Өңірлік бөліністе 2026 жылғы қаңтар-мамырда жүк айналымының кемуі Астана (7,3%), Шымкент (5%), Алматы (2,4%) қаласында, Қостанай (13,8%), Жамбыл (13,2%), Шығыс Қазақстан (12,1%), Қарағанды (11%), Ақмола (10,9%), Алматы облысында (10%), Солтүстік Қазақстан (9,9%), Павлодар (9,6%), Атырау (8,4%), Ұлытау облысы (6,6%), Қызылорда (6,4%), Ақтөбе (6%), Маңғыстау (3,9%), Батыс Қазақстан (3,3%), Абай облысы (1,9%) және Түркістан (0,7%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы Алматы (22,2%), Шымкент (18,7%) қалаларында, Қостанай (60,3%), Ақмола (21,3%), Алматы облысында (15,4%), Қарағанды (15,3%), Жетісу облысы (14%), Жамбыл (12,2%), Солтүстік Қазақстан (7,7%), Батыс Қазақстан (7,5%), Абай облысы (3,3%) және Ақтөбе (3,2%) облыстарында ұлғайды.
| Жүк йналымы | Жолаушылар айналымы | |
| Қазақстан Республикасы | 93,0 | 104,1 |
| Абай | 98,1 | 103,3 |
| Ақмола | 89,1 | 121,3 |
| Ақтөбе | 94,0 | 103,2 |
| Алматы | 90,0 | 115,4 |
| Атырау | 91,6 | 54,1 |
| БатысҚазақстан | 96,7 | 107,5 |
| Жамбыл | 86,8 | 112,2 |
| Жетісу | 105,8 | 114,0 |
| Қарағанды | 89,0 | 115,3 |
| Қостанай | 86,2 | 160,3 |
| Қызылорда | 93,6 | 99,8 |
| Маңғыстау | 96,1 | 90,1 |
| Павлодар | 90,4 | 96,3 |
| СолтүстікҚазақстан | 90,1 | 107,7 |
| Түркістан | 99,3 | 98,7 |
| Ұлытау | 93,4 | 89,4 |
| Шығыс Қазақстан | 87,9 | 88,2 |
| Астана қаласы | 92,7 | 94,2 |
| Алматы қаласы | 97,6 | 122,2 |
| Шымкент қаласы | 95,0 | 118,7 |
2026 жылғы қаңтар-мамырда республика темір жол көлігімен 135,7 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 1,8%-ға төмендеді, осы кезеңде жүк айналымы 123,4 млрд. т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 11,1%-ға кеміді), 7,5 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 3,4%-ға кем), жолаушылар айналымы 6 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 3,4%-ға төмендеді).
2026 жылғы қаңтар-мамырда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 9,7%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 5,4%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 6,8% және 3,7%-ға ұлғайды.
2026 жылғы қаңтар-мамырда 106,5 млн. тонна жүк тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,4%-ға кем), жүк айналымы 70 млрд.т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,6%-ға кеміді).
2026 жылғы қаңтар-мамырда республиканың әуе көлігімен 5,8 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті), жолаушылар айналымы 12 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 7%-ға ұлғайды).
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында ішкі су көлігімен 69,4 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 5,1 есеге көп.
2026 жылғы қаңтар-мамырда теңіз көлігімен 1751,6 мың тонна жүк тасымалданды, 2025 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 9,5% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 879,6 млн. т-км құрады және 2025 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 17,6% ұлғайды.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).