Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    550 969
    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 550969 бірлікті құрады, оның ішінде 439998 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 795 633
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1795633 құрады, оның ішінде 1732830 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 277 151
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2277151 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2111377 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер  
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған  
     
     
    Барлығы 550 969 439 998 1 795 633 1 732 830 29 144 21 707 2 277 151 2 111 377  
    Шағын 541 421 430 563 - - 28 023 20 596 2 273 996 2 108 286  
    Орта 6 981 6 892 - -    643    637 3 155 3 091  
    Ірі 2 567 2 543 - -    478    474 - -  
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,1%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2016-2025 жылдары) олардың саны 383850-ден 549669 дейін (165819 бірлікке немесе 43,2%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,1%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2017, 2019,2020 және 2023 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,4%-ға, 3,1%-ға, 0,7%-ға және 0,8%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025
    Барлығы 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241 549 669
    Шағын 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826 540 095
    Орта 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919 6 978
    Ірі 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496 2 596
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2026 жылғы ақпанды қаңтар айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,1%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,5%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,3%-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,9%-ға көбейгені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 наурызда олардың үлесі 26,7%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,4%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 49,9%-ын құрады.

    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (159151 немесе 28,9%), Астана (107767 немесе 19,6%) және Шымкент (30327 немесе 5,5%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2870 немесе 0,5%), Абай (8517 немесе 1,5%) және Жетісу (8580 немесе 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 550 969 439 998 51 310 203 195 185 493 4 303
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 253 18 987 1 873 5 845 11 269    108
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6 271 5 489    905 1 372 3 212    43
    Өндеу өнеркәсібі 28 600 23 395 2 058 10 845 10 492    247
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 909 1 643    154    584    905    15
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 780 2 278    177 1 012 1 089    39
    Құрылыс 73 602 56 951 5 703 20 288 30 960 1 084
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 147 004 106 895 14 792 45 884 46 219 1 503
    Көлік және жинақтау 23 341 18 895 1 849 8 736 8 310    204
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 11 494 9 131 1 412 4 031 3 688    35
    Ақпарат және байланыс 19 763 16 083 2 299 7 382 6 402    58
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 168 6 094 1 117 2 413 2 564    111
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 27 649 23 959 2 257 14 102 7 600    123
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 36 195 29 348 2 831 14 717 11 800    189
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 26 133 21 613 1 808 11 599 8 206    139
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 735 9 511    219 8 965    327    30
    Білім беру 31 903 29 535 1 518 21 542 6 475    126
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 12 796 11 687 1 101 7 396 3 190    36
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 8 053 6 633    770 3 179 2 684    32
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 54 319 41 871 8 467 13 303 20 101    181
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі    1 - - - - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 550 969 25 971 465 108    525 11 138 59 890
    Шағын 541 421 20 958 461 069    461 10 845 59 394
    Орта 6 981 3 768 2 905    32    165    308
    Ірі 2 567 1 245 1 134    32    128    188
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2026 жылғы ақпанды қаңтар айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (2,8%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 1%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 2,1%-ға азайғаны байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 наурызда олардың үлесі 37,1%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (14,4%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (13,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 65,4%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 795 633 1 732 830 1 723 427 1 661 477 72 206 71 353
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 249 054 242 134 176 951 170 854 72 103 71 280
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу    678    606    678    606 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 85 238 81 827 85 227 81 817    11    10
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау    515    483    515    483 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 207 2 143 2 206 2 142    1    1
    Құрылыс 65 154 62 728 65 153 62 728    1 -
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 667 030 641 944 667 010 641 929    20    15
    Көлік және жинақтау 164 972 161 870 164 964 161 863    8    7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 52 080 50 285 52 076 50 281    4    4
    Ақпарат және байланыс 20 900 20 191 20 900 20 191 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі    612    560    612    560 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 91 795 89 288 91 773 89 272    22    16
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 32 659 31 471 32 659 31 471 - -
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 45 182 43 702 45 169 43 690    13    12
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру    151    148    151    148 - -
    Білім беру 32 232 31 119 32 231 31 119    1 -
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 9 618 9 241 9 618 9 241 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 17 279 16 593 17 278 16 592    1    1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 258 277 246 497 258 256 246 490    21    7
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 29144 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 21707. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3786 немесе 13%) және Астана қаласына (3516 немесе 12,1%), және Түркістан облысына (1838 немесе 6,3%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12061 немесе 41,4%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (3754 немесе 12,9%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2158 немесе 7,4%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 25 205 2 645 21 444    124    603 1 116
    Шағын 24 122 2 314 20 738    102    571 1 070
    Орта    621    163    426    13    18    32
    Ірі    462    168    280    9    14    14
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 3 939 2 121    365    900    856    83
    Шағын 3 901 2 085    364    868    853    82
    Орта    22    20    1    18    1    1
    Ірі    16    16 -    14    2 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 8,2%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,9%-ға көбейді.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,8%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,6%, «Құрылыс» – 9,1% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 64 945 48 518 11 741 8 819
    Ресей 22 774 17 271 4 770 3 703
    Өзбекстан 8 744 7 017 631 465
    Қытай 8 557 6 830 1 202 971
    Түркия 5 032 3 282 735 473
    Қырғызстан 2 786 2 055 384 291
    Әзірбайжан 1 633 1 237 216 157
    Украина 1 265 904 365 276
    Германия 957 758 477 354
    Беларусь 913 730 184 150
    Корея Республикасы 864 548 160 104
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 0,9%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 70,3%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 17,8%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 11,8%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,5%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,7%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 12,4% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 277 151 2 111 377
    Абай 56 134 53 070
    Ақмола 64 367 60 707
    Ақтөбе 88 614 83 356
    Алматы 161 474 151 135
    Атырау 65 850 61 853
    Батыс Қазақстан 60 908 57 244
    Жамбыл 113 247 107 474
    Жетісу 64 078 61 307
    Қарағанды 108 321 99 860
    Қостанай 68 855 65 420
    Қызылорда 64 941 62 690
    Маңғыстау 79 192 75 070
    Павлодар 61 944 57 161
    Солтүстік Қазақстан 37 506 34 481
    Түркістан 212 318 209 100
    Ұлытау 18 146 17 205
    Шығыс Қазақстан 65 123 59 795
    Астана қаласы 300 314 266 942
    Алматы қаласы 438 380 388 526
    Шымкент қаласы 147 439 138 981
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-95
    E-mail: d.toleugali@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс