Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    518 924
    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 518924 бірлікті құрады, оның ішінде 413299 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 750 642
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1750642 құрады, оның ішінде 1632256 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 203 315
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2203315 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 1988454 құрады.
    Мөлшері мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша
    Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 518 924 413 299 1 750 642 1 632 256 32 280 22 072 2 203 315 1 988 454
    Шағын 509 868 404 391 - - 31 142 20 947 2 200 377 1 985 601
    Орта 6 591 6 477 - - 628 619 2 938 2 853
    Ірі 2 465 2 431 - - 510 506 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2012-2022 жылдары) олардың саны 317926-дан 507238 дейін (189312 бірлікке немесе 59,5%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,9%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022
    Қазақстан Республикасы 317 926 338 981 353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238
    шағын 309 499 330 435 344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995
    орта 6 095 6 113 6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685
    ірі 2 332 2 433 2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2023 жылғы мамырда сәуір айымен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалар санының (0,5%-ға) өскені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 5,9%-ға көбейді. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,8 % азайған, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,4%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2023 жылғы 1 маусымдағы олардың үлесі 27,9%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,3%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 51,2%-ын құрады.

    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (145382 немесе 28%) және Астана (97602 немесе 18,8%), және Қарағанды облысына (28801 немесе 5,6%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2971 және 0,6%), Жетісу (8180 және 1,6%) және Абай (8197 және 1,6%)облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша
    Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 518 924 413 299 63 960 208 387 140 952 5 051
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 20 873 17 469 2 348 8 823 6 298 127
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 201 4 323 769 1 552 2 002 58
    Өндеу өнеркәсібі 26 138 20 477 2 247 10 672 7 558 299
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 890 1 566 209 817 540 11
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өндеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 779 2 180 195 1 174 811 45
    Құрылыс 69 255 52 867 7 128 17 838 27 901 1 278
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 144 847 107 663 18 292 50 617 38 754 1 721
    Көлік және жинақтау 21 116 16 856 2 594 8 598 5 664 237
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 10 041 8 269 1 536 4 230 2 503 51
    Ақпарат және байланыс 17 187 14 435 3 337 7 253 3 845 68
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 001 5 531 837 2 806 1 888 134
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 24 083 20 629 3 529 12 525 4 575 195
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 454 28 085 3 619 15 505 8 961 219
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 24 864 20 821 2 816 12 163 5 842 150
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 563 9 298 138 9 036 124 40
    Білім беру 28 999 26 686 1 875 20 429 4 382 126
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 484 9 394 948 6 224 2 222 59
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 783 6 426 1 104 3 432 1 890 43
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 51 365 40 323 10 439 14 692 15 192 190
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий

    Қазақстан Республикасы

    518 924 25 575 446 692 359 11 227 46 657

    Шағын

    509 868 20 845 442 869 284 10 947 46 154

    Орта

    6 591 3 581 2 708 33 171 302

    Ірі

    2 465 1 149 1 115 42 109 201
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2023 жылғы мамыр айын сәуірмен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (2,2%-ға) өскені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 29,6%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер саны 1,0%-ға және 34,1%-ға сәйкесінше өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2023 жылғы 1 маусымда олардың үлесі 37,2%-ды құрайды. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (18,3%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (15,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 71,5%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері
    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған өзіндік кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 750 642 1 632 256 1 678 261 1 560 735 72 381 71 521
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 278 778 267 757 206 504 196 321 72 274 71 436
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 676 650 676 650 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 96 823 90 654 96 814 90 645 9 9
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 570 518 570 518 - -
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 1 929 1 758 1 928 1 757 1 1
    Құрылыс 49 785 45 720 49 783 45 718 2 2
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 652 054 612 014 652 036 611 999 18 15
    Көлік және жинақтау 80 137 73 043 80 127 73 036 10 7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 44 748 40 978 44 744 40 974 4 4
    Ақпарат және байланыс 17 861 16 251 17 861 16 251 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 562 489 562 489 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 85 976 77 280 85 953 77 261 23 19
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 31 229 28 130 31 228 28 129 1 1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 37 196 34 276 37 187 34 267 9 9
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 141 138 141 138 - -
    Білім беру 26 583 24 562 26 582 24 561 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 304 9 677 10 304 9 677 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 14 439 13 119 14 438 13 118 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 320 851 295 242 320 823 295 226 28 16
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 32280 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс жасайтыны - 22072. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3870 немесе 12%) және Астана қаласына (3756 немесе 11,6%), және Қарағанды облысына (2137 немесе 6,6%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (13048 немесе 40,4%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (4667 немесе 14,6%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2264 немесе 7%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар
    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий

    Қазақстан Республикасы

    28 214 2 324 24 570 231 730 1 320

    Шағын

    27 120 2 101 23 746 205 686 1 273

    Орта

    605 113 466 11 20 26

    Ірі

    489 110 358 15 24 21
    Өлшем мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша
    Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған Оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 4 066 2 420 391 1 015 1 014 85
    Шағын 4 022 2 378 391 974 1 013 84
    Орта 23 21 - 20 1 1
    Ірі 21 21 - 21 - -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 29,5%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 3,0%-ға артты.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 37,3%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 11,6%, «Құрылыс» – 9,6% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша
    Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 52 043 40 615 11 957 8 688
    Ресей 21 268 17 997 5 118 3 939
    Туркия 5 230 3 828 785 488
    Қытай 3 492 2012 775 501
    Өзбекстан 3165 2 519 691 495
    Қырғызстан 3010 2 369 391 285
    Украина 1 348 1 045 388 280
    Әзірбайжан 1 244 987 221 153
    Германия 929 740 534 393
    Корея Республикасы 868 609 184 118
    Беларусь 768 661 182 139

    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел

    Тіркелген және жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 29,7%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 67,3%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 20,4%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,2%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,9%; «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 15,8%. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 14,1% салаларына тиесілі .

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша
    тіркелген жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 203 315 1 988 454
    Абай 59 086 53 388
    Ақмола 63 467 57 926
    Ақтөбе 97 099 87 798
    Алматы 140 297 130 628
    Атырау 74 176 67 591
    Батыс Қазақстан 63 771 58 045
    Жамбыл 118 843 104 974
    Жетісу 64 194 58 180
    Қарағанды 111 889 99 204
    Қостанай 69 400 64 559
    Қызылорда 77 541 72 685
    Маңғыстау 88 606 82 049
    Павлодар 61 661 54 588
    Солтүстік Қазақстан 38 121 34 297
    Түркістан 214 422 209 778
    Ұлытау 20 328 18 857
    Шығыс Қазақстан 72 083 64 126
    Астана қаласы 249 618 220 149
    Алматы қаласы 380 001 323 083
    Шымкент қаласы 138 712 126 549
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен дара кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, дара кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ қызмет түрлері мен өңірлер бөлінісі бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 749058
    Орындаушы:
    А.Умирбаева
    Тел. +7 7172 74-92-89
    E-mail: ak.umirbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші