Өңірлік бөліністе 2024 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының өсуі Шымкент (28,7%), Астана (23,8%), Алматы (16,8%) қалаларында және Павлодар (10,2%), Жамбыл (4,6%), Атырау (3,3%), Қызылорда (0,7%) және Маңғыстау (0,7%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (21,7%), Астана (17,4%) қалаларында және Маңғыстау (60,2%), Алматы (58,9%), Ұлытау (34,4%), Қостанай (24,7%), Жамбыл (18,9%), Павлодар (15,4%), Атырау (10,1%), Қызылорда (6,5%), Ақмола (4,4%), Батыс Қазақстан (2,2%), және Ақтөбе (1,4%) облыстарында ұлғайды.
Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
Қазақстан Республикасы | 100,5 | 114,2 |
Абай | 90,0 | 99,0 |
Ақмола | 95,0 | 104,4 |
Ақтөбе | 92,4 | 101,4 |
Алматы | 95,5 | 158,9 |
Атырау | 103,3 | 110,1 |
Батыс Қазақстан | 94,8 | 102,2 |
Жамбыл | 104,6 | 118,9 |
Жетісу | 79,1 | 89,7 |
Қарағанды | 94,4 | 96,0 |
Қостанай | 97,6 | 124,7 |
Қызылорда | 100,7 | 106,5 |
Маңғыстау | 100,7 | 160,2 |
Павлодар | 110,2 | 115,4 |
Солтүстік Қазақстан | 87,4 | 89,1 |
Түркістан | 95,9 | 81,6 |
Ұлытау | 88,9 | 134,4 |
Шығыс Қазақстан | 88,3 | 93,4 |
Астана қаласы | 123,8 | 117,4 |
Алматы қаласы | 116,8 | 121,7 |
Шымкент қаласы | 128,7 | 97,6 |
2024 жылғы қаңтар-тамызда республика темір жол көлігімен 269,6 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 1,2%-ға азайды, осы кезеңде жүк айналымы 209,2 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,4%-ға азайды), 14,4 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6,1%-ға артық), жолаушылар айналымы 11,2 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 1,3%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-тамызды өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 18,7%-ға өсті және жүк айналымы 24,7%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 11,5% және 24,7%-ға ұлғайды.
2024 жылғы қаңтар-тамызда 195,9 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 7,1%-ға артық), жүк айналымы 100,3 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 4%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-тамызда республиканың әуе көлігімен 9,9 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 13,3%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 19,1 млрд.п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 10,6%-ға ұлғайды).
2024 жылғы қаңтар-тамызда ішкі су көлігімен 271,2 мың тонна жүк тасымалданды, (2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 46,6%-ға азайды) 212,1 мың жолаушы тасымалданды, (2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 91%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-тамызда теңіз көлігімен 1,9 млн. тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 2,1 есеге ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 1 106,1 млн. т-км құрады және 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 2 есеге өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).