2024 жылғы II тоқсанында 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 4078 бірлікті құрады және оның ішінде 2553 орта кәсіпорын болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 3627,4 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 15,8%.
Өндірістік шығыстар құрамындаматериалдық шығындар – 50,4%,еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесісәйкесінше 14,1% % және 17,6% құрады.
2024 жылғы II тоқсанында міндеттемелер бойынша берешек 73616,6 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 1% деңгейінде қалыптасты.
2024 жылғы II тоқсанында дебиторлық берешек 19359,3 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 2,9%.
Кәсіпорындардағы активтердің құны 149890 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлестіұзақ мерзімді активтер алды 65,3%.
2022 жылғы II тоқсан | 2023 жылғы IIтоқсан | 2024 жылғы II тоқсан | |
---|---|---|---|
Кәсіпорындардың жалпы саны, бірлік | 3 999 | 4 048 | 4 078 |
одан орта, бірлік | 2 443 | 2 506 | 2 553 |
Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі | 13 333,2 | 14 389,2 | 15 895,5 |
одан орта | 2 316,2 | 2 863,3 | 3 138,1 |
Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскенкіріс* | 19 158,7 | 20 063,3 | 22 390,0 |
одан орта | 3 997,3 | 4 637,0 | 5 133,4 |
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | 12 106,8 | 13 801,4 | 15 798,0 |
одан орта | 2 915,2 | 3 283,7 | 3 649,8 |
Жалпы пайда | 7 051,9 | 6 261,9 | 6 592,1 |
*Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табысқа кәсіпорынның тауарлар мен қызметтерді сатудан, оның ішінде негізгі және қосалқы қызмет түрлері бойынша қайта сату үшін сатып алынған тауарлардан алған табысының сомасы кіреді. Өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен кіріске қосылған құн салығы, акциздер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сатудан түсетін жеңілдіктер және сатып алушыға ұсынылған баға бойынша жеңілдіктер кірмейді.
2024 жылғы II тоқсанындағы шағын кәсіпорындарды зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 4527 млрд.теңге сомасындағы пайда ретінде анықталды.
Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 9781,6 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 23,6%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығыстар үлесі, сәйкесінше 14,7% және 7,4%.
2024 жылғы II тоқсандағы жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны – 1593,6 мың адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 331635 теңгені құрады.
2024 жылғы II тоқсанда өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 20284,7 млрд. теңге.
2022 жылғы II тоқсан | 2023 жылғы II тоқсан | 2024 жылғы II тоқсан | |
---|---|---|---|
Шағын кәсіпорынның саны, бірлік | 300 252 | 336 400 | 340614 |
Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам | 1 521 285 | 1 597 002 | 1 593 638 |
Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге | 222040 | 257776 | 331 635 |
Өндірілгенөнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі, млрд теңге | 8907,8 | 9821,1 | 11 264,9 |
Өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскенкіріс | 17489,5 | 17 648,0 | 20 284,7 |
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны | 11766,2 | 11 545,5 | 12215,0 |
Жалпы пайда | 5 723,3 | 6 102,5 | 8 068,7 |