Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    507 238
    2023 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 507238 бірлікті құрады, оның ішінде 399378 жұмыс жасайтын заңды тұлғалар
    1 585 099
    Тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 585 099 құрады, оның ішінде 1 475 263 жұмыс жасайтын субъектілер
    2 026 527
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2026527 бірлікті, оның ішінде жұмыс жасайтындары – 1818764 құрады
    Мөлшері мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 507 238 399 378 1 585 099 1 475 263 28 050 19 243 2 026527 1 818 764
    Шағын 497 995 390 316 - - 26 947 18 156 1774 893 1575 120
    Орта 6 685 6 544 - - 621 611 3 032 2 924
    Ірі 2 558 2 518 - - 482 476 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2012-2021 жылдары) олардың саны 317926-нан 507238 дейін (189312 бірлікке немесе 59,5%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,9%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022
    Қазақстан Республикасы 317 926 338 981 353 833 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238
    шағын 309 499 330 435 344 994 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995
    орта 6 095 6 113 6 364 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685
    ірі 2 332 2 433 2 475 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558
    Тіркелген және жұмыс жасайтын заңды тұлғалар

    2022 жылғы желтоқсанда қарашамен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалар санының (0,2%-ға) өскені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 5,3%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалар санының да – 1,8%-ға және 13,2%-ға сәйкесінше өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2023 жылғы 1 қаңтардағы олардың үлесі 28%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,5%), үшінші орында – «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 51,4%-ын құрады.

    2023 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (140424 немесе 27,7%) және Астана (94407 немесе 18,6%), және Қарағанды облысына (28441 немесе 5,6%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2907 және 0,6%), Абай (8029 және 1,6%) және Жетісу (7981 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша
    2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Барлығы Одан
    жұмыс істейтіндер оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Республика Казахстан 507 238 399 378 56 276 203 279 139 823 5 177
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 20 327 17 070 1 971 8 443 6 656 122
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5 106 4 193 698 1 438 2 057 58
    Өндеу өнеркәсібі 25 645 19 998 1 959 10 212 7 827 297
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 871 1 528 198 741 589 13
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өндеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 779 2 190 189 1 128 873 42
    Құрылыс 68 305 52 259 6 793 18 781 26 685 1 318
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 141 809 103 637 15 180 49 387 39 070 1 763
    Көлік және жинақтау 20 408 16 093 2 211 8 206 5 676 237
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 9 652 7 815 1 284 4 010 2 521 50
    Ақпарат және байланыс 16 150 13 348 2 770 6 820 3 758 74
    Қаржы және сақтандыру қызметі 7 996 5 461 781 2 677 2 003 139
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 23 468 19 878 3 178 12 021 4 679 197
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 34 262 27 623 3 431 15 230 8 962 233
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 23 875 19 789 2 392 11 551 5 846 153
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 619 9 323 177 9 024 122 41
    Білім беру 28 272 25 954 1 610 20 197 4 147 127
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 029 8 916 826 6 023 2 067 59
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 517 6 067 941 3 248 1 878 43
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 50 147 38 235 9 687 14 141 14 407 211
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі - - - - - -
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке всего одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Республика Казахстан 507 238 25 603 438 900 380 11 083 42 735
    Шағын 497 995 20 901 434 864 297 10 803 42 230
    Орта 6 685 3 570 2 811 36 168 304
    Ірі 2 558 1 132 1 225 47 112 201
    Тіркелген және жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері (ЖК және ЖКС)

    2022 жылғы желтоқсанда қарашамен салыстырғанда кейбір тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (1,6%-ға) өскені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 24,3%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілер санының да 3,1%-ға және 30,7%-ға сәйкесінше өскені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2023 жылғы 1 қаңтардағы олардың үлесі 36,6%-ды құрайды. Екінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (16,5%), үшінші орында «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну» (18,3%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілердің 71,4%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері
    2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істейтін тіркелген жұмыс істейтін
    Барлығы 1 585 099 1 475 263 1 513 042 1 404 089 72 057 71 174
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 260 779 249 611 188 836 178 526 71 943 71 085
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 554 526 554 526 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 77 934 72 618 77 924 72 608 10 10
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 525 469 525 469 - -
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 1 862 1 705 1 861 1 704 1 1
    Құрылыс 47 012 43 123 47 011 43 122 1 1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 574 991 539 181 574 974 539 167 17 14
    Көлік және жинақтау 77 202 70 347 77 192 70 341 10 6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 42 329 38 674 42 325 38 670 4 4
    Ақпарат және байланыс 16 885 15 316 16 885 15 316 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 582 505 582 505 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 83 041 74 375 83 015 74 353 26 22
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 31 080 28 184 31 079 28 183 1 1
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 33 953 31 218 33 944 31 209 9 9
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 112 110 112 110 - -
    Білім беру 23 735 22 030 23 734 22 029 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 9 418 8 855 9 418 8 855 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 13 294 11 983 13 293 11 982 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 289 811 266 433 289 778 266 414 33 19
    Тіркелген және жұмыс жасайтын филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2023 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 32116 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс жасайтыны - 21458. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3864 немесе 12,0%) және Астана қаласына (3746 немесе 11,7%), және Қарағанды облысына (2138 немесе 6,7%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну» (12841 немесе 40%), «Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу» (4721 немесе 14,7%) және «Құрылыс» (2231 немесе 6,7%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген және жұмыс істейтін филиалдар
    2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен) совместных предприятий
    Қазақстан Республикасы 28 050 2 204 24 513 269 729 1 333
    Шағын 26 947 2 013 23 649 238 679 1 285
    Орта 621 108 486 15 23 27
    Ірі 482 83 378 16 27 21
    Өлшем мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген шетелдік филиалдары
    2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Барлығы Одан
    жұмыс істейтіндер Оның ішінде Таратылу процесінде
    қайта тіркелгендер белсенді уақытша белсенді еместері
    Қазақстан Республикасы 4 066 2 215 340 1 016 859 87
    Шағын 4 019 2 170 340 971 859 86
    Орта 22 20 - 20 - 1
    Ірі 25 25 - 25 - -
    Тіркелген және жұмыс жасайтын заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік және бірлескен меншік нысаны бар шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2022 жылы өткен жылмен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік меншік нысаны бар шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны елеулі өсті. Егер өткен жылдары мұндай субъектілердің өсімі орташа 6,7%-ды құраса, 2022 жылдың 12 айындағы өсім 27,3%-ды құрады. Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және бірлескен меншік нысаны бар шетелдік заңды тұлға филиалдары өсімі 1,5% .

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік және бірлескен меншік нысаны бар шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу» – 38,8%, «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну» – 12,5%, «Құрылыс» – 10,3% салаларына тиесілі.

    Шетелдік мен бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік бірлескен меншік
    тіркелген жұмыс істейтін тіркелген жұмыс істейтін
    Қазақстан Республикасы 48 134 36 592 11 812 8 407
    Ресей 18 906 15 661 5 016 3 813
    Туркия 5 084 3 681 785 478
    Қытай 3 287 1 785 762 470
    Қырғызстан 2 924 2 343 390 280
    Өзбекстан 2 894 2 214 677 462
    Украина 1 268 955 380 272
    Әзірбайжан 1 170 919 213 143
    Германия 905 708 531 385
    Корея Республикасы 846 563 190 112

    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел

    Тіркелген және жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2023 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша жұмыс жасап тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 27%-ға көбейді. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 67,7%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары– 18,7%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 13,2%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 1,6%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу» – 35,1%; «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну» – 15,6%. «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 14,3% салаларына тиесілі .

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    тіркелген Өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен Жұмыс істейтіндер Өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен
    Қазақстан Республикасы 2 026 527 119,6 1 818 764 127,0
    Абай 54 845 116,3 49 693 120,4
    Ақмола 59 846 108,8 54 838 113,0
    Ақтөбе 90 622 120,0 82 580 125,1
    Алматы 126 343 128,7 116 585 136,3
    Атырау 69 332 116,5 63 115 121,3
    Батыс Қазақстан 58 546 114,8 53 008 119,8
    Жамбыл 106 194 121,9 92 572 129,8
    Жетісу 59 523 113,9 53 600 121,3
    Қарағанды 104 175 111,5 93 086 114,9
    Қостанай 65 125 107,2 61 133 111,4
    Қызылорда 71 823 126,1 67 145 131,5
    Маңғыстау 81 619 126,9 75 341 133,3
    Павлодар 58 274 109,2 52 084 111,5
    Солтүстік Қазақстан 36 305 106,0 33 066 109,4
    Түркістан 188 186 126,0 184 579 127,5
    Ұлытау 18 760 120,2 17 413 122,2
    Шығыс Қазақстан 68 753 109,3 61 475 112,5
    Астана қаласы 232 081 121,4 204 308 125,3
    Алматы қаласы 353 766 119,6 292 734 142,0
    Шымкент қаласы 122 409 134,7 110 409 146,6
    Глоссарий

    Жеке кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Жеке кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

       Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Г. Шукалова
    Тел. +7 7172 749543
    Орындаушы:
    Д. Аубакирова
    Тел. +7 7172 7497-94
    E-mail: diya.aubakirova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші