Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    550 751
    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 550751 бірлікті құрады, оның ішінде 440799 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 754 076
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1754076 құрады, оның ішінде 1689741 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 235 673
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2235673 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2068980 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері* Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер*
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 550 751 440 799 1 754 076 1 689 741 28 882 21 700 2 235 673 2 068 980
    Шағын 541 212 431 366 - - 27 759 20 587 2 232 518 2 065 886
    Орта 6 979 6 896 - -    644    638 3 155 3 094
    Ірі 2 560 2 537 - -    479    475 - -

    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).

    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,1%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2016-2025 жылдары) олардың саны 383850-ден 549669 дейін (165819 бірлікке немесе 43,2%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,1%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2017, 2019,2020 және 2023 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,4%-ға, 3,1%-ға, 0,7%-ға және 0,8%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025
    Барлығы 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241 549 669
    Шағын 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826 540 095
    Орта 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919 6 978
    Ірі 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496 2 596
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2026 жылғы наурызды ақпан айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,04%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,1%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,2%-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,8%-ға көбейгені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 сәуірде олардың үлесі 26,6%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,4%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 49,9%-ын құрады.

    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (160026 немесе 29,1%), Астана (107787 немесе 19,6%) және Шымкент (29625 немесе 5,4%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2887 немесе 0,5%), Абай (8545 немесе 1,6%) және Жетісу (8561 немесе 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 550 751 440 799 52 660 203 233 184 906 4 103
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 192 19 077 1 933 5 861 11 283    102
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6 313 5 545    961 1 398 3 186    41
    Өндеу өнеркәсібі 28 593 23 502 2 149 10 905 10 448    240
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 902 1 647    161    586    900    15
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 776 2 287    189 1 014 1 084    37
    Құрылыс 74 024 57 596 6 220 20 105 31 271 1 036
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 146 474 106 646 15 096 45 868 45 682 1 441
    Көлік және жинақтау 23 282 18 825 1 851 8 700 8 274    195
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 11 529 9 139 1 452 4 030 3 657    33
    Ақпарат және байланыс 19 829 16 149 2 356 7 430 6 363    52
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 162 6 145 1 179 2 386 2 580    110
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 27 544 23 903 2 257 14 090 7 556    116
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 36 236 29 436 2 902 14 764 11 770    181
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 26 127 21 530 1 802 11 601 8 127    133
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 723 9 519    226 8 961    332    26
    Білім беру 31 897 29 534 1 538 21 563 6 433    119
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 12 820 11 704 1 088 7 397 3 219    34
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 8 028 6 622    776 3 180 2 666    31
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 54 299 41 993 8 524 13 394 20 075    161
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі    1 - - - - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 550 751 25 925 463 856    526 11 141 60 970
    Шағын 541 212 20 913 459 823    460 10 848 60 476
    Орта 6 979 3 767 2 907    33    168    305
    Ірі 2 560 1 245 1 126    33    125    189
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2026 жылғы наурызды ақпан айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (2,3%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 3,6%-ға азайды. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 2,5%-ға азайғаны байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 2,6%-ға азайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 сәуірде олардың үлесі 37,3 %-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (14,2%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (14,1%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 65,5%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері*
    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 754 076 1 689 741 1 681 857 1 618 346 72 219 71 395
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 247 490 240 101 175 375 168 781 72 115 71 320
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу    678    599    678    599 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 82 791 79 361 82 780 79 351    11    10
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау    510    480    510    480 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 217 2 154 2 216 2 153    1    1
    Құрылыс 64 361 61 777 64 360 61 777    1 -
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 653 451 627 695 653 430 627 679    21    16
    Көлік және жинақтау 156 633 153 353 156 625 153 346    8    7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 51 306 49 449 51 302 49 445    4    4
    Ақпарат және байланыс 20 743 20 029 20 743 20 029 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі    615    565    615    565 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 89 606 87 035 89 584 87 019    22    16
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 32 492 31 297 32 492 31 297 - -
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 44 443 42 898 44 429 42 885    14    13
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру    151    148    151    148 - -
    Білім беру 31 553 30 466 31 552 30 466    1 -
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 9 472 9 103 9 472 9 103 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 17 151 16 469 17 149 16 467    2    2
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 248 413 236 762 248 394 236 756    19    6

    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).

    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 28882 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 21700. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3782 немесе 13,1%) және Астана қаласына (3429 немесе 11,9%), және Түркістан облысына (1834 немесе 6,3%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12008 немесе 41,6%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (3644 немесе 12,6%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2141 немесе 7,4%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 25 020 2 643 21 257    114    588 1 120
    Шағын 23 935 2 307 20 555    93    556 1 073
    Орта    622    165    425    13    18    32
    Ірі    463    171    277    8    14    15
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 3 862 2 134    376    893    865    76
    Шағын 3 824 2 098    375    861    862    75
    Орта    22    20    1    18    1    1
    Ірі    16    16 -    14    2 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 9,3%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,4%-ға көбейді.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,6%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,7%, «Құрылыс» – 9,6% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары**
    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 65 952 49 587 11 729 8 849
    Ресей 22 760 17 210 4 775 3 704
    Өзбекстан 9 610 7 802 628 469
    Қытай 8 732 7 044 1 228 1 003
    Түркия 4 993 3 279 725 471
    Қырғызстан 2 815 2 096 381 291
    Әзірбайжан 1 648 1 250 213 153
    Украина 1 260 906 360 275
    Германия 959 759 473 358
    Беларусь 915 729 184 148
    Корея Республикасы 871 556 155 100
    ** Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел.
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 1,5%-ға азайды. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 69,9%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 18,2%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 11,7%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,6%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,5%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 12,4% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны*
    2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 235 673 2 068 980
    Абай 54 994 51 941
    Ақмола 63 350 59 665
    Ақтөбе 87 142 81 827
    Алматы 158 737 145 559
    Атырау 64 511 60 488
    Батыс Қазақстан 59 422 55 760
    Жамбыл 110 803 105 252
    Жетісу 63 181 60 472
    Қарағанды 106 321 97 589
    Қостанай 67 530 64 001
    Қызылорда 63 770 61 493
    Маңғыстау 77 151 73 297
    Павлодар 60 748 55 897
    Солтүстік Қазақстан 36 832 33 789
    Түркістан 208 650 205 622
    Ұлытау 17 714 16 769
    Шығыс Қазақстан 63 884 58 534
    Астана қаласы 295 075 262 574
    Алматы қаласы 431 062 381 598
    Шымкент қаласы 144 796 136 853
    * Көрсеткіштің төмендеуі ДК субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексі аясында енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне өтуімен байланысты (Салық кодексінің 718-бабы).
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-95
    E-mail: d.toleugali@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс