Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    107,8%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2024 жылғы қаңтар-сәуірде өткен жылдың тиісті кезеңіне 107,8% құрады.
    321,3 млн.
    2024 жылғы қаңтар-сәуірде Республика көлігімен 321,3 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуір деңгейінен 4,4%-ға өсті.
    160,4 млрд.
    Осы кезеңде жүк айналымы 160,4 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 3,2%-ға азайды).
    549,1 млн.
    549,1 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 8,4%-ға өсті).
    24,4 млрд.
    Жолаушылар айналымы 24,4 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 11,1%-ға өсті).

    Өңірлік бөліністе 2024 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының төмендеуі Жетісу (21,2%), Шығыс-Қазақстан (13,9%), Солтүстік Қазақстан (13,8%), Абай (10,6%), Ұлытау (10,5%), Қостанай (9,2%), Ақтөбе (8,5%), Қарағанды (8,3%), Ақмола (7,8%), Түркістан (6,8%), Батыс Қазақстан (4,8%), Алматы (3,7%), Қызылорда (1,5%) және Маңғыстау (0,7%) облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (21%), Астана (18,8%), Шымкент (8,4%) қалаларында және Алматы (30%), Қостанай (23,9%), Маңғыстау (23,3%), Ұлытау (22,9%), Жамбыл (21,6%), Қызылорда (9,4%), Павлодар (7,6%), Атырау (6,3%), Түркістан (1,4%) және Ақмола (1,1%) облыстарында ұлғайды.

    2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
    Жүк айналымы Жолаушылар айналымы
    Республика Казахстан 96,8 111,1
    Абай 89,4 84,5
    Ақмола 92,2 101,1
    Ақтөбе 91,5 97,4
    Алматы 96,3 130,0
    Атырау 100,8 106,3
    Батыс Қазақстан 95,2 91,7
    Жамбыл 101,8 121,6
    Жетісу 78,8 91,1
    Қарағанды 91,7 89,6
    Қостанай 90,8 123,9
    Қызылорда 98,5 109,4
    Маңғыстау 99,3 123,3
    Павлодар 100,5 107,6
    Солтүстік Қазақстан 86,2 89,1
    Түркістан 93,2 101,4
    Ұлытау 89,5 122,9
    Шығыс Қазақстан 86,1 88,4
    Астана қаласы 114,3 118,8
    Алматы қаласы 106,4 121,0
    Шымкент қаласы 111,1 108,4
    Теміржол көлігі

    2024 жылғы қаңтар-сәуірде республика темір жол көлігімен 128,7 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуір деңгейінен 4,1%-ға азайды, осы кезеңде жүк айналымы 100,8 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 7,7%-ға азайды), 6,7 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 8,2%-ға артық), жолаушылар айналымы 5 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,8%-ға өсті).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2024 жылғы қаңтар-сәуірде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 16,3%-ға өсті және жүк айналымы 17,6%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 8,3% және 14,4%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2024 жылғы қаңтар-сәуірде 97,2 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 5,7%-ға артық), жүк айналымы 49,5 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 2,8%-ға өсті).

    Әуе көлігі

    2024 жылғы қаңтар-сәуірде республиканың әуе көлігімен 4,2 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 18,4%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 8 млрд.п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 12,9%-ға ұлғайды).

    Теңіз және жағалау көлігі

    2024 жылғы қаңтар-сәуірде теңіз көлігімен 891,6 мың тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 3,1 есеге ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 529,1 млн. т-км құрады және 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 3,1 есеге өсті.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172749077
    Орындаушы:
    Н. Заман
    Тел. +7 7172 749771
    E-mail: n.zaman @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші