Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    547 956
    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 547956 бірлікті құрады, оның ішінде 441982 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 661 111
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1661111 құрады, оның ішінде 1597167 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 139 777
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2139777 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 1977452 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері* Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер*
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 547 956 441 982 1 661 111 1 597 167 28 663 21 683 2 139 777 1 977 452
    Шағын 538 475 432 606 - - 27 539 20 569 2 136 672 1 974 406
    Орта 6 939 6 858 - -    645    639 3 105 3 046
    Ірі 2 542 2 518 - -    479    475 - -

    *Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).

    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,1%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2016-2025 жылдары) олардың саны 383850-ден 549669 дейін (165819 бірлікке немесе 43,2%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,1%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2017, 2019,2020 және 2023 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,4%-ға, 3,1%-ға, 0,7%-ға және 0,8%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025
    Барлығы 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241 549 669
    Шағын 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826 540 095
    Орта 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919 6 978
    Ірі 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496 2 596
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2026 жылғы сәуірді наурыз айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,5%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 1,2%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,3%-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,3%-ға көбейгені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 мамырда олардың үлесі 26,5%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,4%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 49,7%-ын құрады.

    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (161362 немесе 29,4%), Астана (103634 немесе 18,9%) және Шымкент (29563 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2890 немесе 0,5%), Абай (8582 немесе 1,6%) және Жетісу (8594 немесе 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 547 956 441 982 54 572 191 693 195 717 3 960
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 180 19 167 1 994 4 329 12 844    102
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6 390 5 642 1 067 1 142 3 433    41
    Өндеу өнеркәсібі 28 529 23 581 2 243 10 329 11 009    236
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 891 1 649    171    536    942    14
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 759 2 282    192    869 1 221    35
    Құрылыс 73 402 57 923 6 553 18 418 32 952 1 014
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 145 027 106 793 15 601 43 846 47 346 1 373
    Көлік және жинақтау 23 153 18 821 1 908 8 049 8 864    188
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 11 468 9 175 1 494 3 693 3 988    32
    Ақпарат және байланыс 19 851 16 287 2 492 6 986 6 809    48
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 151 6 199 1 249 2 084 2 866    108
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 27 513 23 924 2 289 13 419 8 216    114
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 36 128 29 501 3 031 13 630 12 840    169
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 980 21 495 1 852 10 681 8 962    125
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 737 9 535    227 8 967    341    25
    Білім беру 31 867 29 553 1 560 21 606 6 387    117
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 12 856 11 760 1 109 7 428 3 223    33
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 7 987 6 636    798 2 893 2 945    29
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 54 086 42 059 8 742 12 788 20 529    157
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі    1 - - - - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік

    мемлекеттің қатысуымен

    (шетелдің қатысуынсыз)    

    бірлескен кәсіпорындар

    (шетелдің қатысуымен)      

    Барлығы 547 956 25 929 460 480    533 11 053 61 547
    Шағын 538 475 20 905 456 505    469 10 760 61 065
    Орта 6 939 3 779 2 863    33    167    297
    Ірі 2 542 1 245 1 112    31    126    185
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2026 жылғы сәуірді наурыз айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (5,3%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 9,2%-ға азайды. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 5,5%-ға азайғаны байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға азайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 мамырда олардың үлесі 38,8%-ды құрады. Екінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,8%), үшінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (14,4%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 68%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері*
    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 661 111 1 597 167 1 588 907 1 525 775 72 204 71 392
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 245 069 237 173 172 961 165 854 72 108 71 319
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу    661    578    661    578 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 81 372 77 935 81 361 77 925    11    10
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау    503    473    503    473 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 234 2 163 2 233 2 162    1    1
    Құрылыс 64 479 61 871 64 477 61 870    2    1
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 645 323 619 585 645 300 619 568    23    17
    Көлік және жинақтау 94 840 91 711 94 833 91 705    7    6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 49 684 47 806 49 680 47 802    4    4
    Ақпарат және байланыс 20 828 20 105 20 828 20 105 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі    613    567    613    567 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 82 259 79 939 82 238 79 924    21    15
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 32 391 31 265 32 391 31 265 - -
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 44 082 42 556 44 069 42 544    13    12
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру    146    144    146    144 - -
    Білім беру 30 632 29 567 30 631 29 567    1 -
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 9 441 9 070 9 441 9 070 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 17 022 16 379 17 020 16 377    2    2
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 239 496 228 245 239 485 228 240    11    5
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі    36    35    36    35 - -

    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).

    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 28663 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 21683. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3736 немесе 13%) және Астана қаласына (3376 немесе 11,8%), және Түркістан облысына (1832 немесе 6,4%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (11943 немесе 41,7%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (3586 немесе 12,5%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2128 немесе 7,4%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік

    мемлекеттің       қатысуымен

    (шетелдің қатысуынсыз)

    бірлескен       кәсіпорындар

    (шетелдің қатысуымен)

    Барлығы 24 860 2 642 21 102    107    582 1 116
    Шағын 23 775 2 306 20 400    84    549 1 069
    Орта    622    164    426    14    19    32
    Ірі    463    172    276    9    14    15
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 3 803 2 145    390    846    909    72
    Шағын 3 764 2 108    389    814    905    71
    Орта    23    21    1    18    2    1
    Ірі    16    16 -    14    2 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 9,5%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,6%-ға азайды.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,5%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 15%, «Құрылыс» – 9,6% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары**
    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 66 466 50 476 11 635 8 864
    Ресей 22 545 17 112 4 742 3 707
    Өзбекстан 10 120 8 275 616 471
    Қытай 9 050 7 407 1 236 1 017
    Түркия 4 912 3 298 713 466
    Қырғызстан 2 888 2 143 379 291
    Әзірбайжан 1 625 1 249 209 153
    Украина 1 249 920 355 274
    Германия 949 755 467 362
    Беларусь 912 724 183 149
    Корея Республикасы 866 557 154 98
    ** Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел.
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 6,1%-ға азайды. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 68,7%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 19,1%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,1%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,2%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36,7%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,7%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 12,7% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны*
    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша
    Өңірлер бойынша Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 139 777 1 977 452
    Абай 52 944 49 932
    Ақмола 60 938 57 462
    Ақтөбе 83 633 78 327
    Алматы 150 237 134 501
    Атырау 61 508 57 498
    Батыс Қазақстан 57 430 53 822
    Жамбыл 106 937 101 614
    Жетісу 61 032 58 406
    Қарағанды 102 842 94 432
    Қостанай 63 042 59 526
    Қызылорда 61 754 59 500
    Маңғыстау 74 905 71 290
    Павлодар 58 689 54 091
    Солтүстік Қазақстан 35 887 32 891
    Түркістан 202 843 200 053
    Ұлытау 17 256 16 376
    Шығыс Қазақстан 62 191 57 013
    Астана қаласы 273 790 246 173
    Алматы қаласы 411 574 361 794
    Шымкент қаласы 140 345 132 751
    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-95
    E-mail: d.toleugali@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс