Өңірлік бөліністе 2026 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының өсуі Астана (8,5%), Алматы (0,4%) қаласында, Жетісу облысы (16,3%), Абай облысы (12,2%), Қызылорда (8,7%), Ақтөбе (6,9%), Түркістан (5,8%), Ақмола (4,9%), Ұлытау облысы (4,6%), Шығыс Қазақстан (2,5%), Батыс Қазақстан (1,9%), Жамбыл (1,9%), Маңғыстау (1,9%) және Қостанай (0,2%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы Алматы (22,3%), Шымкент (19,2%) қалаларында, Қостанай (62,7%), Ақмола (20,6%), Алматы (15,8%), Қарағанды (14,2%), Жетісу облысы (13,6%), Батыс Қазақстан (10%), Жамбыл (8,9%), Солтүстік Қазақстан (8,9%), Ақтөбе (4,6%) және Абай (2,3%) облыстарында ұлғайды.
| Жүк йналымы | Жолаушылар айналымы | |
| Қазақстан Республикасы | 102,0 | 105,1 |
| Абай | 112,2 | 102,3 |
| Ақмола | 104,9 | 120,6 |
| Ақтөбе | 106,9 | 104,6 |
| Алматы | 96,0 | 115,8 |
| Атырау | 95,3 | 58,6 |
| БатысҚазақстан | 101,9 | 110,0 |
| Жамбыл | 101,9 | 108,9 |
| Жетісу | 116,3 | 113,6 |
| Қарағанды | 99,8 | 114,2 |
| Қостанай | 100,2 | 162,7 |
| Қызылорда | 108,7 | 94,8 |
| Маңғыстау | 101,9 | 91,8 |
| Павлодар | 93,5 | 96,3 |
| СолтүстікҚазақстан | 99,9 | 108,9 |
| Түркістан | 105,8 | 96,8 |
| Ұлытау | 104,6 | 87,7 |
| Шығыс Қазақстан | 102,5 | 87,1 |
| Астана қаласы | 108,5 | 96,5 |
| Алматы қаласы | 100,4 | 122,3 |
| Шымкент қаласы | 99,7 | 119,2 |
2026 жылғы қаңтар-маусымда республика темір жол көлігімен 162,5 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 1,6%-ға төмендеді, осы кезеңде жүк айналымы 146,7 млрд. т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 4%-ға өсті), 9,2 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 3,3%-ға кем), жолаушылар айналымы 7,6 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 0,1%-ға өсті).
2026 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 9%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 6,4%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 5,7% және 5,1%-ға ұлғайды.
2026 жылғы қаңтар-маусымда 128,2 млн. тонна жүк тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 2%-ға кем), жүк айналымы 84,6 млрд.т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 2,4%-ға кеміді).
2026 жылғы қаңтар-маусымда республиканың әуе көлігімен 7,4 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 2,6%-ға өсті), жолаушылар айналымы 15,3 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 7,9%-ға ұлғайды).
2026 жылдың қаңтар-маусым айларында ішкі су көлігімен 110,8 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 2 есеге көп.
2026 жылғы қаңтар-маусымда теңіз көлігімен 2085,6 мың тонна жүк тасымалданды, 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 7,3% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1054,7 млн. т-км құрады және 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 19,4% ұлғайды.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).