Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    2223,5 мың
    2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2223,5 мың бірлікті құрады
    2015 мың
    2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2015 мың бірлікті құрады
    4273 мың
    2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 4273 мың адамды құрады
    28791,4 млрд
    2023 жылғы қаңтар-маусым ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 28791,4 млрд. құрады
    2023 жылғы қаңтар-маусымдағы ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің құрылымы
    пайызбен
    2023ж. қаңтар-шілде

    Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 69,1%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 17,6%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 13,1%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,1%-ды құрады.

    ШОК ұйымдық-құқықтық нысандар бөлінісінде

    Ұйымдық-құқықтық нысандар бөлінісінде тіркелген субъектілердің ең көп санын дара кәсіпкерлер –1,5 млн. бірлікті, одан жұмыс істеп тұрғандар 1,4 млн. бірлікті құрайды.

    Жұмыспен қамтылғандар санының ең көбі шағын кәсіпкерлікке – 1,7 млн. адам және дара кәсіпкерлерге – 1,8 млн. бірлік келеді.

    Шағын кәсіпкерліктің өнім шығарылымы 19,5 трлн. теңгені құрады, бұл барлық ШОК субъектілерінің жалпы өнім шығарылымынан 68% ды құрайды.

    ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері
    2023 жылғы 1 шілдеге 2022 жылғы 1 шілдеге
    Шағын және орта кәсіпкерліктегі тіркелген субъектілер, бірлік 2 223 486 1 798 349
    соның ішінде:
    шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары 452 053 426 271
    орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары 2 940 2 880
    дара кәсіпкерлер 1 496 527 1 137 768
    шаруа немесе фермер қожалықтары 271 966 231 430
    Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыс істеп тұрған субъектілер, бірлік 2 015 030 1 559 859
    соның ішінде:
    шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары 354 618 315 270
    орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары 2 851 2 750
    дара кәсіпкерлер 1 392 945 1 019 397
    шаруа немесе фермер қожалықтары 264 616 222 442
    Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны, адам 4 272 966 3 761 990
    соның ішінде:
    шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары 1 689 156 1 604 071
    орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары 398 771 380 030
    дара кәсіпкерлер 1 839 808 1 473 239
    шаруа немесе фермер қожалықтары 345 231 304 650
    Шағын және орта кәсіпкерліктегі өнім шығарылымы, млн. теңге 28 791 406 23 416 338
    соның ішінде:
    шағын кәсіпкерліктің кәсіпорындары 19 488 375 16 710 783
    орта кәсіпкерліктің кәсіпорындары 5 361 255 4 311 548
    дара кәсіпкерлер 3 576 709 2 080 150
    шаруа немесе фермер қожалықтары 365 067 313 857
    Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санында жұмыс істеп тұрғандардың үлесі
    Пайызбен
    2023ж. қаңтар-шілде

    Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санында жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 90,6% құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 3,9 п.п. жоғары. Өңірлер бөлінісінде ең көп үлес Түркістан (97,9%), Қызылорда (93,9%) және Қостанай (93,3%) облыстарында байқалады. Ең аз үлес Алматы қаласында (85,7%) тіркелген.

    ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері
    2023 жылғы 1 шілдеге 2022 жылғы 1 шілдеге
    тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны, бірлік тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны, бірлік
    Қазақстан Республикасы 2 223 486 2 015 030 1 798 349 1 559 859
    Абай 59 406 53 942 49 482 43 647
    Ақмола 63 670 58 306 56 650 50 755
    Ақтөбе 97 662 88 548 80 868 71 977
    Алматы 142 363 133 532 108 197 96 653
    Атырау 74 428 67 934 62 320 55 331
    Батыс Қазақстан 64 474 58 886 53 045 46 545
    Жамбыл 119 717 106 122 92 479 77 193
    Жетісу 65 203 59 862 53 000 45 617
    Қарағанды 112 479 100 124 96 183 83 038
    Қостанай 69 847 65 149 61 414 56 549
    Қызылорда 77 590 72 872 59 023 53 725
    Маңғыстау 89 490 83 144 70 683 63 636
    Павлодар 62 058 55 351 54 416 47 517
    Солтүстік Қазақстан 38 461 34 759 34 748 30 890
    Түркістан 216 020 211 477 158 974 155 073
    Ұлытау 20 545 19 109 16 189 14 619
    Шығыс Қазақстан 72 400 64 599 64 214 55 859
    Астана қаласы 252 958 223 597 206 930 179 003
    Алматы қаласы 384 178 329 082 318 178 244 367
    Шымкент қаласы 140 537 128 635 101 356 87 865
    2023 жылғы 1 шілдеге 2023 жылғы қаңтар-маусым 2022 жылғы 1 шілдеге 2022 жылғы қаңтар- маусым
    ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. теңге ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. теңге
    Қазақстан Республикасы 4 272 966 28 791 406 3 761 990 23 416 338
    Абай 102 027 396 485 92 657 250 311
    Ақмола 144 408 646 252 136 453 560 777
    Ақтөбе 181 460 861 883 166 481 640 171
    Алматы 241 349 1 526 652 202 486 1 165 281
    Атырау 157 942 2 472 889 142 410 2 447 950
    Батыс Қазақстан 125 887 1 014 997 113 012 1 000 071
    Жамбыл 164 746 444 912 133 315 311 259
    Жетісу 109 994 362 555 96 384 322 121
    Қарағанды 242 333 1 162 903 222 448 955 474
    Қостанай 165 376 874 951 160 337 791 687
    Қызылорда 124 376 300 577 107 387 232 461
    Маңғыстау 158 306 867 344 146 998 784 979
    Павлодар 140 000 613 439 133 681 503 461
    Солтүстік Қазақстан 105 971 386 646 104 876 428 739
    Түркістан 288 555 565 393 231 539 417 299
    Ұлытау 31 567 92 466 27 626 66 959
    Шығыс Қазақстан 165 435 715 742 151 780 558 117
    Астана қаласы 503 872 6 172 840 444 329 4 836 760
    Алматы қаласы 899 004 8 160 412 758 393 6 404 483
    Шымкент қаласы 220 358 1 152 068 189 398 737 978
    Динамикалық кестелер
    2023 жылғы қаңтар-маусымдағы экономикалық белсенді халықтағы ШОК-та жұмыспен қамтылғандар санының үлесі
    Пайызбен
    2023ж. қаңтар-шілде

    ШОК саласына елдің экономикалық белсенді халқының жалпы санынан 44,7% келеді. Өңірлер бөлінісінде ең көп үлес Алматы және Астана қалаларында басым. Ең аз үлес Жамбыл облысында тіркелген.

    ШОК экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде

    2023 жылғы 1 шілдеде тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2223,5 мың бірлікті құрады және 2022 жылдың сәйкес күнімен (1798,3 мың бірлік) салыстырғанда 23,6%-ға артты.

    2023 жылғы 1 шілдеде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2015 мың бірлікті құрады және 2022 жылдың сәйкес күнімен (1559,9 мың бірлік) салыстырғанда 29,2%-ға артты.

    2023 жылғы 1 шілдеде ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 4273мың адамды құрады, бұл 13,6%-ға көп.

    2023 жылғы қаңтар-маусымда ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 28791,4 млрд. теңгені құрады және 2022 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда 23%-ға артты.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері
    Тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, бірлік ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млн. теңге
    2023 жылғы 1 шілдеге 2022 жылғы 1 шілдеге 2023 жылғы 1 шілдеге 2022 жылғы 1 шілдеге 2023 жылғы 1 шілдеге 2022 жылғы 1 шілдеге 2023 жылғы қаңтар-маусым 2022 жылғы қаңтар- маусым
    Барлығы 2 223 486 1 798 349 2 015 030 1 559 859 4 272 966 3 761 990 28 791 406 23 416 338
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 314 227 276 177 300 370 259 320 483 954 445 259 1 189 272 924 187
    Өнеркәсіп 136 428 91 049 123 076 76 597 438 958 385 509 5 972 845 5 413 309
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 731 5 239 4 823 4 230 39 899 39 904 1 693 933 1 516 519
    Өңдеу өнеркәсібі 124 045 79 557 112 623 67 322 361 226 310 072 3 800 772 3 422 136
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 2 295 2 102 1 947 1 655 16 877 15 353 358 519 377 810
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 4 357 4 151 3 683 3 390 20 956 20 180 119 621 96 844
    Құрылыс 119 190 109 068 98 786 87 064 325 461 311 447 3 375 176 2 879 027
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 798 506 604 931 723 015 520 536 1 290 272 1 097 294 8 060 293 7 051 571
    Көлік және жинақтау 100 921 92 256 90 106 79 003 215 527 189 603 2 205 165 1 517 573
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 54 752 48 381 49 333 42 346 146 718 143 641 723 905 510 684
    Ақпарат және байланыс 34 686 29 687 30 561 24 798 99 461 83 041 1 089 120 629 951
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 919 8 083 5 448 5 174 26 591 23 635 392 337 297 778
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 100 429 92 554 91 203 80 107 188 291 172 240 1 176 332 903 898
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 64 306 61 600 55 302 50 805 163 947 154 367 1 224 446 882 992
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 60 703 50 941 54 148 43 259 201 832 179 910 1 041 151 746 654
    Білім беру 42 430 33 741 38 785 29 959 145 416 131 532 337 758 237 295
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 19 102 15 624 17 659 14 088 88 941 88 982 356 038 335 000
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 19 562 16 764 17 417 13 976 39 117 35 194 782 443 507 315
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 350 325 267 493 319 821 232 827 418480 320 336 865125 579 104
    Динамикалық кестелер
    2023 жылғы қаңтар-маусымдағы ЭҚТ бөлінісінде ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің құрылымы
    2023ж. қаңтар-шілде

    Субъектілер санының, жұмыспен қамтылғандар санының және өнім шығарылымының ең көп үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласында басым.

    Ел экономикасына ШОК-тың үлесі

    Республика бойынша 2023 жылғы қаңтар-маусымда ресми статистикалық деректерге сәйкес ЖІӨ-де ШОК үлесі 36,4% құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7 п.п. көбейді.

    ЖІӨ-дегі (ЖӨӨ) ШОК үлесі
    2023 жылғы қаңтар-маусым 2022 жылғы қаңтар-маусым
    ШОК ЖҚҚ, млн. тг. ЖІӨ-дегі үлесі (ЖӨӨ), пайызбен ШОК ЖҚҚ, млн. тг. ЖІӨ-дегі үлесі (ЖӨӨ), пайызбен
    Қазақстан Республикасы 17 213 262,1 36,4 14 288 143,5 35,7
    Абай 216 361,9 18,7 139 966,9 16,1
    Ақмола 376 166,6 25,7 344 018,5 28,8
    Ақтөбе 543 620,1 27,3 411 727,3 21,3
    Алматы 896 928,9 47,0 689 411,6 39,7
    Атырау 1 645 872,3 24,7 1 477 708,4 23,3
    Батыс Қазақстан 626 439,1 33,1 575 103,4 31,5
    Жамбыл 267 393,9 20,7 189 850,4 18,0
    Жетісу 209 815,0 30,2 200 078,4 39,2
    Қарағанды 572 226,4 19,0 479 216,9 16,1
    Қостанай 463 037,9 28,5 419 923,5 30,5
    Қызылорда 188 328,3 16,7 156 053,0 15,5
    Маңғыстау 570 561,0 28,5 557 491,6 30,2
    Павлодар 311 837,2 18,0 258 643,6 16,8
    Солтүстік Қазақстан 222 898,7 26,8 263 808,8 43,5
    Түркістан 310 940,5 20,6 212 109,8 17,2
    Ұлытау 38 339,2 5,1 28 264,6 3,8
    Шығыс Қазақстан 392 978,6 21,5 311 810,5 20,7
    Астана қаласы 3 469 192,6 73,0 2 932 237,5 81,5
    Алматы қаласы 5 133 140,8 54,1 4 157 938,5 60,3
    Шымкент қаласы 757 183,1 49,7 482 780,4 38,9
    Динамикалық кестелер
    Шағын және орта кәсіпкерлік бөлінісінде ЖІӨ-дегі ШОК үлесі
    2023ж. қаңтар-шілде

    Субъектілердің санаттарына бөлінісінде шағын кәсіпкерліктің үлесі 29,6%-ды және орта кәсіпкерліктің үлесі 6,8%-ды құрайды.

    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың таза табыс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан, олардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігі үшін жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі болып табылады.

    Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай-ақ осы өнімді қайта өңдеумен және өткізумен тығыз байланысты адамдардың еңбек бірлестігі шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады.

    Экономикалық қызмет түрі-жабдық, жұмыс күші, өндірістік процестер, ақпараттық желілер мен өнімдер біріктіріліп, біртекті өнімдердің (тауарлардың, қызметтердің) құрылуына әкелетін қызмет. Экономикалық қызмет түрі шығындармен, өндіріс процесімен және өндірілген өніммен сипатталады. Әрбір тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектісіне қосылған құнның ең көп өсуін қамтамасыз ететін, яғни негізгі болып табылатын экономикалық қызмет түрі беріледі.

    Өнім шығару – барлық шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өндірушінің бағасымен көрсетілетін құны.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызметі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексімен регламенттелетін заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары жатады.

    Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.

    Орта кәсіпкерлік субъектілеріне шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.


    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 749717
    Орындаушы:
    А. Курманбаева
    Тел. +7 7172 749814
    Е-mail: a.kurmanbaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік Ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші