Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    107%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2023 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылдың тиісті кезеңіне 107% құрады.
    811,3 млн.
    2023 жылғы қаңтар-қазанда Республика көлігімен 811,3 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 3,6%-ға артық, осы кезеңде жүк айналымы 415,8 млрд. т-км құрады (2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 3,1%-ға өсті), 1295 млн. жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 8,6%-ға артық), жолаушылар айналымы 60,3 млрд. п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 11,5%-ға өсті).

    Өңірлік бөліністе 2023 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының ұлғаюы Шымкент (30,2%), Алматы (25,2%), Астана (16,7%) қалаларда және Павлодар (28,6%), Солтүстік-Қазақстан (14,3%), Шығыс-Қазақстан (13,6), Батыс-Қазақстан (13,6%), Қызылорда (9,7%), Қарағанды (6,8%), Ақтөбе (4%), Қостанай (0,7%) облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (29,8%), Астана (16,7%), Шымкент (9,3%) қалаларында және Атырау (32,2%), Шығыс-Қазақстан (26,8%), Түркістан (20,6%), Солтүстік-Қазақстан (20%), Қызылорда (11,2%), Алматы (8,9%), Қостанай (6%), Ақтөбе (1,7%), облыстарында ұлғайды.

    «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2023ж. қаңтар-қазан
    Қазақстан Республикасында жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2023ж. қаңтар-қазан
    2023 жылғы қаңтар-қазандағы жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
    Жүкайналымы Жолаушылар айналымы
    Республика Казахстан 103,1 111,5
    Абай 89,5 85,5
    Ақмола 85,0 83,0
    Ақтөбе 104,0 101,7
    Алматы 96,4 108,9
    Атырау 96,8 132,2
    БатысҚазақстан 113,6 92,2
    Жамбыл 95,7 88,8
    Жетісу 92,4 94,4
    Қарағанды 106,8 94,0
    Қостанай 100,7 106,0
    Қызылорда 109,7 111,2
    Маңғыстау 97,6 98,4
    Павлодар 128,6 96,6
    СолтүстікҚазақстан 114,3 120,0
    Түркістан 95,3 120,6
    Ұлытау 99,9 93,2
    ШығысҚазақстан 113,6 126,8
    Астана қаласы 116,7 116,7
    Алматы қаласы 125,2 129,8
    Шымкент қаласы 130,2 109,3
    Теміржол көлігі

    2023 жылғы қаңтар-қазанда республика темір жол көлігімен 344,7 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 1,3%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 271,3 млрд. т-км құрады (2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4,7%-ға ұлғайды), 16,6 млн. жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 2,2%-ға артық), жолаушылар айналымы 13,6 млрд. п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 1,5%-ға аз).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2023 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау мен жүк айналымы тиісінше 10,2% және 1,4%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 8,6% және 3,9%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2023 жылғы қаңтар-қазанда 228,1 млн. тонна жүк тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 0,8%-ға артық), жүк айналымы 119,6 млрд.т-км құрады (2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 0,2%-ға азайды).

    Әуе көлігі

    2023 жылғы қаңтар-қазанда республиканың әуе көлігімен 11099,2 мың жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 23,4%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 21673,6 млн.п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 33,7%-ға ұлғайды).

    Ішкі су көлігі

    2023 жылғы қаңтар-қазанда ішкі су көлігімен 676,3 мың тонна жүк тасымалданды, (2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 8,7%-ға ұлғайды) 121,1 мың жолаушы тасымалданды, (2022 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 15,4%-ға аз).

    Теңіз және жағалау көлігі

    2023 жылғы қаңтар-қазанда теңіз көлігімен 1077,4 мың тонна жүк тасымалданды, 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 9,6%-ға ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 672,8 млн. т-км құрады және 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 18,4% өсті.

    *Көлік саласы бойынша статистикалық деректер 2023 жылғы қаңтардан бастап автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды коммерциялық тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер қызметінің көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдіснамалық тәсілдің өзгеруін ескере отырып қалыптастырылды.Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырмалы деректерді алу мақсатында көлік саласының 2022 жылғы негізгі көрсеткіштері қайта қалыптастырылды.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172749077
    Орындаушы:
    Н. Заман
    Тел. +7 7172 749771
    E-mail: n.zaman @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші