Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    33 608,9 млрд.
    2026 жылғы ІI тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындардың өндірілген өнімінің, орындалған жұмыстарының және көрсетілген қызметтерінің көлемі 33608,9 млрд. теңгені құрады.
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша 2026 жылғы IІ тоқсанында сальдолық қаржылық нәтижесі 6114,3 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 19,9%.

    Өндірістік шығыстар құрамында материалдық шығындар–54,0%, амортизацияға және еңбекақы төлеу шығыстардың үлесі сәйкесінше 13,2% және 12,6% құрады.

    2026 жылғы IІ тоқсанында міндеттемелер бойынша берешек 99616,0 млрд. теңгені, одан мерзімі өткен берешек 0,6% құрады, дебиторлық берешек 28184,7 млрд. теңгені, одан мерзімі өткен берешек –2,5% құрады.

    Кәсіпорындардағы активтердің құны 188276,7 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлесті ұзақ мерзімді активтер алды 59,4%.

    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
      2024 жылғы IІ тоқсан 2025 жылғы IІ тоқсан 2026 жылғы IІ тоқсан
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі 15 895,5 18 892,9 20 816,5
    одан орта 3 138,1 4 134,9 4 407,9
    Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсетуден түскен кіріс 22 390,0 26 406,3 30 386,3
    одан орта 5 133,4 6 832,7 6 689,9
    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 15 798,0 19 062,2 21 192,5
    одан орта 3 649,8 5 028,5 4 728,9
    Жалпы пайда 6 592,1 7 344,1 9 193,8
    Шағын кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2026 жылғы IІ тоқсанындағы шағын кәсіпорындарды зерттеу нәтижелері бойынша сальдолық қаржылық нәтижесі 4820,6 млрд.теңге сомасындағы пайда ретінде анықталды.

    Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 10716,1 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 27,0%, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесі, сәйкесінше 15,4% және 7,0%.

    2026 жылғы ІІ тоқсандағы жағдай бойынша шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны – 1312 мың адам, орташа айлық жалақысы – 414008 теңгені құрады.

    Шағын кәсіпорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
      2024 жылғы IІ тоқсан 2025 жылғы IІ тоқсан 2026 жылғы IІ тоқсан
    Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам 1 593 638   1 607 244 1 312 296
    Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге 331 635 349 363 414 008
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі, млрд теңге 11 264,9 13 817,1 12 792.4
    Өнімдерд өткізу мен қызметтерді көрсетуден түскен кіріс 20 284,7 26 228,8 23 332,1
    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 12 215,0 17 247,6 14 670,5
    Жалпы пайда 8 068,7 8 981,2 8 661,7

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Н.Белоносова
    Тел. +7 7172 749717
    Орындаушы:
    Г.Омарова, Ж.Ботабаева
    Тел. +7 7172 749521, 749306
    Е-mail: gul.omarova@aspire.gov.kz
    Е-mail: zh.botabayeva @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс