Өңірлік бөліністе 2024 жылғы қаңтарда жүк айналымының төмендеуі Алматы (9,4%), Шымкент (5,7%), Астана (5,4%) қалаларда және Қостанай (10,8%), Шығыс-Қазақстан (5,8%), Ақмола (5,8%), Қарағанды (4,9%), Абай (3,7%), Ұлытау (3,2%), Павлодар (3,1%), Солтүстік-Қазақстан (3%), Ақтөбе (2,8%), Қызылорда (0,8%), Атырау (0,3%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде Алматы (27,2%), Астана (14,6%), Шымкент (6,5%) қалаларында және Алматы (40,5%), Ұлытау (26,9%), Жамбыл (19,8%), Қостанай (13,8%), Түркістан (11,2%), Қызылорда (8,8%), Солтүстік-Қазақстан (2,7%), Ақмола (0,8%), Шығыс-Қазақстан (0,2%) облыстарында ұлғайды.
Жүкайналымы | Жолаушылар айналымы | |
Республика Казахстан | 98,5 | 109,3 |
Абай | 96,3 | 83,6 |
Ақмола | 94,2 | 100,8 |
Ақтөбе | 97,2 | 95,3 |
Алматы | 110,8 | 140,5 |
Атырау | 99,7 | 96,1 |
БатысҚазақстан | 101,0 | 88,9 |
Жамбыл | 105,1 | 119,8 |
Жетісу | 100,2 | 93,5 |
Қарағанды | 95,1 | 90,6 |
Қостанай | 89,2 | 113,8 |
Қызылорда | 99,2 | 108,8 |
Маңғыстау | 103,0 | 97,5 |
Павлодар | 96,9 | 100,0 |
СолтүстікҚазақстан | 97,0 | 102,7 |
Түркістан | 110,6 | 111,2 |
Ұлытау | 96,8 | 126,9 |
ШығысҚазақстан | 94,2 | 100,2 |
Астана қаласы | 94,6 | 114,6 |
Алматы қаласы | 90,6 | 127,2 |
Шымкент қаласы | 94,3 | 106,5 |
2024 жылғы қаңтарда республика темір жол көлігімен 31,8 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы қаңтар деңгейінен 5,5%-ға азайды, осы кезеңде жүк айналымы 25,3 млрд. т-км құрады (2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 6,5%-ға ұлғайды), 1,8 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтарға қарағанда 5,6%-ға артық), жолаушылар айналымы 1,4 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтарға қарағанда 3,4%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтарда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 0,7%-ға азайды және жүк айналымы 11,5%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 7% және 4,7%-ға ұлғайды.
2024 жылғы қаңтарда 24,8 млн. тонна жүк тасымалданды (2023 жылғы қаңтарға қарағанда 6,5%-ға артық), жүк айналымы 12,8 млрд.т-км құрады (2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 7,2%-ға өсті).
2024 жылғы қаңтарда республиканың әуе көлігімен 1,2 млн. жолаушы тасымалданды (2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 27,3%-ға ұлғайды), жолаушылар айналымы 2,3 млрд. п-км құрады (2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 18,7%-ға ұлғайды).
2024 жылғы қаңтарда теңіз көлігімен 204,8 мың тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 130,9 млн. т-км құрады және 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3 есеге өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).