Өңірлік бөліністе 2024 жылғы қаңтар-мамырда жүк айналымының төмендеуі Жетісу (22,8%), Солтүстік Қазақстан (13,6%), Шығыс-Қазақстан (13,4%), Ұлытау (11,5%), Абай (11%), Ақтөбе (8,4%), Қарағанды (8,2%), Қостанай (7,7%), Ақмола (7,2%), Түркістан (7,1%), Батыс Қазақстан (6,1%), Алматы (5,5%), Маңғыстау (1,4%) және Қызылорда (0,8%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (22,7%), Астана (19,7%), Шымкент (5,5%) қалаларында және Алматы (36,3%), Маңғыстау (35,7%), Қостанай (29%), Ұлытау (27,4%), Жамбыл (19,3%), Павлодар (11%), Қызылорда (9,8%), Атырау (8,9%) және Ақмола (2,3%) облыстарында ұлғайды.
Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
Республика Казахстан | 97,1 | 113,0 |
Абай | 89,0 | 87,6 |
Ақмола | 92,8 | 102,3 |
Ақтөбе | 91,6 | 98,7 |
Алматы | 94,5 | 136,3 |
Атырау | 100,1 | 108,9 |
Батыс Қазақстан | 93,9 | 96,1 |
Жамбыл | 101,4 | 119,3 |
Жетісу | 77,2 | 91,7 |
Қарағанды | 91,8 | 91,8 |
Қостанай | 92,3 | 129,0 |
Қызылорда | 99,2 | 109,8 |
Маңғыстау | 98,6 | 135,7 |
Павлодар | 101,7 | 111,0 |
Солтүстік Қазақстан | 86,4 | 88,8 |
Түркістан | 92,9 | 94,2 |
Ұлытау | 88,5 | 127,4 |
Шығыс Қазақстан | 86,6 | 89,0 |
Астана қаласы | 117,1 | 119,7 |
Алматы қаласы | 109,0 | 122,7 |
Шымкент қаласы | 115,2 | 105,5 |
2024 жылғы қаңтар-мамырда республика темір жол көлігімен 162,5 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 3,7%-ға азайды, осы кезеңде жүк айналымы 127,1 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 7,2%-ға азайды), 8,3 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 6,4%-ға артық), жолаушылар айналымы 6,3 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 1,3%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-мамырда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 15,2%-ға өсті және жүк айналымы 20,5%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 9,4% және 19%-ға ұлғайды.
2024 жылғы қаңтар-мамырда 120,9 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 4,7%-ға артық), жүк айналымы 61,8 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 2,1%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-мамырда республиканың әуе көлігімен 5,4 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 17,4%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 10,3 млрд.п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 12,8%-ға ұлғайды).
2024 жылғы қаңтар-мамырда ішкі су көлігімен 72,1 мың тонна жүк тасымалданды, (2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 61,1%-ға азайды) 14,6 мың жолаушы тасымалданды, (2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 39,5%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-мамырда теңіз көлігімен 1,1 млн. тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 2,3 есеге ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 652 млн. т-км құрады және 2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 2,3 есеге өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).