| Өлшемділігі бойынша | Заңды тұлғалар | Дара кәсіпкерлік субъектілері1) | Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары | Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер1) | |||||
| тіркелген | жұмыс істеп тұрған | тіркелген | жұмыс істеп тұрған | тіркелген | жұмыс істеп тұрған | тіркелген | жұмыс істеп тұрған | ||
| Барлығы | 552 182 | 443 970 | 1 656 984 | 1 592 839 | 28 570 | 21 687 | 2 139 450 | 1 974 899 | |
| Шағын | 542 779 | 434 673 | - | - | 27 436 | 20 561 | 2 136 417 | 1 971 926 | |
| Орта | 6 870 | 6 788 | - | - | 645 | 641 | 3 033 | 2 973 | |
| Ірі | 2 533 | 2 509 | - | - | 489 | 485 | - | - | |
1) Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).
Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,1%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2016-2025 жылдары) олардың саны 383850-ден 549669 дейін (165819 бірлікке немесе 43,2%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,1%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2017, 2019,2020 және 2023 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,4%-ға, 3,1%-ға, 0,7%-ға және 0,8%-ға сәйкесінше) төмендеді.
| Өлшемділігі бойынша | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 |
|
Барлығы |
383 850 | 412 677 | 433 774 | 446 687 | 461 983 | 481 732 | 507 238 | 526 290 | 536 241 | 549 669 |
|
Шағын |
374 912 | 403 862 | 424 796 | 437 988 | 453 343 | 472 777 | 497 995 | 517 123 | 526 826 | 540 095 |
|
Орта |
6 502 | 6 432 | 6 490 | 6 297 | 6 235 | 6 494 | 6 685 | 6 689 | 6 919 | 6 978 |
|
Ірі |
2 436 | 2 383 | 2 488 | 2 402 | 2 405 | 2 461 | 2 558 | 2 478 | 2 496 | 2 596 |
2026 жылғы маусымда мамыр айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,4%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 1,2%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,4%-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,3%-ға көбейгені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 шілдеде олардың үлесі 26,3%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,5%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 49,8%-ын құрады.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (164377 немесе 29,8%), Астана (104464 немесе 18,9%) және Шымкент (29410 немесе 5,3%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2900 немесе 0,5%), Абай (8622 немесе 1,6%) және Жетісу (8623 немесе 1,6%) облыстарына тиесілі.
| Қызмет түрлері бойынша | Барлығы | Одан | ||||
| жұмыс істеп тұрғандар | оның ішінде | таратылу үдерісінде | ||||
| жаңадан тіркелгендер | белсенді | қызметін уақытша тоқтатқандар | ||||
| Барлығы | 552 182 | 443 970 | 56 799 | 194 521 | 192 650 | 3 630 |
| Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 21 357 | 19 367 | 2 180 | 5 238 | 11 949 | 94 |
| Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 6 599 | 5 809 | 1 054 | 1 239 | 3 516 | 41 |
| Өндеу өнеркәсібі | 28 715 | 23 670 | 1 942 | 10 648 | 11 080 | 212 |
| Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 1 903 | 1 650 | 142 | 554 | 954 | 14 |
| Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 2 771 | 2 283 | 155 | 939 | 1 189 | 33 |
| Құрылыс | 74 620 | 58 896 | 7 407 | 16 709 | 34 780 | 940 |
| Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 145 378 | 106 632 | 16 085 | 44 508 | 46 039 | 1 220 |
| Көлік және жинақтау | 23 213 | 18 790 | 1 836 | 8 254 | 8 700 | 175 |
| Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 11 548 | 9 192 | 1 534 | 3 872 | 3 786 | 29 |
| Ақпарат және байланыс | 20 242 | 16 579 | 2 687 | 7 462 | 6 430 | 47 |
| Қаржы және сақтандыру қызметі | 8 294 | 6 321 | 1 414 | 2 238 | 2 669 | 107 |
| Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 27 571 | 23 937 | 2 317 | 13 812 | 7 808 | 108 |
| Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 36 291 | 29 574 | 3 139 | 14 031 | 12 404 | 157 |
| Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 26 074 | 21 495 | 1 921 | 11 029 | 8 545 | 115 |
| Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 9 730 | 9 533 | 195 | 9 007 | 331 | 24 |
| Білім беру | 31 936 | 29 543 | 1 564 | 21 690 | 6 289 | 117 |
| Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 12 960 | 11 786 | 1 134 | 7 449 | 3 203 | 29 |
| Өнер, ойын-сауық және демалыс | 8 022 | 6 633 | 823 | 3 017 | 2 793 | 27 |
| Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 54 957 | 42 280 | 9 270 | 12 825 | 20 185 | 141 |
| Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі | 1 | - | - | - | - | - |
| Өлшемділігі бойынша | Барлығы | Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша | ||||
| мемлекеттік | жеке барлығы | одан | шетелдік | |||
| мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) | бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен) | |||||
| Барлығы | 552 182 | 25 907 | 461 691 | 531 | 11 081 | 64 584 |
| Шағын | 542 779 | 20 888 | 457 781 | 468 | 10 786 | 64 110 |
| Орта | 6 870 | 3 777 | 2 803 | 29 | 170 | 290 |
| Ірі | 2 533 | 1 242 | 1 107 | 34 | 125 | 184 |
2026 жылғы маусымда мамыр айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,2%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 10,5%-ға азайды. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,2%-ға азайғаны байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 9,5%-ға азайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 шілдеде олардың үлесі 38,8%-ды құрады. Екінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,8%), үшінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (14,2%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 67,7%-ын құрайды.
| Қызмет түрлері бойынша | Барлығы | Оның ішінде іске асыратындар: | ||||
| тіркелген | жұмыс істеп тұрған | жеке кәсіпкерлік түрінде | бірлескен кәсіпкерлік түрінде | |||
| тіркелген | жұмыс істеп тұрған | тіркелген | жұмыс істеп тұрған | |||
| Барлығы | 1 656 984 | 1 592 839 | 1 584 739 | 1 521 385 | 72 245 | 71 454 |
| Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 244 631 | 237 079 | 172 489 | 165 706 | 72 142 | 71 373 |
| Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 680 | 593 | 680 | 593 | - | - |
| Өңдеу өнеркәсібі | 81 135 | 77 637 | 81 118 | 77 621 | 17 | 16 |
| Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 513 | 477 | 513 | 477 | - | - |
| Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 2 280 | 2 210 | 2 279 | 2 209 | 1 | 1 |
| Құрылыс | 66 462 | 63 748 | 66 460 | 63 747 | 2 | 1 |
| Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 642 085 | 616 158 | 642 062 | 616 141 | 23 | 17 |
| Көлік және жинақтау | 93 715 | 90 520 | 93 708 | 90 514 | 7 | 6 |
| Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 49 915 | 48 047 | 49 911 | 48 043 | 4 | 4 |
| Ақпарат және байланыс | 21 413 | 20 681 | 21 413 | 20 681 | - | - |
| Қаржы және сақтандыру қызметі | 607 | 561 | 607 | 561 | - | - |
| Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 82 711 | 80 306 | 82 690 | 80 291 | 21 | 15 |
| Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 33 014 | 31 858 | 33 014 | 31 858 | - | - |
| Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 44 887 | 43 369 | 44 874 | 43 356 | 13 | 13 |
| Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 97 | 96 | 97 | 96 | - | - |
| Білім беру | 30 599 | 29 547 | 30 598 | 29 547 | 1 | - |
| Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 9 511 | 9 157 | 9 511 | 9 157 | - | - |
| Өнер, ойын-сауық және демалыс | 17 359 | 16 716 | 17 357 | 16 714 | 2 | 2 |
| Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 235 322 | 224 032 | 235 310 | 224 026 | 12 | 6 |
| Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 48 | 47 | 48 | 47 | - | - |
1) Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 28570 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 21687. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3730 немесе 13,1%) және Астана қаласына (3328 немесе 11,6%), және Түркістан облысына (1825 немесе 6,4%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (11975 немесе 41,9%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (3546 немесе 12,4%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2075 немесе 7,3%) салаларына жатады.
| Өлшемділігі бойынша | Барлығы | Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша | ||||
| мемлекеттік | жеке барлығы | одан | шетелдік | |||
| мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) | бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен) | |||||
| Барлығы | 24 799 | 2 601 | 21 087 | 104 | 572 | 1 111 |
| Шағын | 23 702 | 2 257 | 20 381 | 80 | 541 | 1 064 |
| Орта | 624 | 166 | 426 | 14 | 18 | 32 |
| Ірі | 473 | 178 | 280 | 10 | 13 | 15 |
| Өлшемділігі бойынша | Барлығы | Одан | ||||
| жұмыс істеп тұрған | оның ішінде | таратылу үдерісінде | ||||
| жаңадан тіркелгендер | белсенді | қызметін уақытша тоқтатқандар | ||||
| Барлығы | 3 771 | 2 139 | 385 | 838 | 916 | 65 |
| Шағын | 3 734 | 2 102 | 384 | 805 | 913 | 65 |
| Орта | 21 | 21 | 1 | 19 | 1 | - |
| Ірі | 16 | 16 | - | 14 | 2 | - |
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 12,7%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 1%-ға азайды.
Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 15,6%, «Құрылыс» – 10,6% салаларына тиесілі.
| Елдер бойынша | Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары | |||
| шетелдік меншік нысаны | бірлескен меншік нысаны | |||
| тіркелген | жұмыс істеп тұрған | тіркелген | жұмыс істеп тұрған | |
| Қазақстан | 69 466 | 52 693 | 11 653 | 8 909 |
| Ресей | 22 628 | 17 049 | 4 732 | 3 711 |
| Өзбекстан | 12 065 | 9 943 | 613 | 467 |
| Қытай | 9 694 | 7 971 | 1 279 | 1 056 |
| Түркия | 4 929 | 3 237 | 711 | 468 |
| Қырғызстан | 3 024 | 2 222 | 385 | 294 |
| Әзірбайжан | 1 638 | 1 236 | 211 | 152 |
| Украина | 1 262 | 917 | 352 | 276 |
| Германия | 949 | 742 | 463 | 360 |
| Беларусь | 921 | 726 | 178 | 143 |
| Корея Республикасы | 867 | 554 | 155 | 98 |
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 7,1%-ға азайды. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 68,6%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 19,2%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,1%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,2%-ды құрады.
Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,6%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 12,8%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,6% салаларына тиесілі.
| Өңірлер бойынша | Тіркелген | Жұмыс істеп тұрғандар |
| Қазақстан Республикасы | 2 139 450 | 1 974 899 |
| Абай | 52 886 | 49 870 |
| Ақмола | 60 924 | 57 688 |
| Ақтөбе | 83 101 | 77 655 |
| Алматы | 149 522 | 134 458 |
| Атырау | 61 279 | 57 317 |
| Батыс Қазақстан | 57 321 | 53 682 |
| Жамбыл | 106 839 | 100 640 |
| Жетісу | 61 125 | 58 568 |
| Қарағанды | 102 831 | 94 501 |
| Қостанай | 62 878 | 59 376 |
| Қызылорда | 61 760 | 59 511 |
| Маңғыстау | 74 406 | 70 857 |
| Павлодар | 58 728 | 53 983 |
| Солтүстік Қазақстан | 35 852 | 32 793 |
| Түркістан | 202 245 | 199 417 |
| Ұлытау | 17 165 | 16 306 |
| Шығыс Қазақстан | 62 122 | 57 017 |
| Астана қаласы | 273 977 | 245 940 |
| Алматы қаласы | 414 064 | 362 345 |
| Шымкент қаласы | 140 425 | 132 975 |
Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.
Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;
Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.
Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.
Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.
Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.
Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:
«Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:
Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.