Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    559 558
    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 559558 бірлікті құрады, оның ішінде 451479 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 653 269
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1653269 құрады, оның ішінде 1589999 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 142 117
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2142117 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 1978975 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері* Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер*
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 559 558 451 479 1 653 269 1 589 999 28 817 21 868 2 142 117 1 978 975
    Шағын 550 143 442 166 - - 27 689 20 748 2 139 095 1 976 014
    Орта 6 864 6 781 - -    635    631 3 022 2 961
    Ірі 2 551 2 532 - -    493    489 - -

    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).

    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,1%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2016-2025 жылдары) олардың саны 383850-ден 549669 дейін (165819 бірлікке немесе 43,2%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,1%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2017, 2019,2020 және 2023 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,4%-ға, 3,1%-ға, 0,7%-ға және 0,8%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025
    Барлығы 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241 549 669
    Шағын 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826 540 095
    Орта 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919 6 978
    Ірі 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496 2 596
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2026 жылғы қыркүйекте тамыз айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,4%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 1,4%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,2%-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,6%-ға көбейгені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 қазанда олардың үлесі 26,2%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,6%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 49,8%-ын құрады.

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (168275 немесе 30,1%), Астана (106053 немесе 19%) және Шымкент (29477 немесе 5,3%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2923 немесе 0,5%), Жетісу (8717 немесе 1,6%) және Абай (8789 немесе 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 559 558 451 479 59 901 194 008 197 570 3 312
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 895 19 942 2 371 6 014 11 557    87
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6 877 6 051 1 105 1 221 3 725    36
    Өндеу өнеркәсібі 29 049 23 867 1 930 9 961 11 976    190
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 909 1 653    145    522    986    12
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 790 2 309    145    922 1 242    31
    Құрылыс 76 272 60 834 8 540 16 569 35 725    861
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 146 382 107 999 16 657 44 357 46 985 1 087
    Көлік және жинақтау 23 327 18 773 1 828 7 985 8 960    145
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 11 676 9 408 1 570 3 862 3 976    25
    Ақпарат және байланыс 20 864 17 121 2 870 7 412 6 839    44
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 558 6 525 1 665 2 161 2 699    103
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 27 954 24 254 2 432 13 870 7 952    104
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 36 830 30 272 3 364 14 093 12 815    144
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 26 278 21 707 2 010 10 944 8 753    107
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 750 9 539    176 8 991    372    25
    Білім беру 32 059 29 550 1 386 21 700 6 464    124
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 13 138 11 932 1 019 7 577 3 336    29
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 8 095 6 691    859 3 059 2 773    25
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 55 854 43 052 9 829 12 788 20 435    133
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі    1 - - - - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 559 558 25 958 464 743    494 11 135 68 857
    Шағын 550 143 20 910 460 856    439 10 844 68 377
    Орта 6 864 3 796 2 785    26    166    283
    Ірі 2 551 1 252 1 102    29    125    197
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2026 жылғы қыркүйекте тамыз айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,02%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 12,8%-ға азайды. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,4%-ға азайғаны байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 11,9%-ға азайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 қазанда олардың үлесі 38,3%-ды құрады. Екінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,8%), үшінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (13,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 67,1%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері*
    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 653 269 1 589 999 1 580 958 1 518 463 72 311 71 536
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 244 910 237 377 172 712 165 930 72 198 71 447
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу    706    607    706    607 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 80 755 77 187 80 735 77 168    20    19
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау    514    469    514    469 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 334 2 267 2 333 2 266    1    1
    Құрылыс 69 800 67 005 69 798 67 004    2    1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 633 796 608 217 633 774 608 200    22    17
    Көлік және жинақтау 94 543 91 332 94 535 91 325    8    7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 50 377 48 532 50 373 48 528    4    4
    Ақпарат және байланыс 22 447 21 725 22 447 21 725 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі    621    564    621    564 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 83 922 81 452 83 900 81 437    22    15
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 031 32 927 34 025 32 921 6 6
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 46 047 44 568 46 034 44 558    13    10
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру    56    55    56    55 - -
    Білім беру 31 126 30 146 31 126 30 146 - -
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 9 641 9 299 9 641 9 299 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 17 648 17 020 17 646 17 018    2    2
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 229 942 219 198 229 929 219 191    13    7
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі    53    52    53    52 - -

    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).

    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 28817 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 21868. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3737 немесе 13%) және Астана қаласына (3339 немесе 11,6%), және Түркістан облысына (1846 немесе 6,4%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12203 немесе 42,3%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (3531 немесе 12,3%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2079 немесе 7,2%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 25 049 2 636 21 303    97    575 1 110
    Шағын 23 960 2 282 20 617    74    545 1 061
    Орта    614    173    408    13    18    33
    Ірі    475    181    278    10    12    16
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 3 768 2 138    369    827    942    62
    Шағын 3 729 2 100    369    791    940    62
    Орта    21    20 -    19    1 -
    Ірі    18    18 -    17    1 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 16,8%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 1,5%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 34,2%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 15,8%, «Құрылыс» – 11,6% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан 73 735 56 541 11 710 8 947
    Ресей 23 364 17 494 4 693 3 657
    Өзбекстан 13 538 11 446 601 451
    Қытай 10 806 8 980 1 342 1 109
    Түркия 4 994 3 325 709 466
    Қырғызстан 3 176 2 359 392 300
    Әзірбайжан 1 671 1 273 211 151
    Украина 1 274 925 348 275
    Германия 969 751 464 363
    Беларусь 935 734 178 142
    Корея Республикасы 879 570 157 100

    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел.

    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 9,1%-ға азайды. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 68,3%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 19,5%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,1%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,2%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 12,8%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,4% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны*
    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
    Өңірлер бойынша Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 142 117 1 978 975
    Абай 52 684 49 882
    Ақмола 61 169 58 116
    Ақтөбе 82 455 77 206
    Алматы 150 480 131 511
    Атырау 61 154 57 265
    Батыс Қазақстан 56 998 51 966
    Жамбыл 107 052 101 662
    Жетісу 61 092 58 244
    Қарағанды 102 670 94 625
    Қостанай 62 849 59 815
    Қызылорда 60 827 58 977
    Маңғыстау 72 899 69 840
    Павлодар 58 913 54 256
    Солтүстік Қазақстан 35 982 33 215
    Түркістан 201 724 199 588
    Ұлытау 17 181 16 303
    Шығыс Қазақстан 62 045 57 227
    Астана қаласы 275 332 247 651
    Алматы қаласы 418 247 368 095
    Шымкент қаласы 140 364 133 531
    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен дара кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, дара кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ қызмет түрлері мен өңірлер бөлінісі бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 749058
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 749795
    E-mail: d.toleugali@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс