке алуды көздейтін жалпы сауда жүйесі негізінде жүзеге асырылады бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына.

    Электрондық кестелер
    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172 74 90 60
    Орындаушы:
    Анес Н.
    Тел. +7 7172 74 93 96
    Эл.адрес: nu.anes@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
    Пікірлер мен ұсыныстар