Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    109,5%
    «Көлік және қоймалау» секциясының қызметтерінің НКИ 2024 жылғы қаңтар-ақпанда өткен жылдың тиісті кезеңіне 109,5% құрады.
    149,8 млн.
    2024 жылғы қаңтар-ақпанда Республика көлігімен 149,8 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 0,5%-ға азайды.
    77,8 млрд.
    Осы кезеңде жүк айналымы 77,8 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,2%-ға азайды).
    255,9 млн.
    255,9 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 7,3%-ға өсті).
    11,7 млрд.
    Жолаушылар айналымы 11,7 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,6%-ға өсті).

    Өңірлік бөліністе 2024 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының төмендеуі Жетісу (13,9%), Қостанай (13%), Шығыс-Қазақстан (11,4%), Солтүстік Қазақстан (10,5%), Абай (8,8%), Қарағанды (8,1%), Ақмола (7,8%), Ұлытау (7,8%), Ақтөбе (6,7%), Батыс Қазақстан (5,2%), Павлодар (3%) және Қызылорда (0,1%) облыстарында байқалады.

    Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (21,6%), Астана (13,5%), Шымкент (8,8%) қалаларында және Алматы (31,8%), Жамбыл (22,2%), Ұлытау (21%), Маңғыстау (11,4%), Қостанай (11,3%), Қызылорда (7,2%) және Түркістан (5,3%) облыстарында ұлғайды.

    «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2024 жылғы қаңтар-ақпан
    Қазақстан Республикасында жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен
    2024 жылғы қаңтар-ақпан
    2024 жылғы қаңтар-ақпандағы жүк айналымы және жолаушылар айналымы
    пайызбен
    Жүк айналымы Жолаушылар айналымы
    Республика Казахстан 96,8 107,6
    Абай 91,2 78,8
    Ақмола 92,2 98,7
    Ақтөбе 93,3 91,8
    Алматы 100,9 131,8
    Атырау 100,0 93,9
    Батыс Қазақстан 94,8 87,0
    Жамбыл 104,0 122,2
    Жетісу 86,1 95,5
    Қарағанды 91,9 88,6
    Қостанай 87,0 111,3
    Қызылорда 99,9 107,2
    Маңғыстау 100,4 111,4
    Павлодар 97,0 97,7
    Солтүстік Қазақстан 89,5 98,1
    Түркістан 100,4 105,3
    Ұлытау 92,2 121,0
    Шығыс Қазақстан 88,6 91,1
    Астана қаласы 105,7 113,5
    Алматы қаласы 100,7 121,6
    Шымкент қаласы 101,0 108,8
    Теміржол көлігі

    2024 жылғы қаңтар-ақпанда республика темір жол көлігімен 61,6 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 6,1%-ға азайды, осы кезеңде жүк айналымы 48,8 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 8,2%-ға ұлғайды), 3,5 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 10,2%-ға артық), жолаушылар айналымы 2,5 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2,2%-ға өсті).

    Автомобиль және қалалық электр көлігі

    2024 жылғы қаңтар-ақпанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 2,4%-ға өсті және жүк айналымы 9,8%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 7,1% және 6,1%-ға ұлғайды.

    Құбыр көлігі

    2024 жылғы қаңтар-ақпанда 47,3 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,4%-ға артық), жүк айналымы 24,5 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 5,3%-ға өсті).

    Әуе көлігі

    2024 жылғы қаңтар-ақпанда республиканың әуе көлігімен 2,1 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 17,4%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 4,1 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 13,3%-ға ұлғайды).

    Теңіз және жағалау көлігі

    2024 жылғы қаңтар-ақпанда теңіз көлігімен 413,9 мың тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3 есеге ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 256,4 млн. т-км құрады және 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,9 есеге өсті.

    Глоссарий

    Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.

    Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.

    Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.

    Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.

    Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).

    Шығаруға жауапты:
    Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департементі
    Департамент директоры:
    Г. Қарауылова
    Тел. +7 7172749077
    Орындаушы:
    Н. Заман
    Тел. +7 7172 749771
    E-mail: n.zaman @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші