Өңірлік бөліністе 2026 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының өсуі Астана (4,5%), Шымкент (1,4%), Алматы (0,5%), Жетісу облысы (12,1%), Қызылорда (9,4%), Абай облысы (8,6%), Ақтөбе (3,8%), Ұлытау облысы (3,6%), Ақмола (2,8%), Қостанай (2,2%), Түркістан (2%), Шығыс Қазақстан (1,7%), Жамбыл (1,2%), Қарағанды (0,9%) Маңғыстау (0,6%) және Батыс Қазақстан (0,3%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы Алматы (23%), Шымкент (21,6%) қалаларында, Қостанай (65,7%), Алматы (17%), Ақмола (16,6%), Жетісу облысы (12,6%), Солтүстік Қазақстан (12,3%), Қарағанды (11,6%), Батыс Қазақстан (10,9%), Ақтөбе (7,5%) Жамбыл (4,1%) облыстарында және Абай облысында (0,7%) ұлғайды.
| Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
| Қазақстан Республикасы | 100,7 | 107,4 |
| Абай | 108,6 | 100,7 |
| Ақмола | 102,8 | 116,6 |
| Ақтөбе | 103,8 | 107,5 |
| Алматы | 98,3 | 117,0 |
| Атырау | 94,3 | 67,6 |
| БатысҚазақстан | 100,3 | 110,9 |
| Жамбыл | 101,2 | 104,1 |
| Жетісу | 112,1 | 112,6 |
| Қарағанды | 100,9 | 111,6 |
| Қостанай | 102,2 | 165,7 |
| Қызылорда | 109,4 | 95,2 |
| Маңғыстау | 100,6 | 96,9 |
| Павлодар | 88,0 | 96,8 |
| СолтүстікҚазақстан | 98,4 | 112,3 |
| Түркістан | 102,0 | 94,1 |
| Ұлытау | 103,6 | 84,8 |
| Шығыс Қазақстан | 101,7 | 85,9 |
| Астана қаласы | 104,5 | 99,1 |
| Алматы қаласы | 100,5 | 123,0 |
| Шымкент қаласы | 101,4 | 121,6 |
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика темір жол көлігімен 248,5 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейінен 1,4%-ға төмендеді, осы кезеңде жүк айналымы 219,6 млрд. т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1,5%-ға өсті), 14,2 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 4,4%-ға кем), жолаушылар айналымы 12,1 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 0,9%-ға төмендеді).
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 5,6%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 6,2%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 3,5% және 9%-ға ұлғайды.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте 189,8 млн. тонна жүк тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 2,4%-ға кем), жүк айналымы 128,0 млрд.т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2,2%-ға кеміді).
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте республиканың әуе көлігімен 12,4 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 4,1%-ға өсті), жолаушылар айналымы 25,5 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 9,5%-ға ұлғайды).
2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ішкі су көлігімен 265,0 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 1,6 есеге көп.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте теңіз көлігімен 3 035,6 мың тонна жүк тасымалданды, 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 7,9% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 567,7 млн. т-км құрады және 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 20,8% ұлғайды.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).