Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    36 077,8 млрд.
    2024 жылғы IV тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындардың өндірілген өнімінің, орындалған жұмыстарының және көрсетілген қызметтерінің көлемі 36077,8 млрд. теңгені құрады.
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2024 жылғы IV тоқсанында 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 4049 бірлікті құрады және оның ішінде 2521 орта кәсіпорын болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 3966,6 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 14,2%.

    Өндірістік шығыстар құрамындаматериалдық шығындар–55,7%, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесісәйкесінше 13,6% және 13,5% құрады.

    2024 жылғы IV тоқсанында міндеттемелер бойынша берешек 78393,6 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 0,6% деңгейінде қалыптасты.

    2024 жылғы IV тоқсанында дебиторлық берешек 19878,4 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 2,3%.

    Кәсіпорындардағы активтердің құны 159062,4 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлестіұзақ мерзімді активтер алды 64,6%.

    Ірі және орта кәсіпорындардың рентабельділігі
    пайызбен
    2024 жылғы IV тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022 жылғы IV тоқсан 2023 жылғы IV тоқсан 2024 жылғы IV тоқсан
    Кәсіпорындардыңжалпы саны, бірлік 3 927 4 002 4 049
    одан орта, бірлік 2 412 2 469 2 521
    Өндірілгенөнім, орындалғанжұмыстар мен көрсетілгенқызметтеркөлемі 15 031,8 16 421,0 19 482,1
    одан орта 2 752,5 3 437, 6 4 159,4
    Өнімдердіөткізуденжәнеқызметтеркөрсетудентүскенкіріс* 21 369,1 22 992, 8 26 360,9
    одан орта 4 654,8 5 379, 4 6 882,4
    Өткізілгенөнім мен көрсетілгенқызметтердіңөзіндікқұны 14 970,7 16 273,9 19 467,7
    одан орта 3 492,3 3 756,3 4 974,4
    Жалпыпайда 6 398,4 6 718, 9 6 893,2

    *Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табысқа кәсіпорынның тауарлар мен қызметтерді сатудан, оның ішінде негізгі және қосалқы қызмет түрлері бойынша қайта сату үшін сатып алынған тауарлардан алған табысының сомасы кіреді. Өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен кіріске қосылған құн салығы, акциздер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сатудан түсетін жеңілдіктер және сатып алушыға ұсынылған баға бойынша жеңілдіктер кірмейді.

    Шағын кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    2024 жылғы IV тоқсанындағы шағын кәсіпорындарды зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 4407,6 млрд.теңге сомасындағы пайда ретінде анықталды.

    Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 16834,5 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 20,9%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығыстар үлесі, сәйкесінше 10,6% және 4,3%.

    2024 жылғы IV тоқсандағы жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны – 1670,7 мың адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 387628 теңгені құрады.

    2024 жылғы IV тоқсанда өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 27943,0 млрд. теңге.

    Шағын кәспорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022 жылғы IV тоқсан 2023 жылғы IV тоқсан 2024 жылғы IV тоқсан
    Шағын кәсіпорынның саны, бірлік 320 716 343 177 343 503
    Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам 1 634 626 1 673 002 1 670 729
    Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге 277 989 315 950 387 628
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі, млрд теңге 14 395,8 14 900,1 16 595,7
    Өнімдерд іөткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 25 858,4 25 328,0 27 943,0
    Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 16 531,8 16 831,1 18 014,4
    Жалпы пайда 9 326,5 8 496,8 9 928,6

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    (М.а.) А.Нұрсұлтанова Тел. +7 7172 749526
    Орындаушы:
    Г.Омарова
    А.Ахмадиева
    Тел. +7 7172 749521, 749814
    Е-mail: gul.omarova@aspire.gov.kz
    Е-mail: a.akhmadieva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші