Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    107,3%
    «Көлік және қоймалау» секциясы қызметтерінің нақты көлем индексі 2026 жылғы қаңтар-тамызда өткен жылдың тиісті кезеңіне 107,3% құрады.
    625,7 млн.
    2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасы көлігімен 625,7 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 0,6%-ға өсті.
    342,6 млрд.
    Осы кезеңде жүк айналымы 342,6 млрд. т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,8%-ға жоғарылады).
    1 285,4 млн.
    1 285,4 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 3,8%-ға өсті).
    64 млрд.
    Жолаушылар айналымы 64 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 7%-ға өсті).

    Өңірлік бөліністе 2026 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының өсуі Астана (5,2%), Шымкент (1,3%), Абай облысы (9,2%), Жетісу облысы (13%), Қызылорда (10%), Ақтөбе (4,3%), Ұлытау облысы (3,9%), Ақмола (2,7%), Қостанай (2,6%), Түркістан (2,6%), Шығыс Қазақстан (1,5%), Батыс Қазақстан (1,4%), Жамбыл (1%), Маңғыстау (0,7%) және Қарағанды (0,3%) облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы Алматы (22,6%), Шымкент (21%) қалаларында, Қостанай (67,9%), Алматы (16,7%), Ақмола (16,2%), Жетісу облысы (12,4%), Батыс Қазақстан (11,9%), Қарағанды (11,7%), Солтүстік Қазақстан (9,1%), Ақтөбе (6,8%) және Жамбыл (5,8%) облыстарында ұлғайды.

    2026 жылғы қаңтар-тамыздағы жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
      Жүк айналымы Жолаушылар айналымы
    Қазақстан Республикасы    100,8    107,0
    Абай    109,2    101,3
    Ақмола    102,7    116,2
    Ақтөбе    104,3    106,8
    Алматы    97,4    116,7
    Атырау    94,3    65,6
    БатысҚазақстан    101,4    111,9
    Жамбыл    101,0    105,8
    Жетісу    113,0    112,4
    Қарағанды    100,3    111,7
    Қостанай    102,6    167,9
    Қызылорда    110,0    94,6
    Маңғыстау    100,7    96,5
    Павлодар    88,3    96,4
    СолтүстікҚазақстан    99,0    109,1
    Түркістан    102,6    94,8
    Ұлытау    103,9    85,3
    Шығыс Қазақстан    101,5    86,0
    Астана қаласы    105,2    98,8
    Алматы қаласы    99,4    122,6
    Шымкент қаласы    101,3    121,0
    Теміржол көлігі

    2026 жылғы қаңтар-тамызда республика темір жол көлігімен 218,8 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 1,8%-ға төмендеді, осы кезеңде жүк айналымы 194,4 млрд. т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 1,7%-ға өсті), 13 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 3,9%-ға кем), жолаушылар айналымы 11 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 0,1%-ға төмендеді).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2026 жылғы қаңтар-тамызда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 5,2%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 6,8%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 3,9% және 8%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2026 жылғы қаңтар-тамызда 170,3 млн. тонна жүк тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 2,3%-ға кем), жүк айналымы 114,6 млрд.т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 2,4%-ға кеміді).

    Әуе көлігі

    2026 жылғы қаңтар-тамызда республиканың әуе көлігімен 11 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,8%-ға өсті), жолаушылар айналымы 22,7 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 9,4%-ға ұлғайды).

    Ішкі су көлігі

    2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында ішкі су көлігімен 193,5 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 1,5 есеге көп.

    Теңіз және жағалау көлігі

    2026 жылғы қаңтар-тамызда теңіз көлігімен 2 765,5 мың тонна жүк тасымалданды, 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 11,3% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 410,1 млн. т-км құрады және 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 22,3% ұлғайды.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).


    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Д. Иманбаев
    (департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172749077
    Орындаушы:
    Ш. Шукербаева
    Тел. +7 7172 749271
    E-mail: sh.shukerbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс