Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    24 210,2 млрд.
    2023 ж. ІІ тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындардың өндірілген өнімінің, орындалған жұмыстарының және көрсетілген қызметтерінің көлемі 24210,2 млрд. теңгені құрады.
    Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2023ж. ІІ тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2023 ж. ІІ тоқсанында 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 4048 бірлікті құрады және оның ішінде 2506 орта кәсіпорын болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 4548,1 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 23,6%.

    Өндірістік шығыстар құрамында материалдық шығындар - 58,0%, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесі сәйкесінше 14,4% және 10,1% құрады.

    2023 ж. ІІ тоқсанында міндеттемелер бойынша берешек 84105,4 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 0,4% деңгейінде қалыптасты.

    2023 ж. ІІ тоқсанында дебиторлық берешек 15681,1 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 2,9%.

    Кәсіпорындардағы активтердің құны 155681,6 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлесті ұзақ мерзімді активтер алды 60,3%.

    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2023ж. ІІ тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың рентабельділігі
    Процентпен
    2023ж. ІІ тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2021 жылғы ІІ тоқсан 2022 жылғы ІІ тоқсан 2023 жылғы ІІ тоқсан
    Кәсіпорындардың жалпы саны, бірлік 3 740 3 999 4 048
    одан орта, бірлік 2 196 2 443 2 506
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі 10 457,1 13 333,2 14 389,2
    одан орта, бірлік 1 909,7 2 316,2 2 863,4
    Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен кіріс 14 873,8 19 158,7 20 063,3
    одан орта, бірлік 3 062,9 3 997,3 4 637,0
    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 9 407,8 12 106,8 13 801,4
    одан орта, бірлік 2 145,7 2 915,2 3 283,7
    Жалпы пайда 5 466,0 7 051,9 6 261,9

    * Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табысқа кәсіпорынның тауарлар мен қызметтерді сатудан, оның ішінде негізгі және қосалқы қызмет түрлері бойынша қайта сату үшін сатып алынған тауарлардан алған табысының сомасы кіреді. Өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен кіріске қосылған құн салығы, акциздер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сатудан түсетін жеңілдіктер және сатып алушыға ұсынылған баға бойынша жеңілдіктер кірмейді.

    Шағын кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2023 ж. II тоқсанындағы шағын кәсіпорындарды зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 3410,8 млрд.теңге сомасындағы пайда ретінде анықталды.

    Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 9146,5 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 27%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығыстар үлесі, сәйкесінше 12,3% және 5,1%.

    2023 ж. IІ тоқсандағы жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны – 1597 мың адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 257776 теңгені құрады.

    2023 ж. ІI тоқсанда өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 17647,9 млрд. теңге.

    Шағын кәсіпорындардың негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2023ж. ІІ тоқсан
    Шағын кәспорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2021 жылғы II тоқсан 2022 жылғы II тоқсан 2023 жылғы II тоқсан
    Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам 1 348 330 1 521 285 1 597 002
    Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге 182 021 222 040 257 776
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі, млрд теңге 6847,2 8907,8 9821,0
    Өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 14 425,1 17 489,5 17 647,9
    Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 9 804,6 11 766,2 11 545,5
    Жалпы пайда 4620,6 5723,3 6102,5
    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі - өндірушінің бағасында шығарылған барлық өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құны.

    Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсетуден түскен кіріс - алынған және алуға жататын кіріс сомасынан қосылған құн салығын, акциздерді алып тастағандағы, сондай-ақ, қайтарылып берілген, тұтынушыларға ұсынылған сауда жеңілдіктері мен баға жеңілдіктерін алып тастағандағы түскен кіріс.

    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны - босатылған (тиелген) дайын өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) нақты өзіндік құны.

    Өндірістік емес шығыстар - бұл өнімдер өткізу мен қызмет көрсету бойынша шығыстарды, әкімшілік шығыстарды, қаржыландыруға жұмсалған шығыстарды қамтитын кезең шығыстары.

    Салық салынғанға дейінгі пайда (залал) өнімді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін табыс пен өткізілген өнімнің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құны, сондай-ақ өнімнің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнына енгізілмейтін шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалатын өнімді (тауарларды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаржылық нәтиже.

    Кәсіпорындардың рентабельділігі олардың қызметінің тиімділігін сипаттайды, салық салынғанға дейінгі пайданың (залалдың), кезең шығыстарын есепке ала отырып, өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге және өткізуге кеткен шығындарға қатынасы ретінде есептеледі.

    Міндеттемелер бойынша берешек – кәсіпорындардың уақытша тартылған және тиісті жеке және заңды тұлғаларға қайтарылған ақшалай қаражаттары. Кредиторлық берешекті жөнелтілген тауарларға төленбеген төлемдер, төленбеген салықтар, төленбеген есептелген жалақы құрайды.

    Мерзімі өткен берешек – өткен кезеңнен берешектің ауыспалы қалдықтарын қамтитын және есепті күнге өтелмеген мерзімі өткен берешек сомасы.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Торғауытова
    Тел. +7 7172 749527
    Орындаушы:
    Г.Омарова
    Ж.Әбдәлімова
    Тел. +7 7172 749330, 749306
    Е-mail: gul.omarova@aspire.gov.kz
    Е-mail:zh.abdalimova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші