Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    29 427,5
    2022 жылдың 4 тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындардың өндірілген өнімінің, орындалған жұмыстарының және көрсетілген қызметтерінің көлемі 29 427,5 млрд. теңгені құрады.
    320 716
    2022 жылдың ІV тоқсанында 100 адамға дейін жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар саны 320 716 бірлікті құрады.
    3 927
    2023 жылғы 1 қаңтарға 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 3927 бірлікті құрады және оның ішінде 2412-і орта кәсіпорын болып табылады.
    Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022ж. IV тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 4332,3 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 20,1%.

    Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығыстар 17260,1 млрд. теңгені құрады, 10708,1 млрд. теңге - өндірістік шығыстар, одан 57,1% - материалдық шығындар, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесі сәйкесінше 14,2% және 9,5%.

    2023 жылғы 1 қаңтарға міндеттемелер бойынша берешек 77035,3 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 0,5% (384,3 млрд. теңге) деңгейінде қалыптасты. Кәсіпорындардың есептік деректеріне сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарға еңбекақы төлеу бойынша берешек 280,1 млрд. теңгені құрады.

    2023 жылғы 1 қаңтарға дебиторлық берешек 14378,6 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 174,3 млрд. теңге.

    Кәсіпорындардағы активтердің құны 147998,5 млрд. теңгені құрады. Негізгі үлесті ұзақ мерзімді активтер алды - 62,8 % (92885,0 млрд. теңге).

    Орта және ірі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022ж. IV тоқсан
    Ірі және орта кәсіпорындардың рентабельділігі
    процентпен
    2022ж. IV тоқсан

    Бұдан басқа, бюллетеньде орта кәсіпкерліктің 2412 кәсіпорнының қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері көрсетілген. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша 2022 жылғы 4 тоқсандағы шаруашылық жүргізуші орта кәсіпкерлік субъектілер 726,6 млрд. теңге шамасында пайда тапты, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 16,1%.

    Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығыстар 2782,6 млрд. теңгені құрады, өндірістік шығыстар – 1758,2 млрд. теңге, одан 72,0% - материалдық шығындар, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығыстардың үлесі сәйкесінше 10,8% және 5,9%.

    2023 жылғы 1 қаңтарға 2412 орта кәсіпкерліктің кәсіпорындарында міндеттемелер бойынша берешек 26280,4 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 1,0% (153,4 млрд. теңге) деңгейінде қалыптасты.

    2023 жылғы 1 қаңтарға дебиторлық берешек 3424,5 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 15,6 млрд. теңге.

    Орта және ірі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2020 жылғы 4 тоқсан 2021 жылғы 4 тоқсан 2022 жылғы 4 тоқсан
    Кәсіпорындардың жалпы саны, бірлік 3 794 3 751 3 927
    одан орта, бірлік 2 236 2 215 2 412
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі 9 523,2 12 644,8 15 031,8
    одан орта, бірлік 1 976,8 2 203,1 2 752,5
    Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен кіріс 13 652,1 18 048,4 21 369,1
    одан орта, бірлік 3 064,4 3 878,4 4 654,8
    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 9 523,9 11 885,9 14 970,7
    одан орта, бірлік 2 203,4 2 871,8 3 492,3
    Өндірістік емес шығыстар 3 731,7 4 088,1 6 552,0
    одан орта, бірлік 794,5 925,1 1 024,3
    Салық салынғанға дейінгі пайда (залал) 2 436,7 4 163,2 4 332,3
    одан орта, бірлік 406,1 467,8 726,6
    Өндіріс пайдалылығы (залалы), % 18,4 26,1 20,1
    одан орта, бірлік 13,5 12,3 16,1
    Шағын кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі

    Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 4 958,8 млрд.теңге сомасында пайда ретінде анықталды.

    Шағын кәсіпорындардың шығыстар көлемі 15 836,7 млрд. теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 25,6%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығыстар үлесі, сәйкесінше 8,0% және 7,6%.

    2022 жылдың ІV тоқсандағы жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны – 1 634,6 мың адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 277 989 теңгені құрады.

    2022 жылдың ІV тоқсанда өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 25 858,4 млрд. теңге.

    Шағын кәсіпорындардың негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022ж. IV тоқсан
    Шағын кәспорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2020 жылғы 4 тоқсан 2021 жылғы 4 тоқсан 2022 жылғы 4 тоқсан
    Шағын кәсіпорындардың саны, бірлік 223 995 237 903 320 716
    Шағын кәсіпорын қызметкерлерінің саны орташа тоқсан ішінде, адам 1 305 056 1 376 740 1 634 626
    Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы, теңге 193 226 226 953 277 989
    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі, млрд теңге 7 619,8 9 138,4 14 395,8
    Өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 13 695,3 18072,0 25 858,4
    Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 9 881,6 12 265,4 16 531,8
    Барлық шығыстар 7 288,3 7 369,6 15 836,7
    Жалпы пайда 3 813,6 5 806,5 9 326 ,5
    Салық салынғанға дейінгі пайда (залал) 6 805,6 2 836,7 4 958,8
    Шағын кәсіпорындар шығыстарының құрылымы
    пайыз
    2022ж. IV тоқсан

    2022 жылдың ІV тоқсанда шағын кәсіпорындардың кезең соңындағы қорлары құндық мәнде 15006,9 млрд. теңгені құрады, соның ішінде шикізаттар мен материалдар үлесі 18,4%, дайын өнімдер – 7,0 %, тауарлар – 49,1%, аяқталмаған өндіріс – 16,7%, қайта сатуға арналған мүлік – 2,5%, өзге де қорлар – 6,3%.

    Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметі

    Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша ұлттық компаниялардың сальдолық қаржы нәтижесі 747,6 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталса, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі – 52,8 % құрады.

    Өнімді өндіруге шығыстар 734,2 млрд. теңгені, олардан 68,6% - материалдық шығындар, еңбекке еңбекақы төлеу және амортизация шығындарының үлесі, сәйкесінше 10,9% және 7,4% құрады. 

    2023 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасындағы орта және ірі кәсіпорындардың міндеттемелер бойынша жалпы берешегіндегі ұлттық компаниялардың міндеттемелері бойынша берешегі 13,4% немесе 10315,0 млрд. тенгені құрады. Республиканың ірі және орта кәсіпорындарының еңбекақы төлеу бойынша берешегінің жалпы көлеміндегі жалақы бойынша жиынтық берешектің үлесі 2,0% немесе 5,7 млрд. теңгені құрады. 

    2023 жылғы 1 қаңтарға дебиторлық берешек 1095,2 млрд. теңге, одан мерзімі өткен берешек – 24,4 млрд. теңгені құрады.

    Ұлттық компаниялар қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2022ж. IV тоқсан
    Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
    млрд. теңге
    2020 жылғы 4 тоқсан 2021 жылғы 4 тоқсан 2022 жылғы 4 тоқсан
    Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің көлем 484,2 560,9 542,9
    Өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен кіріс 662,0 972,6 794,7
    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызмет-тердің өзіндік құны 544,0 845,9 740,9
    Өндірістік емес шығыстар 249,0 257,4 673,9
    Жалпы пайда 283,1 395,4 747,6
    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі - өндірушінің бағасында шығарылған барлық өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құны.

    Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсетуден түскен кіріс - алынған және алуға жататын кіріс сомасынан қосылған құн салығын, акциздерді алып тастағандағы, сондай-ақ, қайтарылып берілген, тұтынушыларға ұсынылған сауда жеңілдіктері мен баға жеңілдіктерін алып тастағандағы түскен кіріс.

    Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны - босатылған (тиелген) дайын өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) нақты өзіндік құны.

    Өндірістік емес шығыстар - бұл өнімдер өткізу мен қызмет көрсету бойынша шығыстарды, әкімшілік шығыстарды, қаржыландыруға жұмсалған шығыстарды қамтитын кезең шығыстары.

    Салық салынғанға дейінгі пайда (залал) өнімді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін табыс пен өткізілген өнімнің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құны, сондай-ақ өнімнің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнына енгізілмейтін шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалатын өнімді (тауарларды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаржылық нәтиже.

    Кәсіпорындардың рентабельділігі олардың қызметінің тиімділігін сипаттайды, салық салынғанға дейінгі пайданың (залалдың), кезең шығыстарын есепке ала отырып, өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге және өткізуге кеткен шығындарға қатынасы ретінде есептеледі.

    Міндеттемелер бойынша берешек – кәсіпорындардың уақытша тартылған және тиісті жеке және заңды тұлғаларға қайтарылған ақшалай қаражаттары. Кредиторлық берешекті жөнелтілген тауарларға төленбеген төлемдер, төленбеген салықтар, төленбеген есептелген жалақы құрайды.

    Мерзімі өткен берешек – өткен кезеңнен берешектің ауыспалы қалдықтарын қамтитын және есепті күнге өтелмеген мерзімі өткен берешек сомасы.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 749717
    Орындаушы:
    А. Байканова
    Г.Омарова
    Тел. +7 7172 749521,749330
    Е-mail: a.baikanova@aspire.gov.kz
    Е-mail:gul.omarova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші