2024 жылғы I тоқсанында 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 4106 бірлікті құрады және оның ішінде 2578 орта кәсіпорын болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 3525,5 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 17,7%.
Өндірістік шығыстар құрамындаматериалдық шығындар – 48,4%, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесі сәйкесінше 15,7% және 17,9% құрады.
2024 жылғы I тоқсанында міндеттемелер бойынша берешек 72045,5 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 1% деңгейінде қалыптасты.
2024 жылғы I тоқсанында дебиторлық берешек 17707,1 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 3,4%.
Кәсіпорындардағы активтердің құны 148770,2 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлестіұзақ мерзімді активтер алды 66,2%.
2022 жылғы I тоқсан | 2023 жылғы I тоқсан | 2024 жылғы I тоқсан | |
Кәсіпорындардың жалпы саны, бірлік | 4 033 | 4 072 | 4 106 |
одан орта, бірлік | 2 473 | 2 538 | 2 578 |
Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі | 12 098,3 | 13 013,3 | 14 131,1 |
одан орта | 1 870,0 | 2 341,0 | 2 594,8 |
Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен кіріс* | 17 071,5 | 18 589,9 | 19 556,0 |
одан орта | 3 322,3 | 3 954,2 | 4 162,4 |
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | 10 517,7 | 12 870,1 | 14 013,8 |
одан орта | 2 397,3 | 2 840,1 | 2 984,5 |
Жалпы пайда | 6 553,8 | 5 719,7 | 5 542,2 |
*Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табысқа кәсіпорынның тауарлар мен қызметтерді сатудан, оның ішінде негізгі және қосалқы қызмет түрлері бойынша қайта сату үшін сатып алынған тауарлардан алған табысының сомасы кіреді. Өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен кіріске қосылған құн салығы, акциздер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сатудан түсетін жеңілдіктер және сатып алушыға ұсынылған баға бойынша жеңілдіктер кірмейді.
2024 жылғы I тоқсанындағы шағын кәсіпорындарды зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 3848,2 млрд.теңге сомасындағы пайда ретінде анықталды.
Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 8932,2 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 23,8%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығыстар үлесі, сәйкесінше 14,2% және 6,4%.
2024 жылғы I тоқсандағы жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны – 1570,9 мың адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 302363 теңгені құрады.
2024 жылғы I тоқсанда өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 18353,1 млрд. теңге.
2022 жылғы I тоқсан | 2023 жылғы I тоқсан | 2024 жылғы I тоқсан | |
Шағын кәсіпорынның саны, бірлік | 292 008 | 336 515 | 342 872 |
Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам | 1 479 263 | 1 561 974 | 1 570 877 |
Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге | 205 259 | 246 951 | 302 363 |
Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі, млрд теңге | 7 471,3 | 9363,5 | 9918,9 |
Өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс | 14 191,9 | 18 947,3 | 18 353,1 |
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны | 9 286,6 | 12 820,1 | 11 698,1 |
Жалпы пайда | 4 905,3 | 6 127,3 | 6 655,0 |