2024 жылғы IІІ тоқсанында 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 4054 бірлікті құрады және оның ішінде 2525 орта кәсіпорын болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 3989,0 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 17,1%.
Өндірістік шығыстар құрамындаматериалдық шығындар – 55,5%, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесі сәйкесінше 14,1% және 13,6% құрады.
2024 жылғы IІІ тоқсанында міндеттемелер бойынша берешек 74168,1 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 0,6% деңгейінде қалыптасты.
2024 жылғы IІІ тоқсанында дебиторлық берешек 20048,7 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 2,6%.
Кәсіпорындардағы активтердің құны 153127,3 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлестіұзақ мерзімді активтер алды 64,7%.
2022 жылғы ІІІ тоқсан | 2023 жылғы IІІ тоқсан | 2024 жылғы IІІ тоқсан | |
---|---|---|---|
Кәсіпорындардың жалпы саны, бірлік | 3 924 | 4 017 | 4 054 |
одан орта, бірлік | 2 398 | 2 480 | 2 525 |
Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі | 14 344,9 | 14 979,0 | 16 698,2 |
одан орта | 2 502,3 | 3 107,6 | 3 545,4 |
Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен кіріс* | 20 517,0 | 20 828,9 | 23 651,3 |
одан орта | 4 376,3 | 4 975,4 | 6 058,3 |
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | 13 602,3 | 14 547,7 | 16 999,1 |
одан орта | 3 248,1 | 3 503,3 | 4 297,6 |
Жалпы пайда | 6 914,7 | 6 281,2 | 6 652,2 |
*Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табысқа кәсіпорынның тауарлар мен қызметтерді сатудан, оның ішінде негізгі және қосалқы қызмет түрлері бойынша қайта сату үшін сатып алынған тауарлардан алған табысының сомасы кіреді. Өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен кіріске қосылған құн салығы, акциздер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сатудан түсетін жеңілдіктер және сатып алушыға ұсынылған баға бойынша жеңілдіктер кірмейді.
2024 жылғы III тоқсанындағы шағын кәсіпорындарды зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 5246,6 млрд.теңге сомасындағы пайда ретінде анықталды.
Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 11547,6 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 23,0%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығыстар үлесі, сәйкесінше 12,7% және 7,0%.
2024 жылғы III тоқсандағы жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны – 1624,9 мың адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 329398 теңгені құрады.
2024 жылғы III тоқсанда өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 24679,1 млрд. теңге.
2022 жылғы III тоқсан | 2023 жылғы III тоқсан | 2024 жылғы III тоқсан | |
---|---|---|---|
Шағын кәсіпорынның саны, бірлік | 309 209 | 336 715 | 339 084 |
Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам | 1554 876 | 1625089 | 1624888 |
Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге | 237 407 | 274 034 | 329 398 |
Өндірілгенөнім, орындалғанжұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі, млрд теңге | 10 635,5 | 12 299,6 | 14 324,8 |
Өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскенкіріс | 19 302,3 | 22720,8 | 24 679,1 |
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметті ңөзіндік құны | 12 819,4 | 15269,9 | 15 733,9 |
Жалпыпайда | 6 482,9 | 7450,9 | 8 945,2 |