Өңірлік бөліністе 2026 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының кемуі Астана (6,9%), Шымкент (3,6%), Алматы (3,4%) қаласында, Қостанай (15,6%), Жамбыл (14,1%), Шығыс Қазақстан (13,5%), Қарағанды (12%), Ақмола (11,4%), Алматы облысында (10,6%), Атырау (10,6%), Солтүстік Қазақстан (10,1%), Қызылорда (8,8%), Ақтөбе (5,8%), Ұлытау облысы (5,2%), Маңғыстау (4,3%), Батыс Қазақстан (2,6%) және Абай (1,4%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы Шымкент (26%), Алматы (21,9%) қалаларында, Қостанай (59,6%), Ақмола (24,1%), Жамбыл (19,9%), Қарағанды (18,3%), Алматы облысында (17,2%), Жетісу облысы (16,7%), Батыс Қазақстан (5,1%), Солтүстік Қазақстан (4,7%), Абай облысы (4,5%), Түркістан (2%), Қызылорда (1,7%) және Ақтөбе (1,5%) облыстарында ұлғайды.
| Жүк йналымы | Жолаушылар айналымы | |
| Қазақстан Республикасы | 93,2 | 104,6 |
| Абай | 98,6 | 104,5 |
| Ақмола | 88,6 | 124,1 |
| Ақтөбе | 94,2 | 101,5 |
| Алматы | 89,4 | 117,2 |
| Атырау | 89,4 | 54,3 |
| БатысҚазақстан | 97,4 | 105,1 |
| Жамбыл | 85,9 | 119,9 |
| Жетісу | 106,8 | 116,7 |
| Қарағанды | 88,0 | 118,3 |
| Қостанай | 84,4 | 159,6 |
| Қызылорда | 91,2 | 101,7 |
| Маңғыстау | 95,7 | 89,4 |
| Павлодар | 101,6 | 97,0 |
| СолтүстікҚазақстан | 89,9 | 104,7 |
| Түркістан | 101,5 | 102,0 |
| Ұлытау | 94,8 | 91,6 |
| Шығыс Қазақстан | 86,5 | 88,7 |
| Астана қаласы | 93,1 | 93,9 |
| Алматы қаласы | 96,6 | 121,9 |
| Шымкент қаласы | 96,4 | 126,0 |
2026 жылғы қаңтар-сәуірде республика темір жол көлігімен 110,3 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар-сәуір деңгейінен 1,1%-ға төмендеді, осы кезеңде жүк айналымы 99,8 млрд. т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 10,3%-ға кеміді), 6,0 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 3,1%-ға кем), жолаушылар айналымы 4,7 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 0,2%-ға төмендеді).
2026 жылғы қаңтар-сәуірде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 15,5%-ға өсті және автомобиль көлігінің жүк айналымы 8,2%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 8,9% және 3,5%-ға ұлғайды.
2026 жылғы қаңтар-сәуірде 84,8 млн. тонна жүк тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 3,3%-ға кем), жүк айналымы 55,2 млрд.т-км құрады (2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4%-ға кеміді).
2026 жылғы қаңтар-сәуірде республиканың әуе көлігімен 4,5 млн. жолаушы тасымалданды (2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 2,7%-ға өсті), жолаушылар айналымы 9,5 млрд. ж-км құрады (2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 9,1%-ға ұлғайды).
2026 жылғы қаңтар-сәуірде теңіз көлігімен 1 363,0 мың тонна жүк тасымалданды, 2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,2% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 675,5 млн. т-км құрады және 2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 9,3% ұлғайды.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).