Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    557 463
    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 557463 бірлікті құрады, оның ішінде 450688 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 653 654
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1653654 құрады, оның ішінде 1596438 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 140 771
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2140771 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 1984663 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері* Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер*
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 557 463 450 688 1 653 654 1 596 438 28 866 22 011 2 140 771 1 984 663
    Шағын 548 031 441 356 - - 27 726 20 878 2 137 728 1 981 677
    Орта 6 888 6 809 - -    644    641 3 043     2 986
    Ірі 2 544 2 523 - -    496    492 - -

    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).

    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,1%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2016-2025 жылдары) олардың саны 383850-ден 549669 дейін (165819 бірлікке немесе 43,2%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,1%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2017, 2019,2020 және 2023 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,4%-ға, 3,1%-ға, 0,7%-ға және 0,8%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025
    Барлығы 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241 549 669
    Шағын 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826 540 095
    Орта 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919 6 978
    Ірі 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496 2 596
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2026 жылғы тамызда шілде айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,5%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 1,4%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 1,1%-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,1%-ға көбейгені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 қыркүйекте олардың үлесі 26,2%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,6%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 49,8%-ын құрады.

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (167313 немесе 30%), Астана (105547 немесе 18,9%) және Шымкент (29384 немесе 5,3%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2903 немесе 0,5%), Жетісу (8699 немесе 1,6%) және Абай (8713 немесе 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 557 463 450 688 59 827 194 404 196 457 3 409
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 774 19 838 2 421 5 757 11 660    90
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6 787 5 996 1 140 1 179 3 677    40
    Өндеу өнеркәсібі 28 962 23 966 2 047 9 964 11 955    194
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 906 1 659    151    515    993    13
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 791 2 313    164    901 1 248    31
    Құрылыс 75 931 60 446 8 361 16 875 35 210    885
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 145 992 107 844 16 461 44 672 46 711 1 119
    Көлік және жинақтау 23 304 18 906 1 855 8 112 8 939    159
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 11 634 9 375 1 580 3 846 3 949    25
    Ақпарат және байланыс 20 648 17 010 2 742 7 378 6 890    45
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 448 6 492 1 587 2 206 2 699    104
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 27 794 24 174 2 452 13 846 7 876    107
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 36 671 30 103 3 396 13 998 12 709    147
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 26 197 21 688 2 011 10 960 8 717    109
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 740 9 540    179 9 047    314    25
    Білім беру 32 033 29 643 1 474 21 791 6 378    124
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 13 076 11 929 1 012 7 626 3 291    29
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 8 076 6 695    863 3 019 2 813    24
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 55 698 43 071 9 931 12 712 20 428    139
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі    1 - - - - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 557 463 25 962 464 186    486 11 160 67 315
    Шағын 548 031 20 913 460 276    433 10 868 66 842
    Орта 6 888 3 795 2 811    24    167    282
    Ірі 2 544 1 254 1 099    29    125    191
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2026 жылғы тамызда шілде айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,4%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 12,9%-ға азайды. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,03%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 11,6%-ға азайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 қыркүйекте олардың үлесі 38,5%-ды құрады. Екінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,8%), үшінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (14%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 67,3%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері*
    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 653 654 1 596 438 1 581 360 1 524 922 72 294 71 516
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 245 280 238 476 173 101 167 053 72 179 71 423
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу    702    615    702    615 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 81 319 78 183 81 297 78 162    22    21
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау    509    471    509    471 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 304 2 239 2 303 2 238    1    1
    Құрылыс 68 593 66 116 68 591 66 115    2    1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 636 038 612 987 636 016 612 970    22    17
    Көлік және жинақтау 93 779 90 844 93 771 90 837    8    7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 50 273 48 580 50 269 48 576    4    4
    Ақпарат және байланыс 22 096 21 419 22 096 21 419 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі    628    580    628    580 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 83 478 81 252 83 456 81 236    22    16
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 33 670 32 644 33 664 32 638 6 6
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 45 623 44 273 45 610 44 262    13    11
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру    58    57    58    57 - -
    Білім беру 30 899 30 048 30 899 30 048 - -
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 9 583 9 281 9 583 9 281 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 17 513 16 957 17 511 16 955    2    2
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 231 252 221 360 231 239 221 353    13    7
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі    57    56    57    56 - -

    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).

    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 28866 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 22011. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3758 немесе 13%) және Астана қаласына (3343 немесе 11,6%), және Түркістан облысына (1843 немесе 6,4%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12234 немесе 42,4%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (3541 немесе 12,3%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2075 немесе 7,2%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 25 087 2 629 21 341    97    577 1 117
    Шағын 23 987 2 274 20 645    74    547 1 068
    Орта    622    174    415    13    18    33
    Ірі    478    181    281    10    12    16
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 3 779 2 153    387    832    934    64
    Шағын 3 739 2 113    386    797    930    64
    Орта    22    22    1    19    2 -
    Ірі    18    18 -    16    2 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 15,4%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 1,2%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,5%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,8%, «Құрылыс» – 9% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан 72 211 55 426 11 737 9 004
    Ресей 22 600 17 238 4 740 3 717
    Өзбекстан 10 905 11 088 605 459
    Қытай 9 283 8 650 1 317 1 092
    Түркия 4 925 3 304 709 463
    Қырғызстан 2 943 2 342 388 297
    Әзірбайжан 1 633 1 251 212 152
    Украина 1 254 922 352 276
    Германия 951 743 467 368
    Беларусь 908 733 177 141
    Корея Республикасы 863 574 156 100
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел.
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 8,7%-ға азайды. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 68,3%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 19,4%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,1%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,2%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,3%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 12,8%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,4% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны*
    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
    Өңірлер бойынша Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 140 771 1 984 663
    Абай 52 741 50 106
    Ақмола 61 068 58 171
    Ақтөбе 82 596 77 535
    Алматы 150 194 136 149
    Атырау 61 120 57 492
    Батыс Қазақстан 57 066 52 103
    Жамбыл 107 111 101 665
    Жетісу 61 173 58 785
    Қарағанды 102 734 94 913
    Қостанай 62 858 59 717
    Қызылорда 61 037 59 195
    Маңғыстау 73 572 70 330
    Павлодар 58 908 54 295
    Солтүстік Қазақстан 35 970 33 179
    Түркістан 201 850 199 572
    Ұлытау 17 157 16 477
    Шығыс Қазақстан 62 062 57 523
    Астана қаласы 274 620 248 097
    Алматы қаласы 416 848 366 559
    Шымкент қаласы 140 086 132 800
    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74 90 58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74 97 95
    E-mail: d.toleugali@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс