Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Негізгі ойлар
    Релиз от 14.11.2022 г.
    103,9%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2022 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылдың тиісті кезеңіне 103,9% құрады.
    3063,6 млн.
    2022 жылғы қаңтар-қазанда Республика көлігімен 3063,6 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 2,9%-ға аз, осы кезеңде жүк айналымы 495,1 млрд. т-км құрады (2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,5%-ға өсті), 5917,3 млн. жолаушы тасымалданды (2,8%-ға артық 2021 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда), жолаушылар айналымы 92,8 млрд. п-км құрады (2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 11,4%-ға өсті).
    1,6%
    Өңірлік бөліністе 2022 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының ұлғаюы Қызылорда (22,7%), Ақмола (19,6%), Ақтөбе (10,4%), Түркістан (10,2%), Жетісу (5,7%) облыстарында және Астана қаласында (12,1%) байқалады. Жолаушылар айналымы барлық облыстарда, ең көп дәрежеде Маңғыстау (1,9 есе), Батыс Қазақстан (50,5%) және Жетісу (37,5%) облыстарында ұлғайды.
    «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    Қазақстан Республикасында жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2022 жылғы қаңтар-қазандағы жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
    Жүк айналымы
    Жолаушылар айналымы
    Республика Казахстан
    102,5
    111,4
    Абай
    103,7
    108,5
    Ақмола
    119,6
    123,6
    Ақтөбе
    110,4
    126,8
    Алматы
    98,3
    127,75
    Атырау
    84,7
    128,8
    Батыс Қазақстан
    74,8
    150,5
    Жамбыл
    100,3
    110,6
    Жетісу
    105,7
    137,5
    Қарағанды
    102,0
    96,3
    Қостанай
    101,5
    113,8
    Қызылорда
    122,7
    118,0
    Маңғыстау
    97,2
    188,6
    Павлодар
    102,2
    99,8
    Солтүстік Қазақстан
    92,6
    107,5
    Түркістан
    110,2
    126,7
    Ұлытау
    93,1
    114,0
    Шығыс Қазақстан
    101,2
    106,5
    Астана қаласы
    112,2
    107,8
    Алматы қаласы
    105,0
    107,8
    Шымкент қаласы
    104,6
    99,0
    Теміржол көлігі
    2022 жылғы қаңтар-қазанда республика темір жол көлігімен 340,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 0,7%-ға аз, осы кезеңде жүк айналымы 259,0 млрд. т-км құрады (2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 5,4%-ға ұлғайды), 16,3 млн. жолаушы тасымалданды (2021 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 32,7%-ға артық), жолаушылар айналымы 13,8 млрд. п-км құрады (2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 38,4%-ға өсті).
    Автомобиль және қалалық электр көлігі
    2022 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігінің жүктері мен жүк айналымы тиісінше 3,7% және 7,4%-ға төмендегені байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 2,7% және 2,8%-ға ұлғайды.
    Құбыр көлігі
    2022 жылғы қаңтар-қазанда 226,4 млн. тонна жүк тасымалданды (2021 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 3,3%-ға артық), жүк айналымы – 119,8 млрд.т-км (2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 7,4%-ға өсті).
    Әуе көлігі
    2022 жылғы қаңтар-қазанда республиканың әуе көлігімен 9,0 млн. жолаушы тасымалданды (2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 15,8%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 16,2 млрд.п-км құрады (2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 32,3%-ға ұлғайды).
    Ішкі су көлігі
    2022 жылғы қаңтар-қазанда республиканың ішкі су көлігінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүктер мен жолаушылар тасымалының 12,5% және 64,5%-ға төмендеуі байқалады.
    Теңіз және жағалау көлігі
    2022 жылғы қаңтар-қазанда теңіз көлігімен 983,5 мың тонна жүк тасымалданды, жүк айналымы 568,2 млн. т-км құрады (осы көрсеткіштер бойынша 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда тиісінше 18,5% және 28,2% ға өсім байқалады).
    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген. Одан басқа, көлік жұмысының негізгі көрсеткіштеріне (жүк тасымалдау, жүк айналымы, жолаушы тасымалдау, жолаушы айналымы) автомобильдік коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер жұмысы көлемінің бағалауы кіреді. Бағалау принципі ҚР ИИДМ ұсынған жеке меншік нысанындағы кәсіпорынның 1 автокөлігіне және оның әрі қарай азаматтардың жеке меншігіндегі техникалық ақауы жоқ автокөліктер санына таралу жұмыс көлемінің есептелуіне негізделген.

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172749060
    Орындаушы:
    Е. Сарбасов
    Тел. +7 7172 749771
    E-mail: e.sarbasov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші