Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    524 101
    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 524101 бірлікті құрады, оның ішінде 413149 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар
    1 777 377
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1777377 құрады, оның ішінде 1676100 жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2 234 776
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2234776 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2031826 құрады
    Мөлшері мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
      Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 524 101 413 149 1 777 377 1 676 100 32 413 22 279 2 234 776 2 031 826
    Шағын 515 053 404 255 - - 31 278 21 157 2 231 844 2 028 986
    Орта 6 576 6 458 - -    624    615 2 932 2840
    Ірі 2 472 2 436 - -    511    507 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2012-2022 жылдары) олардың саны 317926-дан 507238 дейін (189312 бірлікке немесе 59,5%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,9%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022
    Қазақстан Республикасы 317 926 338 981 353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238
    шағын 309 499 330 435 344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995
    орта 6 095 6 113 6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685
    ірі 2 332 2 433 2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2023 жылғы шілдені маусым айымен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалар санының (0,5%-ға) өскені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 5,5%-ға көбейді. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,4 % азайған, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,1%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2023 жылғы 1 тамыздағы олардың үлесі 27,9%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 51,1%-ын құрады.

    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (147467 немесе 28,1%) және Астана (98846 немесе 18,9%), және Қарағанды облысына (28985 немесе 5,5%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (3002 және 0,6%), Абай (8237 және 1,6%) және Жетісу (8244 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
      Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 524 101 413 149 60 968 211 227 140 954 4 892
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 114 17 692 2 144 9 083 6 465    125
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 269 4 324    730 1 579 2 015    56
    Өндеу өнеркәсібі 26 368 20 523 2 152 10 834 7 537    286
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 909 1 582    205    822    555    11
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өндеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 806 2 212    185 1 192    835    42
    Құрылыс 69 833 52 411 6 574 17 993 27 844 1 236
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 146 191 106 696 17 529 50 918 38 249 1 672
    Көлік және жинақтау 21 333 16 930 2 614 8 725 5 591    224
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 166 8 238 1 406 4 320 2 512    48
    Ақпарат және байланыс 17 541 14 639 3 361 7 435 3 843    64
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 020 5 544    798 2 815 1 931    131
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 24 697 21 163 3 364 13 151 4 648    186
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 640 28 006 3 398 15 687 8 921    209
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 24 783 20 639 2 677 12 157 5 805    146
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 589 9 323    152 9 054    117    41
    Білім беру 29 309 26 988 1 908 20 640 4 440    133
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 622 9 516    975 6 369 2 172    59
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 873 6 466 1 051 3 511 1 904    40
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 52 037 40 256 9 745 14 941 15 570    183
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі    1    1 -    1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
      Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 524 101 25 601 450 435    324 11 279 48 065
    Шағын 515 053 20 869 446 624    260 11 001 47 560
    Орта 6 576 3 576 2 700    28    169    300
    Ірі 2 472 1 156 1 111    36    109    205
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2023 жылғы шілде айын маусыммен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,5%-ға) өскені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 26,7%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер саны 1,1%-ға және 31,0%-ға сәйкесінше өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2023 жылғы 1 тамызда олардың үлесі 37,4%-ды құрайды. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (18,2%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (15,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 71,4%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
      Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған өзіндік кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 777 377 1 676 100 1 704 924 1 604 481 72 453 71 619
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 282 359 272 390 210 011 200 855 72 348 71 535
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу    694    664    694    664 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 99 795 94 331 99 787 94 323    8    8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау    580    536    580    536 - -
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 1 975 1 827 1 974 1 826    1    1
    Құрылыс 51 002 47 307 51 000 47 305    2    2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 664 055 629 057 664 037 629 041    18    16
    Көлік және жинақтау 81 251 74 935 81 242 74 929    9    6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 45 084 41 740 45 080 41 736    4    4
    Ақпарат және байланыс 18 116 16 787 18 116 16 787 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі    558    485    558    485 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 86 677 81 566 86 655 81 548    22    18
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 31 393 28 764 31 392 28 763    1    1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 37 976 35 480 37 965 35 469    11    11
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру    144    141    144    141 - -
    Білім беру 27 389 25 578 27 388 25 577    1    1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 659 10 120 10 659 10 120 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 14 720 13 648 14 719 13 647    1    1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 322 950 300 744 322 923 300 729    27    15
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 322413 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс жасайтыны - 22279. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3894 немесе 12%) және Астана қаласына (3763 немесе 11,6%), және Қарағанды облысына (2134 немесе 6,6%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (13060 немесе 40,3%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4656 немесе 14,4%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2272 немесе 7,0%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар
    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 28 326 2 450 24 559    226    730 1 317
    Шағын 27 234 2 226 23 738    200    686 1 270
    Орта    602    111    465    12    20    26
    Ірі    490    113    356    14    24    21
    Өлшем мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
      Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған Оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 4 087 2 441    391 1 037 1 013    82
    Шағын 4 044 2 400    391    998 1 011    81
    Орта    22    20 -    20 -    1
    Ірі    21    21 -    19    2 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 26,5%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 2,3%-ға артты.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 37,2%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 11,8%, «Құрылыс» – 9,5% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
      Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 53 469 41 134 12 009 8 600
    Ресей 21 896 18 381 5 148 3 932
    Туркия 5 332 3 758 785 477
    Қытай 3 661 2 145 788 505
    Өзбекстан 3 339 2 607 681 474
    Қырғызстан 3 035 2 309 395 286
    Украина 1 388 1 055 384 276
    Әзірбайжан 1 284 1 008 219 146
    Германия 938 740 535 394
    Корея Республикасы 877 597 186 116
    Беларусь 797 681 181 136

    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел

    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 26,9%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 67,7%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,3%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 11,8%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,9%; «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 15,7%. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 14,1% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
    тіркелген жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 234 776 2 031 826
    Абай 59 811 54 657
    Ақмола 63 915 58 751
    Ақтөбе 97 892 88 485
    Алматы 143 442 135 109
    Атырау 74 361 67 826
    Батыс Қазақстан 64 771 58 751
    Жамбыл 120 297 107 717
    Жетісу 65 493 59 860
    Қарағанды 112 967 100 247
    Қостанай 70 106 65 697
    Қызылорда 77 563 72 934
    Маңғыстау 89 724 83 488
    Павлодар 62 239 55 756
    Солтүстік Қазақстан 38 640 35 091
    Түркістан 217 480 213 283
    Ұлытау 20 614 19 263
    Шығыс Қазақстан 72 506 65 045
    Астана қаласы 254 673 225 268
    Алматы қаласы 386 986 334 998
    Шымкент қаласы 141 296 129 600
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 749058
    Орындаушы:
    А.Умирбаева
    Тел. +7 7172 74-92-89
    E-mail: ak.umirbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші