Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (37%), Астана (24,3%) қалаларында (37%) Атырау (48%), Солтүстік-Қазақстан (30,2%), Шығыс-Қазақстан (25,6%), Түркістан (23,8%), Манғыстау (22,4%), Алматы (21,6%), Ақтөбе (13,5%), Қызылорда (12,7%) облыстарында ұлғайды.
Жүкайналымы | Жолаушылар айналымы | |
Қазақстан Республикасы | 102,0 | 117,1 |
Абай | 86,5 | 91,4 |
Ақмола | 81,2 | 85,0 |
Ақтөбе | 99,8 | 113,5 |
Алматы | 97,0 | 121,6 |
Атырау | 92,2 | 148,0 |
Батыс Қазақстан | 116,1 | 92,8 |
Жамбыл | 95,3 | 98,5 |
Жетісу | 89,2 | 95,3 |
Қарағанды | 105,9 | 98,6 |
Қостанай | 106,5 | 107,6 |
Қызылорда | 105,2 | 104,4 |
Маңғыстау | 94,7 | 122,4 |
Павлодар | 128,4 | 106,4 |
Солтүстік Қазақстан | 115,7 | 130,2 |
Түркістан | 91,4 | 123,8 |
Ұлытау | 100,5 | 101,2 |
Шығыс Қазақстан | 140,1 | 125,6 |
Астана қаласы | 120,6 | 124,3 |
Алматы қаласы | 134,5 | 137,0 |
Шымкент қаласы | 148,3 | 99,7 |
2023 жылғы қаңтар-мамырда республика темір жол көлігімен 168,8 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылғы қаңтар-мамырмен деңгейінен 3%-ға аз, осы кезеңде жүк айналымы 136,9 млрд. т-км құрады (2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 6%-ға ұлғайды), 7,8 млн. жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 9,3%-ға артық), жолаушылар айналымы 6,2 млрд. п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,9%-ға өсті).
2023 жылғы қаңтар-мамырда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 18%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 11,9% және 4%-ға ұлғайды.
2023 жылғы қаңтар-мамырда 115,4 млн. тонна жүк тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 3,2%-ға аз), жүк айналымы 60,5 млрд.т-км құрады (2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 4,2%-ға азайды).
2023 жылғы қаңтар-мамырда республиканың әуе көлігімен 4633,2 мың жолаушы тасымалданды (2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 30,1%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 9092,5 млн.п-км құрады (2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайды).
2023 жылғы қаңтар-мамыр ішкі су көлігімен 185,6 мың тонна жүк тасымалданды, (2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1,8 есеге ұлғайғаны байқалады) 10,5 мың жолаушы тасымалданды, (2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 11,3% кемігені байқалады).
2023 жылғы қаңтар-мамыр теңіз көлігімен 483,6 мың тонна жүк тасымалданды, 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 6,9%-ға ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 288,7 млн. т-км құрады және 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 6,2% азайды.
*Көлік саласы бойынша статистикалық деректер 2023 жылғы қаңтардан бастап автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды коммерциялық тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер қызметінің көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдіснамалық тәсілдің өзгеруін ескере отырып қалыптастырылды.Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырмалы деректерді алу мақсатында көлік саласының 2022 жылғы негізгі көрсеткіштері қайта қалыптастырылды.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады. .
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).