Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    549 669
    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 549669 бірлікті құрады, оның ішінде 436864 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1 880 246
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1880246 құрады, оның ішінде 1799836 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2 360 325
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2360325 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2175605 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 549 669 436 864 1 880 246 1 799 836 29 476 21 687 2 360 325 2 175 605
    Шағын 540 095 427 411 - - 28 345 20 566 2 357 172 2 172 520
    Орта 6 978 6 883 - - 651 645 3 153 3 085
    Ірі 2 596 2 570 - - 480 476 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,1%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2016-2025 жылдары) олардың саны 383850-ден 549669 дейін (165819 бірлікке немесе 43,2%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,1%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2017, 2019,2020 және 2023 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,4%-ға, 3,1%-ға, 0,7%-ға және 0,8%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025
    Барлығы   383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241 549 669
    Шағын   374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826 540 095
    Орта   6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919 6 978
    Ірі   2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496 2 596
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2025 жылғы желтоқсаны қараша айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,4%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,5%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,4%-ға азайды, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,5%-ға көбейгені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 қаңтарда олардың үлесі 26,7%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,4%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (9,9%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50%-ын құрады.

    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (158032 немесе 28,8%), Астана (107448 немесе 19,5%) және Шымкент (30166 немесе 5,5%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2876 және 0,5%), және Жетісу (8496 және 1,5%) және Абай (8534 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 549 669 436 864 48 551 199 834 188 479 4 563
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 198 18 785 1 733 5 907 11 145 116
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6 178 5 374 747 1 374 3 253 48
    Өндеу өнеркәсібі 28 387 23 056 1 791 10 562 10 703 257
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 950 1 666 143 561 962 17
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 783 2 267 172 982 1 113 41
    Құрылыс 73 572 56 568 5 369 19 408 31 791 1 148
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 146 956 106 294 14 004 45 407 46 883 1 597
    Көлік және жинақтау 23 331 18 823 1 764 8 639 8 420 213
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 11 375 9 081 1 333 4 079 3 669 38
    Ақпарат және байланыс 19 574 15 912 2 098 7 266 6 548 60
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 133 6 012 1 003 2 422 2 587 115
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 27 586 23 761 2 149 13 936 7 676 141
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 35 899 28 954 2 621 14 186 12 147 200
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25 901 21 377 1 702 11 251 8 424 147
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 716 9 480 203 8 953 324 30
    Білім беру 31 757 29 427 1 507 21 373 6 547 127
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 12 721 11 602 1 096 7 220 3 286 39
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 8 071 6 604 742 3 202 2 660 32
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 54 580 41 820 8 374 13 105 20 341 197
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 549 669 26 012 464 800 512 11 157 58 857
    Шағын 540 095 21 013 460 719 448 10 863 58 363
    Орта 6 978 3 761 2 915 31 169 302
    Ірі 2 596 1 238 1 166 33 125 192
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2025 жылғы желтоқсаны қараша айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (1%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 4,8%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 1,2%-ға азайғаны байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2026 жылғы 1 қаңтарда олардың үлесі 36,4%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (15,1%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (13,3%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 64,8%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 880 246 1 799 836 1 807 953 1 728 480 72 293 71 356
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 251 070 241 981 178 912 170 694 72 158 71 287
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 783 712 783 712 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 89 217 84 715 89 209 84 708 8 7
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 613 577 613 577 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 249 2 166 2 248 2 165 1 1
    Құрылыс 67 615 64 518 67 614 64 518 1 -
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 684 367 652 494 684 353 652 483 14 11
    Көлік және жинақтау 177 026 173 432 177 018 173 425 8 7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 54 004 51 818 53 999 51 813 5 5
    Ақпарат және байланыс 20 645 19 797 20 645 19 797 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі 676 621 676 621 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 104 883 101 737 104 860 101 720 23 17
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 33 452 31 981 33 452 31 981 - -
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 46 793 45 026 46 780 45 013 13 13
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 143 137 143 137 - -
    Білім беру 34 709 33 253 34 708 33 252 1 1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 10 947 10 479 10 947 10 479 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 17 366 16 515 17 365 16 514 1 1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 283 688 267 877 283 628 267 871 60 6
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 29476 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 21687. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3794 немесе 12,9%) және Астана қаласына (3515 немесе 11,9%), және Түркістан облысына (1874 немесе 6,4%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12226 немесе 41,5%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (3821 немесе 13%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2154 немесе 7,3%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша
    мемлекеттік жеке барлығы одан шетелдік
    мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)
    Барлығы 25 511 2 624 21 763 128 607 1 124
    Шағын 24 420 2 305 21 038 107 577 1 077
    Орта 627 156 438 12 15 33
    Ірі 464 163 287 9 15 14
    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрған оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 3 965 2 108 341 901 866 84
    Шағын 3 925 2 070 340 868 862 83
    Орта 24 22 1 19 2 1
    Ірі 16 16 - 14 2 -
    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 7,4%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,5%-ға көбейді.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 33,9%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 12,7%, «Құрылыс» – 8,6% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Елдер бойынша Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары
    шетелдік меншік нысаны бірлескен меншік нысаны
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Қазақстан Республикасы 63 946 47 425 11 764 8 784
    Ресей 22 821 17 348 4 798 3 719
    Өзбекстан 8 209 6 528 631 465
    Қытай 8 081 6 356 1 171 940
    Түркия 5 051 3 272 736 473
    Қырғызстан 2 849 2 017 382 282
    Әзірбайжан 1 620 1 226 218 157
    Украина 1 272 909 363 274
    Германия 962 755 484 355
    Беларусь 908 726 183 150
    Корея Республикасы 871 551 162 105
    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 5%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 71,6%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 17,1%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 11,2%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 34,9%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,3%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 12% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 360 325 2 175 605
    Абай 58 673 55 160
    Ақмола 66 924 62 657
    Ақтөбе 92 866 86 781
    Алматы 165 586 152 640
    Атырау 69 146 64 702
    Батыс Қазақстан 63 277 59 404
    Жамбыл 117 054 108 557
    Жетісу 65 731 62 675
    Қарағанды 112 114 102 712
    Қостанай 72 435 68 749
    Қызылорда 68 152 65 698
    Маңғыстау 83 751 78 741
    Павлодар 64 093 57 193
    Солтүстік Қазақстан 38 978 35 623
    Түркістан 218 681 214 958
    Ұлытау 19 137 17 948
    Шығыс Қазақстан 68 429 62 523
    Астана қаласы 308 564 273 330
    Алматы қаласы 455 191 403 597
    Шымкент қаласы 151 543 141 957
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.


    Шығаруға жауапты:
    Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті
    Департамент директоры:
    Е. Бекбердиев
    Тел. +7 7172 74-90-58
    Орындаушы:
    Д. Төлеуғали
    Тел. +7 7172 74-97-95
    E-mail: d.toleugali@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс