Өңірлік бөліністе 2024 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының өсуі Шымкент (29,0%), Астана (24,2%), Алматы (21,7%) қалаларында және Павлодар (14,1%), Жамбыл (6,1%), Атырау (3,7%),Маңғыстау (1,6%) және Қызылорда (0.5%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (18,6%), Астана (15,4%) қалаларында және Маңғыстау (72,7%), Алматы (65,2%), Ұлытау (36,1%), , Жамбыл (18,8%), Павлодар (14,2%), Атырау (12,1%), Қостанай (10,8%), Қызылорда (4,8%), Ақмола (3,2%), Батыс Қазақстан (2,5%), Ақтөбе (2,4%) және Қарағанды(1,3%) облыстарында ұлғайды.
Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
Қазақстан Республикасы | 101,6 | 113,7 |
Абай | 90,8 | 100,3 |
Ақмола | 96,5 | 103,2 |
Ақтөбе | 92,7 | 102,4 |
Алматы | 95,9 | 165,2 |
Атырау | 103,7 | 112,1 |
Батыс Қазақстан | 99,6 | 102,5 |
Жамбыл | 106,1 | 118,7 |
Жетісу | 79,0 | 88,5 |
Қарағанды | 96,1 | 101,3 |
Қостанай | 99,7 | 110,8 |
Қызылорда | 100,5 | 104,8 |
Маңғыстау | 101,6 | 172,7 |
Павлодар | 114,1 | 114,2 |
Солтүстік Қазақстан | 88,1 | 91,6 |
Түркістан | 95,4 | 84,4 |
Ұлытау | 89,3 | 136,1 |
Шығыс Қазақстан | 89,4 | 94,4 |
Астана қаласы | 124,2 | 115,4 |
Алматы қаласы | 121,7 | 118,6 |
Шымкент қаласы | 129,0 | 94,0 |
2024 жылғы қаңтар-қазанда республика темір жол көлігімен 352,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 2,2%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 267,5 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1,4%-ға азайды), 17,6 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 5,6%-ға артық), жолаушылар айналымы 13,8 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қазан қарағанда 1,3%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-қазан өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 19,8%-ға өсті және жүк айналымы 21,2%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 9,9% және 24,3%-ға ұлғайды.
2024 жылғы қаңтар-қазан 244,6 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 7,2%-ға артық), жүк айналымы 124,3 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 3,9%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-қазанда республиканың әуе көлігімен 12,3 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 11%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 23,7 млрд.п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 9,2%-ға ұлғайды).
2024 жылғы қаңтар-қазанда ішкі су көлігімен 349,5 мың тонна жүк тасымалданды, (2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 48,3%-ға азайды) 231,1 мың жолаушы тасымалданды, (2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 90,9%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-қазанда теңіз көлігімен 2,4 млн. тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,2 есеге ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 348,5 млн. т-км құрады және 2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2 есеге өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).