Өңірлік бөліністе 2024 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының төмендеуі Жетісу (19,2%), Шығыс-Қазақстан (13,4%), Солтүстік Қазақстан (12,9%), Абай (10,1%), Қостанай (9,9%), Ұлытау (9,9%), Қарағанды (8,1%), Ақтөбе (7,7%), Ақмола (7,6%), Түркістан (3,6%), Батыс Қазақстан (3%), Алматы (2%), Қызылорда (0,6%) және Павлодар (0,2%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (20,8%), Астана (17,2%), Шымкент (7,2%) қалаларында және Алматы (27%), Жамбыл (20,4%), Ұлытау (17,6%), Маңғыстау (12%), Қостанай (9,9%), Қызылорда (7,5%), Түркістан (6%), Атырау (4%) және Павлодар (2,9%) облыстарында ұлғайды.
Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
Республика Казахстан | 97,1 | 108,8 |
Абай | 89,9 | 81,9 |
Ақмола | 92,4 | 96,5 |
Ақтөбе | 92,3 | 94,1 |
Алматы | 98,0 | 127,0 |
Атырау | 100,6 | 104,0 |
Батыс Қазақстан | 97,0 | 87,6 |
Жамбыл | 102,9 | 120,4 |
Жетісу | 80,8 | 87,8 |
Қарағанды | 91,9 | 88,6 |
Қостанай | 90,1 | 109,9 |
Қызылорда | 99,4 | 107,5 |
Маңғыстау | 100,2 | 112,0 |
Павлодар | 99,8 | 102,9 |
Солтүстік Қазақстан | 87,1 | 91,3 |
Түркістан | 96,4 | 106,0 |
Ұлытау | 90,1 | 117,6 |
ШығысҚазақстан | 86,6 | 89,4 |
Астана қаласы | 111,2 | 117,2 |
Алматы қаласы | 105,3 | 120,8 |
Шымкент қаласы | 107,8 | 107,2 |
2024 жылғы қаңтар-наурызда республика темір жол көлігімен 96,9 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 3,5%-ға азайды, осы кезеңде жүк айналымы 75,9 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 7,4%-ға азайды), 5,2 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 8,1%-ға артық), жолаушылар айналымы 3,8 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 0,3%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-наурызда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 11,2%-ға өсті және жүк айналымы 12,9%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 5,4% және 7,6%-ға ұлғайды.
2024 жылғы қаңтар-наурызда 72,9 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 9%-ға артық), жүк айналымы 37,3 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,9%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтар-наурызда республиканың әуе көлігімен 3,3 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 20,2%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 6,4 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 16,2%-ға ұлғайды).
2024 жылғы қаңтар-наурызда теңіз көлігімен 653,7 мың тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 4,2 есеге ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 394 млн. т-км құрады және 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 5,3 есеге өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).