Өңірлік бөліністе 2024 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының төмендеуі Жетісу (23,1%), Солтүстік Қазақстан (13,3%), Шығыс-Қазақстан (12,6%), Ұлытау (11,5%), Абай (10,7%), Ақтөбе (8,1%), Батыс Қазақстан (7,7%), Қарағанды (7,7%), Ақмола (6,4%), Түркістан (6,4%), Қостанай (5,8%), Алматы (5,4%), Маңғыстау (1,2%) және Қызылорда (0,5%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (20,9%), Астана (18,4%), Шымкент (1,5%) қалаларында және Маңғыстау (44%), Алматы (39,7%), Қостанай (30,1%), Ұлытау (29,7%), Жамбыл (17,7%), Павлодар (13,2%), Қызылорда (8,9%), Атырау (8,3%) және Ақмола (2,8%) облыстарында ұлғайды.
Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
Қазақстан Республикасы | 98,2 | 112,9 |
Абай | 89,3 | 89,2 |
Ақмола | 93,6 | 102,8 |
Ақтөбе | 91,9 | 98,9 |
Алматы | 94,6 | 139,7 |
Атырау | 101,9 | 108,3 |
Батыс Қазақстан | 92,3 | 99,6 |
Жамбыл | 102,3 | 117,7 |
Жетісу | 76,9 | 93,0 |
Қарағанды | 92,3 | 93,4 |
Қостанай | 94,2 | 130,1 |
Қызылорда | 99,5 | 108,9 |
Маңғыстау | 98,8 | 144,0 |
Павлодар | 105,2 | 113,2 |
Солтүстік Қазақстан | 86,7 | 88,6 |
Түркістан | 93,6 | 88,4 |
Ұлытау | 88,5 | 129,7 |
Шығыс Қазақстан | 87,4 | 91,2 |
Астана қаласы | 119,3 | 118,4 |
Алматы қаласы | 110,6 | 120,9 |
Шымкент қаласы | 124,3 | 101,5 |
2024 жылғы қаңтар-маусымда республика темір жол көлігімен 197,6 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 2,3%-ға азайды, осы кезеңде жүк айналымы 153,7 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 5,7%-ға азайды), 10,3 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 6,6%-ға артық), жолаушылар айналымы 7,8 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 0,5%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 14,9%-ға өсті және жүк айналымы 20,3%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 10,3% және 21,1%-ға ұлғайды.
2024 жылғы қаңтар-маусымда 144,7 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 4,9%-ға артық), жүк айналымы 74,1 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 2,3%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-маусымда республиканың әуе көлігімен 6,8 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 14,8%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 12,9 млрд.п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,7%-ға ұлғайды).
2024 жылғы қаңтар-маусымда ішкі су көлігімен 156,3 мың тонна жүк тасымалданды, (2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 40,8%-ға азайды) 74,2 мың жолаушы тасымалданды, (2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 40,1%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-маусымда теңіз көлігімен 1,4 млн. тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 2,2 есеге ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 818,9 млн. т-км құрады және 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 2,1 есеге өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).