Өңірлік бөліністе 2026 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының өсуі Астана (6,5%), Шымкент (0,2%), Жетісу облысы (14,5%), Абай облысы (10,4%), Қызылорда (9%), Ақтөбе (5,3%), Ұлытау облысы (4,3%), Ақмола (3,5%), Түркістан (3,5%), Батыс Қазақстан (1,9%), Қостанай (1,8%), Шығыс Қазақстан (1,7%), Жамбыл (1,3%) және Маңғыстау (0,9%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы Алматы (22,1%), Шымкент (20%) қалаларында, Қостанай (63%), Ақмола (18,7%), Алматы (16,2%), Қарағанды (12,8%), Жетісу облысы (12,2%), Батыс Қазақстан (11,5%), Солтүстік Қазақстан (9,3%), Жамбыл (7,3%), Ақтөбе (5,8%) және Абай (1,6%) облыстарында ұлғайды.
| Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
| Қазақстан Республикасы | 101,0 | 106,1 |
| Абай | 110,4 | 101,6 |
| Ақмола | 103,5 | 118,7 |
| Ақтөбе | 105,3 | 105,8 |
| Алматы | 96,4 | 116,2 |
| Атырау | 94,0 | 62,3 |
| БатысҚазақстан | 101,9 | 111,5 |
| Жамбыл | 101,3 | 107,3 |
| Жетісу | 114,5 | 112,2 |
| Қарағанды | 99,9 | 112,8 |
| Қостанай | 101,8 | 163,0 |
| Қызылорда | 109,0 | 93,5 |
| Маңғыстау | 100,9 | 95,4 |
| Павлодар | 90,7 | 96,5 |
| СолтүстікҚазақстан | 99,6 | 109,3 |
| Түркістан | 103,5 | 96,1 |
| Ұлытау | 104,3 | 86,4 |
| Шығыс Қазақстан | 101,7 | 86,1 |
| Астана қаласы | 106,5 | 97,6 |
| Алматы қаласы | 99,0 | 122,1 |
| Шымкент қаласы | 100,2 | 120,0 |
2026 жылғы қаңтар-шілдеде республика темір жол көлігімен 190,1 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 1,7%-ға төмендеді, осы кезеңде жүк айналымы 170,1 млрд. т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 2,5%-ға өсті), 11,1 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 3,5%-ға кем), жолаушылар айналымы 9,3 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,1%-ға өсті).
2026 жылғы қаңтар-шілдеде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 6,2%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 6,5%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 4,6% және 6,8%-ға ұлғайды.
2026 жылғы қаңтар-шілдеде 148,5 млн. тонна жүк тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 2,6%-ға кем), жүк айналымы 99,2 млрд.т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 2,9%-ға кеміді).
2026 жылғы қаңтар-шілдеде республиканың әуе көлігімен 9,2 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 2,8%-ға өсті), жолаушылар айналымы 19,0 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8,1%-ға ұлғайды).
2026 жылдың қаңтар-шілде айларында ішкі су көлігімен 155,2 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 1,7 есеге көп.
2026 жылғы қаңтар-шілдеде теңіз көлігімен 2 420,6 мың тонна жүк тасымалданды, 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 7,2% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 227,1 млн. т-км құрады және 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 18% ұлғайды.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).