Өңірлік бөліністе 2024 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының төмендеуі Жетісу (22,8%), Солтүстік Қазақстан (12,8%), Шығыс-Қазақстан (12%), Ұлытау (11,3%), Абай (10,2%), Ақтөбе (7,9%), Батыс Қазақстан (7,4%), Қарағанды (6,6%), Ақмола (5,4%), Түркістан (5,2%), Алматы (4,9%), Қостанай (3,5%) және Маңғыстау (0,2%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (22,2%), Астана (18,3%) қалаларында және Маңғыстау (53,6%), Алматы (52,5%), Ұлытау (32,2%), Қостанай (26,4%), Жамбыл (18,2%), Павлодар (15,4%), Атырау (9,5%), Қызылорда (7,9%), Ақмола (3,7%), Батыс Қазақстан (3,3%), және Ақтөбе (0,6%) облыстарында ұлғайды.
Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
Қазақстан Республикасы | 99,7 | 114,1 |
Абай | 89,8 | 94,9 |
Ақмола | 94,6 | 103,7 |
Ақтөбе | 92,1 | 100,6 |
Алматы | 95,1 | 152,5 |
Атырау | 102,8 | 109,5 |
Батыс Қазақстан | 92,6 | 103,3 |
Жамбыл | 103,7 | 118,2 |
Жетісу | 77,2 | 90,8 |
Қарағанды | 93,4 | 95,0 |
Қостанай | 96,5 | 126,4 |
Қызылорда | 100,0 | 107,9 |
Маңғыстау | 99,8 | 153,6 |
Павлодар | 108,0 | 115,4 |
Солтүстік Қазақстан | 87,2 | 88,5 |
Түркістан | 94,8 | 84,9 |
Ұлытау | 88,7 | 132,2 |
Шығыс Қазақстан | 88,0 | 92,1 |
Астана қаласы | 124,8 | 118,3 |
Алматы қаласы | 114,4 | 122,2 |
Шымкент қаласы | 127,7 | 99,5 |
2024 жылғы қаңтар-шілдеде республика темір жол көлігімен 232,8 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 2%-ға азайды, осы кезеңде жүк айналымы 181,7 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 4,2%-ға азайды), 12,3 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 6,3%-ға артық), жолаушылар айналымы 9,5 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,9%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-шілдеде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 17%-ға өсті және жүк айналымы 26%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 11,4% және 23,8%-ға ұлғайды.
2024 жылғы қаңтар-шілдеде 169,8 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 5,8%-ға артық), жүк айналымы 87 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 2,9%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-шілдеде республиканың әуе көлігімен 8,3 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 14%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 16,1 млрд.п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 11,4%-ға ұлғайды).
2024 жылғы қаңтар-шілдеде ішкі су көлігімен 221,4 мың тонна жүк тасымалданды, (2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 41,4%-ға азайды) 156,9 мың жолаушы тасымалданды, (2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 73,9%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-шілдеде теңіз көлігімен 1,6 млн. тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 2,1 есеге ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 966 млн. т-км құрады және 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 2,1 есеге өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).