Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2025 жылғы 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 4129 бірлікті құрады және оның ішінде 2594 орта кәсіпорын болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 17867,9 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 16,3%.

    Өндірістік шығыстар құрамында материалдық шығындар - 56,2%, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесі сәйкесінше 12,5% және 14,2% құрады.

    2025 жылғы міндеттемелер бойынша берешек 89717,0 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 0,7% деңгейінде қалыптасты.

    2025 жылғы дебиторлық берешек 22624,4 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 2,5%.

    Кәсіпорындардағы активтердің құны 175952,5 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлесті ұзақ мерзімді активтер алды 63,6%.

    Орта және ірі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
      2023 2024 2025
    Кәсіпорындардың жалпы саны, бірлік 4 003 4 030 4129
    одан орта, бірлік                                              2 471 2 506 2594
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі 59 019,2 64 683,6 75 753,0
    одан орта, бірлік 11 589,8 13 232,7 15 927,9
    Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен кіріс 81 956,1 91 236,6 107 626,9
    одан орта, бірлік 18 613,0 22 284,5 26 465,4
    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 57 887,1 66 265,1 78 874,6
    одан орта, бірлік 13 552,1 16 029,9 19 608,5
    Жалпы пайда 24 069,0 24 971,5 28 752,3

    *Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табысқа кәсіпорынның тауарлар мен қызметтерді сатудан, оның ішінде негізгі және қосалқы қызмет түрлері бойынша қайта сату үшін сатып алынған тауарлардан алған табысының сомасы кіреді. Өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен кіріске қосылған құн салығы, акциздер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сатудан түсетін жеңілдіктер және сатып алушыға ұсынылған баға бойынша жеңілдіктер кірмейді.

    Шағын кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2025 жылға 100 адамға дейін жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар саны 351931 бірлікті құрады.

    Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 12748,0 млрд.теңге сомасында пайда ретінде анықталды.

    Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 50626,4 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 26,4%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығыстар үлесі, сәйкесінше 11,9% және 5,6%.

    2025 жылға жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны –1645,8 мың адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 329212 теңгені құрады.

    2025 жылға өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 99219,4 млрд. теңге.

    Шағын кәсіпорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
      2023 жыл 2024 жыл 2025 жыл
    Шағын кәсіпорынның саны, бірлік 343 135 343 503 351 931
    Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам 1 756 265 1 745 668 1 645 787
    Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге 249 166 334 936 329 212
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі, млрд теңге 45 577,1 54 197,2 50 626,4
    Өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 81 790,9 94 745,6 99 219,4
    Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 55 635,7 61 810,5 68 016,0
    Жалпы пайда 26 155,1 32 935,1 31 203,4
    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі - өндірушінің бағасында шығарылған барлық өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құны.

    Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсетуден түскен кіріс - алынған және алуға жататын кіріс сомасынан қосылған құн салығын, акциздерді алып тастағандағы, сондай-ақ, қайтарылып берілген, тұтынушыларға ұсынылған сауда жеңілдіктері мен баға жеңілдіктерін алып тастағандағы түскен кіріс.

    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны - босатылған (тиелген) дайын өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) нақты өзіндік құны.

    Өндірістік емес шығыстар - бұл өнімдер өткізу мен қызмет көрсету бойынша шығыстарды, әкімшілік шығыстарды, қаржыландыруға жұмсалған шығыстарды қамтитын кезең шығыстары.

    Салық салынғанға дейінгі пайда (залал) өнімді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін табыс пен өткізілген өнімнің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құны, сондай-ақ өнімнің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнына енгізілмейтін шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалатын өнімді (тауарларды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаржылық нәтиже.

    Кәсіпорындардың рентабельділігі олардың қызметінің тиімділігін сипаттайды, салық салынғанға дейінгі пайданың (залалдың), кезең шығыстарын есепке ала отырып, өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге және өткізуге кеткен шығындарға қатынасы ретінде есептеледі.

    Міндеттемелер бойынша берешек – кәсіпорындардың уақытша тартылған және тиісті жеке және заңды тұлғаларға қайтарылған ақшалай қаражаттары. Кредиторлық берешекті жөнелтілген тауарларға төленбеген төлемдер, төленбеген салықтар, төленбеген есептелген жалақы құрайды.

    Мерзімі өткен берешек – өткен кезеңнен берешектің ауыспалы қалдықтарын қамтитын және есепті күнге өтелмеген мерзімі өткен берешек сомасы.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ғ.Төребеков
    (департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749175
    Орындаушы:
    Г.Омарова, Ж.Ботабаева
    Тел. +7 7172 749521, 749306
    Е-mail: gul.omarova@aspire.gov.kz
    Е-mail: zh.botabayeva @aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс