Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    554 900
    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 554900 бірлікті құрады, оның ішінде 445675 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 660 468
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1660468 құрады, оның ішінде 1595909 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 145 344
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2145344 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 1979527 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері1) Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер1)
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 554 900 445 675 1 660 468 1 595 909 28 796 21 905 2 145 344 1 979 527
    Шағын 545 500 436 381 - - 27 659 20 776 2 142 323 1 976 566
    Орта 6 852 6 770 - -    645    641 3 021   2 961
    Ірі 2 548 2 524 - -    492    488 - -

    1)Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).

    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,1%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2016-2025 жылдары) олардың саны 383850-ден 549669 дейін (165819 бірлікке немесе 43,2%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,1%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2017, 2019,2020 және 2023 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,4%-ға, 3,1%-ға, 0,7%-ға және 0,8%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025
    Барлығы 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241 549 669
    Шағын 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826 540 095
    Орта 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919 6 978
    Ірі 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496 2 596
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2026 жылғы шілдеде маусым айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,5%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 1,3%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,4%-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,3%-ға көбейгені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 тамызда олардың үлесі 26,2%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,6%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 49,8%-ын құрады.

    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (166022 немесе 29,9%), Астана (104994 немесе 18,9%) және Шымкент (29341 немесе 5,3%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2902 немесе 0,5%), Абай (8646 немесе 1,6%) және Жетісу (8657 немесе 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 554 900 445 675 58 096 191 665 195 914 3 479
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 611 19 573 2 403 4 869 12 301    91
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6 671 5 874 1 055 1 127 3 692    40
    Өндеу өнеркәсібі 28 837 23 737 1 979 9 771 11 987    201
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 904 1 652    151    501 1 000    13
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 780 2 285    158    869 1 258    33
    Құрылыс 75 382 59 581 7 882 16 718 34 981    901
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 145 640 106 730 16 143 44 193 46 394 1 151
    Көлік және жинақтау 23 245 18 752 1 869 8 097 8 786    162
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 11 578 9 206 1 545 3 746 3 915    29
    Ақпарат және байланыс 20 451 16 722 2 577 7 285 6 860    45
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 362 6 381 1 502 2 141 2 738    104
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 27 689 24 012 2 417 13 680 7 915    107
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 36 488 29 718 3 270 13 838 12 610    152
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 26 128 21 468 1 937 10 891 8 640    110
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 737 9 538    183 9 035    320    24
    Білім беру 31 969 29 512 1 527 21 718 6 267    123
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 13 018 11 805 1 091 7 521 3 193    29
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 8 055 6 639    844 2 951 2 844    25
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 55 354 42 490 9 563 12 714 20 213    139
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі    1 - - - - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 554 900 25 913 462 899    531 11 124 66 088
    Шағын 545 500 20 892 458 993    466 10 831 65 615
    Орта 6 852 3 774 2 794    30    169    284
    Ірі 2 548 1 247 1 112    35    124    189
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2026 жылғы шілдеде маусым айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,2%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 11,4%-ға азайды. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,2%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ға азайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 тамызда олардың үлесі 38,6%-ды құрады. Екінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,8%), үшінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (14,1%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 67,5%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері1)
    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 660 468 1 595 909 1 588 200 1 524 431 72 268 71 478
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 245 600 238 302 173 437 166 907 72 163 71 395
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу    693    606    693    606 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 82 118 78 603 82 098 78 584    20    19
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау    517    480    517    480 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 309 2 238 2 308 2 237    1    1
    Құрылыс 67 756 64 977 67 754 64 976    2    1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 640 897 614 691 640 875 614 674    22    17
    Көлік және жинақтау 93 911 90 636 93 903 90 629    8    7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 50 263 48 360 50 259 48 356    4    4
    Ақпарат және байланыс 21 788 21 013 21 788 21 013 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі    618    567    618    567 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 83 207 80 751 83 186 80 736    21    15
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 33 455 32 270 33 455 32 270 - -
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 45 416 43 843 45 403 43 831    13    12
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру    78    77    78    77 - -
    Білім беру 30 782 29 730 30 781 29 730    1 -
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 9 566 9 204 9 566 9 204 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 17 470 16 822 17 468 16 820    2    2
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 233 975 222 691 233 964 222 686    11    5
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі    49    48    49    48 - -

    1)Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).

    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 28796 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 21905. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3751 немесе 13%) және Астана қаласына (3344 немесе 11,6%), және Түркістан облысына (1836 немесе 6,4%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12194 немесе 42,3%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (3543 немесе 12,3%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2075 немесе 7,2%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 25 022 2 599 21 304    98    578 1 119
    Шағын 23 924 2 250 20 604    74    548 1 070
    Орта    623    168    422    14    18    33
    Ірі    475    181    278    10    12    16
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 3 774 2 141    381    833    927    64
    Шағын 3 735 2 102    379    800    923    64
    Орта    22    22    1    19    2 -
    Ірі    17    17 1    14    2 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 14,2%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,9%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 34,4%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 15,8%, «Құрылыс» – 11,1% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары2)
    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан 70 981 53 999 11 702 8 938
    Ресей 22 691 17 053 4 741 3 706
    Өзбекстан 12 751 10 607 608 463
    Қытай 10 081 8 298 1 302 1 075
    Түркия 4 939 3 249 709 462
    Қырғызстан 3 135 2 317 386 296
    Әзірбайжан 1 641 1 237 210 149
    Украина 1 267 920 353 277
    Германия 947 738 464 364
    Беларусь 923 723 176 141
    Корея Республикасы 873 561 154 98
    2) Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел.
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 8%-ға азайды. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 68,5%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 19,2%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,1%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,4%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 12,8%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,5% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны1)
    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша
    Өңірлер бойынша Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 145 344 1 979 527
    Абай 52 988 50 012
    Ақмола 61 087 57 828
    Ақтөбе 83 055 77 562
    Алматы 150 162 135 485
    Атырау 61 338 57 393
    Батыс Қазақстан 57 346 52 648
    Жамбыл 107 387 101 251
    Жетісу 61 283 58 658
    Қарағанды 103 093 94 743
    Қостанай 62 933 59 427
    Қызылорда 61 564 59 380
    Маңғыстау 74 280 70 759
    Павлодар 58 959 54 184
    Солтүстік Қазақстан 35 954 32 864
    Түркістан 203 020 200 195
    Ұлытау 17 204 16 348
    Шығыс Қазақстан 62 255 57 176
    Астана қаласы 274 678 246 547
    Алматы қаласы 416 163 363 801
    Шымкент қаласы 140 595 133 266
    1)Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-95
    E-mail: d.toleugali@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс