Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    107%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың тиісті кезеңіне 107% құрады.
    725,6 млн.
    2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте Республика көлігімен 725,6 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейінен 3,2%-ға артық, осы кезеңде жүк айналымы 372,8 млрд. т-км құрады (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 3,1%-ға өсті), 1146,7 млн. жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 8,7%-ға артық), жолаушылар айналымы 54,1 млрд. п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12%-ға өсті).

    Өңірлік бөліністе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының ұлғаюы Шымкент (36,1%), Алматы (26,9%), Астана (19,6%) қалаларда және Шығыс-Қазақстан (33,8), Павлодар (28,8%), Батыс-Қазақстан (16,1%), Солтүстік-Қазақстан (15,5%), Қызылорда (8,8%), Қарағанды (6,8%), Ақтөбе (3,1%), Ұлытау (0,7%), Қостанай (0,6%) облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (30,5%), Астана (17,4%), Шымкент (7,3%) қалаларында және Атырау (33,8%), Шығыс-Қазақстан (28,2%), Түркістан (24,1%), Солтүстік-Қазақстан (21,4%), Алматы (10,7%), Қызылорда (10,6%), Ақтөбе (2,7%), Қостанай (1,8%), Манғыстау (0,7%) облыстарында ұлғайды.

    «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
     2023ж. қаңтар-қыркүйек
    Қазақстан Республикасында жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
     2023ж. қаңтар-қыркүйек
    2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
    Жүкайналымы Жолаушылар айналымы
    Республика Казахстан 103,1 112,0
    Абай 88,0 85,3
    Ақмола 83,1 81,5
    Ақтөбе 103,1 102,7
    Алматы 96,5 110,7
    Атырау 96,3 133,8
    БатысҚазақстан 116,1 94,6
    Жамбыл 95,5 88,2
    Жетісу 91,6 94,0
    Қарағанды 106,8 95,0
    Қостанай 100,6 101,8
    Қызылорда 108,8 110,6
    Маңғыстау 96,7 100,7
    Павлодар 128,8 98,0
    СолтүстікҚазақстан 115,5 121,4
    Түркістан 94,7 124,1
    Ұлытау 100,7 94,1
    ШығысҚазақстан 133,8 128,2
    Астана қаласы 119,6 117,4
    Алматы қаласы 126,9 130,5
    Шымкент қаласы 136,1 107,3
    Теміржол көлігі

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика темір жол көлігімен 308,1 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейінен 0,7%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 243 млрд. т-км құрады (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 5%-ға ұлғайды), 15,1 млн. жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 2,9%-ға артық), жолаушылар айналымы 12,4 млрд. п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 0,9%-ға аз).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау мен жүк айналымы тиісінше 10,4% және 1,9%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 8,7% және 3,5%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 205,2 млн. тонна жүк тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 0,1%-ға артық), жүк айналымы 107,7 млрд.т-км құрады (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 0,7%-ға азайды).

    Әуе көлігі

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте республиканың әуе көлігімен 9944,5 мың жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 24,9%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 19531,8 млн.п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 35,9%-ға ұлғайды).

    Ішкі су көлігі

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте ішкі су көлігімен 612,3 мың тонна жүк тасымалданды, (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 13,8%-ға ұлғайды) 117,9 мың жолаушы тасымалданды, (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 16%-ға аз).

    Теңіз және жағалау көлігі

    2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте теңіз көлігімен 973,6 мың тонна жүк тасымалданды, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 7,5%-ға ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 602,4 млн. т-км құрады және 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 11,6% өсті.

    *Көлік саласы бойынша статистикалық деректер 2023 жылғы қаңтардан бастап автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды коммерциялық тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер қызметінің көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдіснамалық тәсілдің өзгеруін ескере отырып қалыптастырылды.Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырмалы деректерді алу мақсатында көлік саласының 2022 жылғы негізгі көрсеткіштері қайта қалыптастырылды.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172749077
    Орындаушы:
    Н. Заман
    Тел. +7 7172 749771
    E-mail: n.zaman @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші