Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    552049
    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 552049 бірлікті құрады, оның ішінде 438640 жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар.
    1899141
    Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1899141 құрады, оның ішінде 1820909 жұмыс істеп тұрған субъектілер.
    2381350
    Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2381350 бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2198251 құрады.
    Мөлшері мен белсенділігі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер
    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
    Өлшемділігі бойынша Заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлік субъектілері Филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған

    Барлығы

    552 049 438 640 1 899 141 1 820 909 29 820 21 913 2 381 350 2 198 251

    Шағын

    542 471 429 186 - - 28 681 20 784 2 378 186 2 195 153

    Орта

    6 980 6 886 - - 650 644 3 164 3 098

    Ірі

    2 598 2 568 - - 489 485 - -
    Субъектілер серпіні

    Жыл сайын тіркелген заңды тұлғалар санының орта есеппен 4,5%-ға өскені байқалады, осылай соңғы он жылда (2015-2024 жылдары) олардың саны 360287-ден 536241 дейін (175954 бірлікке немесе 48,8%-ға) өсті. Осыған байланысты негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен орын алатындығын атап өту қажет, олардың саны жыл сайын тұрақты түрде орташа 4,6%-ға көбейді. Шағын кәсіпкерліктен бөлек, орта және ірі заңды тұлғалар серпіні тұрақсыз сипатқа ие. Соңғы онжылдықта, орта және ірі заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны елеусіз түрде, бірақ (1,3%-ға, 1,4%-ға және 3,1%-ға сәйкесінше) төмендеді.

    Субъектілер серпіні
    Өлшемділігі бойынша 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024
    Барлығы 360 287 383 850 412 677 433 774 446 687 461 983 481 732 507 238 526 290 536 241
    Шағын 351 229 374 912 403 862 424 796 437 988 453 343 472 777 497 995 517 123 526 826
    Орта 6 572 6 502 6 432 6 490 6 297 6 235 6 494 6 685 6 689 6 919
    Ірі 2 486 2 436 2 383 2 488 2 402 2 405 2 461 2 558 2 478 2 496
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар

    2025 жылғы қарашаны қазан айымен салыстырғанда, тіркелген заңды тұлғалар санының (0,3%-ға) азайғаны байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 2,6%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 1%-ға көбейді, ал өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,4%-ға көбейгені байқалады. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 желтоқсанда олардың үлесі 26,8%-ды құрайды. Екінші орында – «Құрылыс» (13,4%), үшінші орында – «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (10%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,2%-ын құрады.

    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша барынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласына (157839 немесе 28,6%), Астана (108732 немесе 19,7%) және Шымкент (30091 немесе 5,5%) тиесілі. Ең аз тіркелген заңды тұлғалар саны Ұлытау (2893 және 0,5%), және Жетісу (8459 және 1,5%) және Абай (8651 және 1,6%) облыстарына тиесілі.

    Қызмет түрлері және белсенділігi бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Одан
    жұмыс істеп тұрғандар оның ішінде таратылу үдерісінде
    жаңадан тіркелгендер белсенді қызметін уақытша тоқтатқандар
    Барлығы 552 049 438 640 48 003 198 653 191 984 4 664
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 21 275 18 812 1 689 5 641 11 482 121
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6 157 5 338 741 1 340 3 257 49
    Өндеу өнеркәсібі 28 367 23 037 1 797 10 406 10 834 262
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 955 1 670 149 556 965 18
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 784 2 260 159 979 1 122 43
    Құрылыс 74 050 56 985 5 384 19 127 32 474 1 175
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 147 909 106 514 13 519 45 303 47 692 1 622
    Көлік және жинақтау 23 320 18 800 1 713 8 597 8 490 214
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 11 381 9 037 1 294 4 018 3 725 40
    Ақпарат және байланыс 19 579 16 045 2 113 7 225 6 707 60
    Қаржы және сақтандыру қызметі 8 165 6 018 971 2 431 2 616 118
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 27 694 23 876 2 132 13 947 7 797 161
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 35 934 29 056 2 546 14 013 12 497 206
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 26 013 21 650 1 690 11 215 8 745 143
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 9 724 9 481 215 8 959 307 31
    Білім беру 31 766 29 421 1 630 21 340 6 451 128
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 12 653 11 541 1 098 7 215 3 228 38
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 8 112 6 659 740 3 149 2 770 36
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 55 210 42 439 8 423 13 191 20 825 199
    Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі 1 1 - 1 - -
    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар
    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша

    Өлшемділігі бойынша

    Барлығы

    Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша

    мемлекеттік

    жеке

    барлығы

    одан

    шетелдік

    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз)

    бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)

    Барлығы

    552 049

    26 044

    467 332

       520

    11 217

    58 673

    Шағын

    542 471

    21 058

    463 239

       455

    10 923

    58 174

    Орта

    6 980

    3 756

    2 924

       30

       170

       300

    Ірі

    2 598

    1 230

    1 169

       35

       124

       199

    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ДК және БДК)

    2025 жылғы қарашаны қазан айымен салыстырғанда кейбір тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің (0,02%-ға) көбейгені байқалады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың саны 5,5%-ға көбейді. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілер санының ағымдағы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,7%-ға көбейгені байқалады және өткен жылмен салыстырғанда 6,7%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым бөлігі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша сақталуда, 2025 жылғы 1 желтоқсанда олардың үлесі 36,4%-ды құрады. Екінші орында «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (15,3%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (13,3%). Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілердің 65%-ын құрайды.

    Қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері
    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
    Қызмет түрлері бойынша Барлығы Оның ішінде іске асыратындар:
    тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік түрінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
    тіркелген жұмыс істеп тұрған тіркелген жұмыс істеп тұрған
    Барлығы 1 899 141 1 820 909 1 826 690 1 749 433 72 451 71 476
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 252 239 245 358 179 928 173 950 72 311 71 408
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу    779    710    779    710 - -
    Өңдеу өнеркәсібі 90 744 86 388 90 736 86 381    8    7
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау    625    586    625    586 - -
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2 247 2 173 2 246 2 172    1    1
    Құрылыс 67 223 64 150 67 222 64 150    1 -
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 690 764 658 898 690 749 658 886    15    12
    Көлік және жинақтау 177 706 174 086 177 698 174 079    8    7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 54 074 51 829 54 069 51 824    5    5
    Ақпарат және байланыс 20 583 19 720 20 583 19 720 - -
    Қаржы және сақтандыру қызметі    681    628    681    628 - -
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 106 696 103 471 106 675 103 456    21    15
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 33 465 31 976 33 465 31 976 - -
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 46 730 44 957 46 717 44 944    13    13
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру    137    130    137    130 - -
    Білім беру 35 119 33 758 35 118 33 757    1    1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 11 129 10 674 11 129 10 674 - -
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 17 323 16 450 17 322 16 449    1    1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 290 877 274 967 290 811 274 961    66    6
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны 29820 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 21913. Барынша көп тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының саны Алматы қаласына (3855 немесе 12,9%) және Астана қаласына (3513 немесе 11,8%), және Түркістан облысына (1918 немесе 6,4%) тиесілі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» (12451 немесе 41,8%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (3853 немесе 12,9%) және «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» (2166 немесе 7,3%) салаларына жатады.

    Өлшем мен меншік нысандары бойынша тіркелген филиалдар
    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша

    Өлшемділігі бойынша

    Барлығы

    Оның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша

    мемлекеттік

    жеке барлығы

    одан

    шетелдік

     

    мемлекеттің       қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз)

     

    бірлескен       кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен)

    Барлығы

    25 813

    2 610

    22 070

       131

       610

    1 133

    Шағын

    24 714

    2 299

    21 329

       110

       580

    1 086

    Орта

       626

       160

       433

       12

       15

       33

    Ірі

       473

       151

       308

       9

       15

       14

    Өлшем мен белсенділігі бойынша тіркелген шетелдік заңды тұлға филиалдары
    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша

    Өлшемділігі бойынша

    Барлығы

    Одан

    жұмыс істеп тұрған

    оның ішінде

    таратылу үдерісінде

    жаңадан тіркелгендер

    белсенді

    қызметін уақытша тоқтатқандар

    Барлығы

    4 007

    2 149

       349

       905

       895

       85

    Шағын

    3 967

    2 111

       348

       872

       891

       84

    Орта

       24

       22

       1

       19

       2

       1

    Ірі

       16

       16

    -

       14

       2

    -

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары

    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 7,5%-ға көбейді. Бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар мен филиалдар 0,6%-ға көбейді.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35,6%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 14,7%, «Құрылыс» – 8,9% салаларына тиесілі.

    Шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары*
    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша

    Елдер бойынша

    Заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары

    шетелдік меншік нысаны

    бірлескен меншік нысаны

    тіркелген

    жұмыс істеп тұрған

    тіркелген

    жұмыс істеп тұрған

    Қазақстан Республикасы

    63 813

    47 119

    11 827

    8 849

    Ресей

    22 906

    17 533

    4 823

    3 758

    Өзбекстан

    7 885

    6 186

    632

    467

    Қытай

    7 716

    5 977

    1 155

    921

    Түркия

    5 171

    3 336

    745

    480

    Қырғызстан

    3 006

    2 081

    379

    283

    Әзірбайжан

    1 640

    1 230

    224

    161

    Украина

    1 289

    922

    371

    282

    Германия

    965

    754

    489

    361

    Беларусь

    915

    733

    188

    152

    Корея Республикасы

    882

    562

    166

    107

    * Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары ең көп 10 көшбасшы ел
    Тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 6,1%-ға көбейді. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 71,7%-ды, шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 17%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 11,2%, орта кәсіпкерлік заңды тұлғалары – 0,1%-ды құрады.

    Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барынша басым үлесі «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 35%, «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,5%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 12% салаларына тиесілі.

    Қазақстан Республикасындағы аумақтар бөлісінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны
    2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
    Аумақтар бөлісінде Тіркелген Жұмыс істеп тұрғандар
    Қазақстан Республикасы 2 381 350 2 198 251
    Абай 59 542 55 903
    Ақмола 67 364 63 054
    Ақтөбе 94 025 88 137
    Алматы 166 739 156 944
    Атырау 70 046 65 476
    Батыс Қазақстан 63 919 59 949
    Жамбыл 118 954 109 929
    Жетісу 66 179 63 080
    Қарағанды 113 062 103 299
    Қостанай 73 027 69 252
    Қызылорда 68 774 66 269
    Маңғыстау 84 616 79 520
    Павлодар 64 575 57 649
    Солтүстік Қазақстан 39 280 35 953
    Түркістан 219 927 216 100
    Ұлытау 19 391 18 381
    Шығыс Қазақстан 69 461 63 473
    Астана қаласы 312 250 277 553
    Алматы қаласы 457 718 405 346
    Шымкент қаласы 152 501 142 984
    Глоссарий

    Дара кәсіпкерлік – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

    Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

    Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған иелік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары – қызметкерлердің орташа жылдық саны мен орташа жылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері мына топтарға жатады: "шағын кәсіпкерлік субъектілері", оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік статистика мақсаты үшін тек қана қызметкерлердің орташа жылдық саны белгісі ғана пайдаланылады.

    Қызметтің негізгі түрі – шаруашылық жүргізуші субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі;

    Қосылқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді (тауарды және қызметті) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгіден басқа қызмет түрі.

    Әдістемелік түсіндірмелер

    Барлық ұсынылған көрсеткіштер Статистикалық бизнес-тіркелім негізінде қалыптасқан, ол заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлға филиалдары, сондай-ақ тіркеу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтиды.

    Ұсынылған кестелер тіркелген және жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік заңды тұлға филиалдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ өңірлер бөлінісі мен қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша, мөлшері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын көрсетеді.

    Қызмет түрлері қолданыстағы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес ұсынылған. Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер ең көп қосылған құн өсімін қамтамасыз ететін, негізгі қызмет бойынша есептеледі.

    Статистикалық бизнес-тіркелімде жұмыс жасайтын субъектілерге мыналар жатады:

    • дәл қазіргі уақытта экономикалық қызметті жүзеге асыратын, яғни белсенді субъектілер;
    • жаңадан тіркелген және экономикалық қызметті әлі жүзеге асырмағандар;
    • уақытша қызметін тоқтатқан субъектілер.

    «Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне» сәйкес мөлшері бойынша қызметкерлердің жалпы жылдық санына байланысты субъектілерді 3 топқа бөлу қарастырылған:

    • шағын (100 адамға дейін);
    • орта (101 ден 250 адамға дейін);
    • ірі (250 адамнан астам).

    Филиалдары бар заңды тұлғалар оның барлық филиалдарындағы қызметкерлерінің тізімдік санымен бірге есептеледі.

    Онлайн кеңесші